Еуропа Қайта Жаңарту және Даму Банкінің Басқарушылар Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілдері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2001 жылғы 10 қыркүйек N 678. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2002.04.26. N 854 жарлығымен. ~U020854

      "Қазақстан Республикасының Европаның Жаңғырту және Даму Банкіне мүшелігі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 25 мамырдағы N 1212 U931212_ Жарлығына сәйкес қаулы етемін:
      1. Мұрат Тиышбекұлы Құдышев Қазақстан Республикасынан Еуропа Қайта

 

Жаңарту және Даму Банкі Басқарушысының орынбасары қызметінен босатылсын.

     2. "Қазақстанның Даму Банкі" жабық акционерлік қоғамының төрағасы

Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев Қазақстан Республикасынан Еуропа Қайта Жаңарту

және Даму Банкі Басқарушысының орынбасары болып тағайындалсын.

     3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

             Президенті



     Мамандар:

       Қасымбеков Б.А.

       Багарова Ж.А.