"Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан - 2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру бойынша "Bnew

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 41-ө Өкімі

      Ескерту. Мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2014 № 9 қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 04.07.2014 № 297 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 8-бабына және 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес және Қарасу ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Тұрғындарының саны 50 адамнан кем Қарасу ауданы Жамбыл ауылдық округінің Западное ауылы таратылсын.
      2. Таратылған Западное ауылы Қарасу ауданы Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл ауылының құрамына енгізілсін.
      3. Жамбыл ауылдық округі Қарасу ауданының Жамбыл ауылы болып қайта құрылсын.
      4. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қостанай облысының әкімі
_______________ Н. Садуақасов

Сессия төрағасы
________________ А. Сергеев


Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
_______________ С. Ещанов