Ресей Федерациясымен экономикалық қатынастарды ұлғайту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 1993 жылғы 5 наурыздағы N 60

      Ресей Федерациясымен экономикалық қатынастарды ұлғайту, оның Солтүстiк-Батыс аймағымен /Санкт-Петербург қаласы/ iскерлiк байланыстарды дамыту және республиканың нарығын халық тұтынатын тауарлармен, азық-түлiкпен, материалдық-техникалық ресурстармен молықтыру мақсатында:
      1. Алматы облысы әкiмiнiң, Санкт Петербург қаласы мэриясының, Қазақстанның "Әлем" халықаралық iскерлiк және мәдени ынтымақтастық қауымдастығының Алматы мен Санкт Петербург қалаларында "Қазақстан-Санкт-Петербург сауда үйi" Қазақстан-Ресей бiрлескен кәсiпорнын құру жөнiндегi бастамасына мақұлдау бiлдiрiлсiн.
      2. Сауда үйiнiң негiзгi функциялары өзара халық тұтынатын тауарлар берiп тұруды ұйымдастыру, бiрлескен инвестициялық және коммерциялық жобаларды үйлестiру, тұрмыс қажетiн өтеу, қоғамдық тамақтану, демалыс, денсаулық сақтау мен байланыс саласында ұйымдарға, кәсiпорындарға және азаматтарға қызмет көрсететiн фирмалық дүкендер мен басқа да мамандандырылған кәсiпорындар құру, негiзгi қызметiне байланысты өзге де жұмыстар мен қызметтердi атқару екенi еске алынсын.
      3. Қазақстан Республикасының Байланысминi Сауда үйiнiң өтiнiмдерi бойынша телекс, телефакс және басқа байланыс құралдары орнатылуын қамтамасыз етсiн.
      4. Алматы облысының әкiмi Сауда үйiне қажеттi өндiрiстiк және қызметтiк үй-жайлар бөлуде көмек көрсетсiн.
      5. Сауда үйiне осы мекеменiң және оның қарамағындағы бөлiмшелердiң делегациялары мен мамандарының шет елдерге қызмет бабындағы iссапарға шығуы туралы белгiленген тәртiппен шешiм қабылдауына рұқсат етiлсiн.
      6. Министрлiктер, ведомстволар, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi Сауда үйiнiң нақты қызметiне жәрдемдесiп отыратын болсын.

      Премьер-министр