АLEM BANK KAZAKSTAN-ға өкiлеттiк беру туралы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРIНIҢ ӨКIМI 13 мамыр 1994 ж. N 195-ө

      КСРО Сыртэкономбанкiнiң есепшотындағы валюталық қаражатты қайтару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру мақсатында ALEM BANK КАZАКНSТАN-ға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң агентi ретiнде олардың өтiнiшi бойынша Мәскеу қаласындағы КСРО Сыртэкономбанкiнiң шетел валютасындағы ағымдағы есепшотынан Қазақстан Республикасы жеке адамдар-резиденттерiнiң қаражатын аудару жөнiндегi операциялар жасауға өкiлеттiлiк табыс етiлсiн.
      Қаражатты республикаға аудару шетел банктерiнiң бiрiнiң корреспонденттiк есепшоттары арқылы жүзеге асырылсын, келiп түскен валюталық қаражат сомасы туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне тоқсан сайын хабарланып отырсын.

      Премьер-министр