"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 90-ө өкіміне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген өкімге 6-қосымшада:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы (келісім бойынша)";
"Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі".
Премьер-Министр | А. Мамин |