Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2001 жылғы 9 шілде N 653

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 198-бабын іске асыру мақсатында қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының

мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар 
туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29  

U990029_

  Жарлығына (Қазақстан 
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат) мынадай өзгерістер 
енгізілсін: 
     жоғарыда көрсетілген Жарлыққа 2-қосымшада: 
     "Бас прокуратура" деген жолдағы "230" деген цифр "260" деген цифрмен 
ауыстырылсын; 
     "Прокуратура органдары" деген жолдағы "4603" деген цифр "4573" 
цифрмен ауыстырылсын. 
     2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 
     
     
     Қазақстан Республикасының 
         Президенті 
     
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А.