Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 7-тармағын және 63-бабының 1-тармағын pecми түсiндiру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің 2003 жылғы 13 мамырдағы N 6 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.12.05 № 1465 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Тарифтік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы N 1691 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 50, 488-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1-тармақта:
      Тарифтік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Жұмабеков                   - Қазақстан Республикасының Әділет
Оңалсын Исламұлы              министрі;

Әбдиев                      - Қазақстан Республикасы Статистика
Қали Сейілбекұлы              жөніндегі агенттігінің төрағасы;

      көрсетілген құрамнан Георгий Владимирович Ким шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі