"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 90-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген өкімге 6-қосымшада:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі";
"Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі";
"Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі".
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |