07.04.2005

Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдары антының мәтінін бекіту туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2011.10.11 № 162 Жарлығымен.

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдары антының мәтіні бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2005 жылғы 7 сәуірдегі 
N 1547 Жарлығымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасының әділет органдары
қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы
құрамдағы адамдарының
анты

      Мен, Қазақстан Республикасының азаматы ______________________ (тегі, аты, әкесінің аты)
      Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесіне қызметке кіре отырып:
      Қазақстан Республикасының халқы мен Президентіне адал болуға;
      Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-қимылымда заңдылық және әділдік қағидаттарын ұстануға;
      Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол бермеуге;
      өзіме жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен әрі кәсіби шеберлікпен атқаруға, Қазақстан Республикасы әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерінің абыройын қастерлеуге;
       мемлекеттік және қызметтік құпияны қатаң сақтауға серт беріп, салтанатты түрде ант етемін.
      Егер мен өзім қабылдаған антымды бұзсам, онда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікте болуға дайынмын.

      20  жылғы __________                  _______________
                                                (қолы)


Дата вступления в силу:  07.04.2005
Дата изменения акта:  11.10.2011
Дата принятия акта:  07.04.2005
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 155-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  101000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  23495
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1547
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  025002000000 / 030000000000
Форма акта:  УКАЗ
Юридическая сила:  0500
Язык акта:  kaz