"Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 145-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген өкімге қосымшада:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі, төрағаның орынбасары";
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі" деген жол алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Әділет министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрі";
"Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының президенті (келісу бойынша);" деген жол алып тасталсын.
Премьер-Министр | О. Бектенов |