Дизель отыны мен бензин босату туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 26 тамыз N 404

      "1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл жоспары және 1996 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi шараларының кең ауқымды жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 16 қаңтардағы N 56 қаулысын орындау үшiн /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 3, 17-бап/ Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi 1996-1997 жылдары мемлекетаралық және республикаiшiлiк қатынастарда темiр жол жүктерiн тасымалдауға арналған бiрыңғай тарифтерге кезең-кезеңмен өтудi қамтамасыз етсiн.
      Республикаiшiлiк қатынастардағы темiр жол жүктерiн тасымалдауға арналған тарифтер:
      I кезең : 1996 жылғы 1 қазаннан бастап - 9 процентке;
      II кезең : 1997 жылғы 1 қаңтардан бастап - 9 процентке;
      III кезең : 1997 жылғы 1 сәуiрден бастап - 9 процентке;
      IҮ кезең : 1997 жылғы 1 шiлдеден бастап - 7 процентке;
      Ү кезең : 1997 жылғы 1 қазаннан бастап - 8 процентке өсiрiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi