"Актілер жинағында"
және республикалық
баспасөзде жариялануға
тиіс
"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес қаулы етемін:
1. Әлемдік мәдениет пен халықтар арасындағы достыққа деген құрмет сезімін қалыптастыратын терең публицистикалық шығармалары үшін, сондай-ақ дүниежүзілік музыкалық өнерді дамытуға қосқан аса көрнекті үлесі, жалпыадамзаттық руханият, бейбітшілік, гуманизм құндылықтарына негізделген белсенді артистік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 2001 жылғы Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы халық артисі Әлібек Мұсаұлы Дінішевке берілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті