16.06.2000

Қазақстан Республикасы Конституциясы 26-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру туралы

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Төраға міндетін атқарушы Н.І.Өкеев, Кеңес мүшелері Ж.Д.Бұсырманов, А.Есенжанов, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов және В.Д.Шопин қатысқан құрамда, өтініш субъектісінің өкілі - Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты А.Қ.Дауылбаевтың қатысуымен, өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті бір топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясы 26-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады.
      Қолдағы бар материалдарды зерделеп шығып, баяндамашы - Конституциялық Кеңес мүшесі А.К.Котовтың баяндамасын, өтініш субъектісі өкілінің сөзін тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мынаны анықтады:
      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне 2000 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті бір топ депутаттарының мемлекеттік органдардың соттан тыс тәртіппен айыппұл түрінде өндірілетін мүлікті (ақшаны) мәжбүрлеп өндіріп алуға байланысты құқықтық қатынасқа қолданылатын Қазақстан Республикасы Конституциясы K951000_ 26-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру туралы өтініші келіп түсті.
      Қазақстан Республикасы Конституциясы 26-бабының 3-тармағын түсіндіргенде Конституциялық Кеңес мынаны негізге алады.
      Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасында меншікке заңмен кепілдік беріледі. Бұл кімді болса да мүлкінен айыруға сот шешімінен басқа ретте тек заңда көзделген жағдайларда ғана жол берілетінін білдіреді. Мүліктік құқық абсолютті болып табылмайды, өйткені Конституцияның 39-бабы 3-тармағының және азаматтық, қылмыстық немесе әкімшілік заңдарының тиісті нормалары негізінде оны шектеуге жол беріледі. Яғни айтқанда заңдармен көзделген жағдайларда нақты мүліктік құқықты шектеу азаматтық-құқықтық қатынастарда да, сондай-ақ жария-құқықтық салада да заңды.
      Бұл, мысалы, не құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен жаза түрінде тәркілеу жолымен, не мемлекет қажеті үшін реквизиция түрінде, мысалы, табиғи апат жағдайында, басқа да төтенше жағдайда соған бара-бар кейінгі өтем жолымен іске асырылуы мүмкін.
      Тәркілеудің не реквизицияның негіздемесі, шарты және тәртібі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің K941000_ 249, 253 және 254-баптарында белгіленген. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бабында меншік иесінің міндеттемелері бойынша мүлікке қолданылатын өндіріп алу жағдайларында меншік иесінің мүлкін мәжбүрлеп алу; аталған адамға заң актілері бойынша меншігі болуы мүмкін емес мүлікті (мысалы, экономикалық контрабанда объектілері; азаматтық айналымнан алып қойылған заттар және т.б.) мәжбүрлеп иеліктен айыру көзделген.
      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің K941000_ 249-бабының 1-тармағы негізінде заң актілерінде, сондай-ақ мүлікке, оның ішінде оның ақша сияқты түріне де, меншік құқығын жоюдың басқа да жағдайлары көзделуі мүмкін (ҚР АК 115-бабының 2-тармағы). Әкімшілік айыппұлды әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілік туралы заңдарда көзделген жағдайлар мен шекте ақшалай өндіріп алуға жатқызуға болады.
      Сотқа айыппұл түріндегі әкімшілік жаза туралы шешімге шағым жасалғанда, оған сот бақылауы кепілдері болған жағдайда мемлекеттік бюджеттің кірісіне айыппұл өндіріліп алынады. Шешімге шағым жасалуы оның орындалуын тоқтатады. Конституцияның K951000_ 13-бабы 2-тармағына сәйкес өзінің құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға әркімнің құқығы бар. Кінәлі субъект әкімшілік тәртіппен айыппұл салуға, мүлікке құқықты мәжбүрлеп тоқтату туралы, яғни айтқанда заңмен белгіленген ақшалай айыппұл мөлшерін белгілеуге уәкілетті органдардың іс-әрекеттеріне шағымданған жағдайда, сот шешімі шыққаннан кейін мәжбүрлеп өндіріп алуға жатады.
      Айыппұл түрінде мүлкі (ақшасы) алынып қойылатын субъект әкімшілік жауапкершілік туралы заңдардың іс жүргізу нормалары кепілдік беретін мерзім мен тәртіпте сотқа шағымданбағанда ғана әкімшілік жолмен жазалауға, оның ішінде айыппұл салуға да, құқы бар мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімі түпкілікті сипатқа ие бола алады. Құқық бұзушы субъектінің айыппұлды ерікті түрде төлеу нысаны әкімшілік мәжбүрлеу шара есебіндегі ақшалай түріндегі жазаның (айыппұл) құқықтық табиғатын өзгертуге әкеп соқпайды.
      Демек, сот шешімімен болмаса ешкімді де өз меншігінен айыруға болмайды деген конституциялық қағида әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыппұл салу туралы міндетті түрде алдын ала сот шешімі болуын көздемейді.
      Баяндалғанның және Қазақстан Республикасы Конституциясы K951000_ 72-бабының 1-тармағы 4) тармақшасының негізінде және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" U952737_ конституциялық заң күші бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 32, 33, 37 және 41-бабы 1-тармағының
2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Конституциясы K951000_ 26-бабының 3-тармағын түсіндіргенде және қолданған кезде сот шешімінен басқа тек заңда көзделген жағдайларда болмаса ешкімді де өз меншігінен айыруға болмайтынын негізге алу керек. Конституцияның 39-бабы 3-тармағына сәйкес мүліктік құқық абсолютті болып табылмайды және азаматтық-құқықтық қатынастар саласында да, жария-құқықтық салада да шектелуі ықтимал.
      Қазақстан Республикасы Конституциясы 26-бабы 3-тармағының "сот шешімінсіз ешкімді де өз меншігінен айыруға болмайды" деген нормасын бұл қағида әкімшілік мәжбүрлеу шарасы ретінде айыппұл салу туралы барлық жағдайда алдын ала сот шешімі болуын талап етпейді деп түсіну керек.
      Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәлі адам, Конституция мен әкімшілік жауапкершілік туралы заңдардың іс жүргізу нормаларының өзіне кепілдік беретініне қарамастан, ақшалай айыппұл түрінде әкімшілік жаза тартқызу туралы уәкілетті органның шешімінің заңдылығы мен негізділігіне сотқа шағымданбаған жағдайлар Қазақстан Республикасы Конституциясы K951000_ 26-бабының 3-тармағына қайшы келмейді. Сол сияқты уәкілетті органға да осы әкімшілік мәжбүрлеу шарасын орындаудан жалтарып жүрген адамға салынған айыппұлды сот арқылы төлетуге заң жолымен мүмкіндік берілген.
      2. Қазақстан Республикасы Конституциясы K951000_ 74-бабының

3-тармағына сәйкес, осы қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді, 
Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып 
табылады және Қазақстан Республикасы Конституциясы 73-бабының 4-тармағында 
көзделген жағдайларды ескере отырып, шағымдануға жатпайды. 
     3. Осы қаулы қазақ және орыс тілдерінде республикалық ресми баспасөз 
басылымдарында жариялансын. 
     
     
     Қазақстан Республикасы 
     Конституциялық Кеңесі 
     Төрағасының міндетін 
     атқарушы 
     
     
     
     Мамандар: 
     Қасымбеков Б.А.
     Орынбекова Д.Қ.
      
      



Дата изменения акта:  16.06.2000
Дата принятия акта:  16.06.2000
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  106000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  6183
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  6_2
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  001001000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  0200
Язык акта:  kaz