«Алматы қаласында 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиаданы дайындау мен өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 86-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Алматы қаласында 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиаданы дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Алматы қаласының әкімі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының студенттік спорт федерациясының президенті, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаментінің директоры, хатшы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі
Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-
министрі
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары
Алматы қаласы әкімінің орынбасары
Алматы қаласы әкімінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті (келісім бойынша)
Алматы облысы өңірінің жоғары оқу орындары ректорлары кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ректоры».
Премьер-Министр К. Мәсімов