Тұрғын үйлерді Алматы қалалық әкiмшiлiгiнiң балансына беру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң Өкiмi 23 қыркүйек 1992 ж. N 277

      1. Пайдалануға берiлген тұрғын үйлер Қазақстан Республикасы Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Шаруашылық Басқармасының балансынан Алматы қалалық әкiмшiлiгiнiң балансына берiлсiн:
      - Сейфуллин даңғылындағы 36 пәтерлi N 546 үй;
      - Фурманов көшесiндегi 20 пәтерлi N 231 үй;
      - "Ақсай-3 А" шағын ауданындағы 52 пәтерлi N 80 үй.
      2. Жоғарыда аталған үйлерде қайта қоныстандыру хұқығы Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының ШБ-да сақталсын.

      Премьер-министр