Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 19 шілдедегі N 150 өкіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі N 156-ө өкімі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 12 қыркүйектегі N 996  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 30, 330-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 2-тармақтағы "төрт" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі туралы ережеде:
      "Министрліктің қызметін ұйымдастыру" деген 4-тараудың 15-тармағының екінші абзацындағы "төрт" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі