Нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу жөніндегі жұмысты жүйелеу бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 110-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 18-ө өкімімен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 10.03.2015 № 18-ө өкімімен.

      1. Қоса беріліп отырған Нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу жөніндегі жұмысты жүйелеу бойынша іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Іс-шаралар жоспарының тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2011 жылғы 24 тамыздағы
№ 110-ө өкімімен  
бекітілген     

Нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу жөніндегі
жұмысты жүйелеу бойынша іс-шаралар жоспары 

Іс-шара

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу қағидасын қабылдау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Әділетмині

2011 жылғы тамыз

2.

Нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізудің әдістемелік ұсынымдарын әзірлеу және бекіту

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині,  өзге де орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

2011 жылғы қазан

3.

Мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне нормативтік құқықтық актілерге құқықтық  мониторингті жүзеге асырудың жаңа ережесін түсіндіру жөнінде семинар-кеңес өткізу

Семинар-кеңес

Әділетмині

2011 жылғы қараша

4.

Нормативтік құқықтық актілердің тіркеліміне сәйкес қабылдануының хронологиялық тәртібімен оларға қатысты мониторинг жүргізілетін актілер тізбесінің, сондай-ақ  Нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу кестесінің, Әділет минінде ай сайынғы жіктеумен, уақытында жіберілуін қамтамасыз ету

Әділетминіне, ӘД-не ақпарат

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

Жыл сайын, 15 қаңтар және 15 шілде

5.

Нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгізілгеннен кейін Нормативтік құқықтық актілердің тіркеліміне мәліметтердің уақтылы енгізілуін қамтамасыз ету

Әділетминіне, ӘД-не ақпарат

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

Жыл сайын, 15 қаңтар және 15 шілде

6.

Мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторингті жүзеге асыру тәртібін түсіндіру жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізу 

ПМК-не ақпарат

Әділетмині

Жыл сайын, сәуір, қараша

7.

Нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторингті жүзеге асыруға талдау жүргізу

ПМК-не ақпарат

Әділетмині

2012 жылғы қаңтар

8.

Нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторингті жетілдіру жөнінде ұсыныстарды ұсыну

ПМК-не ұсыныс

Әділетмині

2012 жылғы қыркүйек

9.

Мониторингке жататын нормативтік құқықтық актілердің бірыңғай тіркелімін, жауапты мемлекеттік органдарды бекіте отырып, қалыптастыру

ПМК-не ақпарат

Әділетмині, өзге де орталық және жергілікті мемлекеттік органдар 

2012 жылғы 1-тоқсан

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ПМК – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
ӘД – Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әділет департаменттері