Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне ақпараттық материалдар ұсынудың кестесiн бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 228-ө өкімі. (Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі N 82-ө Өкімімен)

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 25 тамыздағы N 188 өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген 2003 жылғы 7 тамыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінің N 01-8.8 хаттамасын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-шаралар жоспарында "Орындалуына жауаптылар" деген бағандағы реттік нөмірі 4-жолда "Қ.Ш.Сүлейменов" деген сөз "З.Қ.Тұрысбеков" деген сөзбен ауыстырылсын.

      Премьер-Министр