29.06.1999

Жылжымалы мүлiк кепiлi бойынша ақпараттық қызметтер көрсету үшiн ақы алудың мөлшерi мен тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.07.2015 № 591 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

        Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.04.27.   N 394 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз).

      Қазақстан Республикасының "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы"  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған Жылжымалы мүлiк кепiлi бойынша ақпараттық қызметтер көрсету үшін ақы алудың мөлшері мен тәртібі туралы ереже бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.27.  N 394 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз).
       2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.      

    Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы        
Үкіметінің              
1999 жылғы 29 маусымдағы      
         N 888 қаулысымен бекітілген     

  Жылжымалы мүлiк кепiлi бойынша ақпараттық қызметтер көрсету үшiн ақы алудың мөлшерi мен тәртiбi туралы ереже

       Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.04.27.  N 394 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз).

  1. Жалпы ережелер

       1. Осы ереже "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы N 254-1 Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті Жылжымалы мүлік жөніндегі орталығының (бұдан әрі тіркеуші орган) жылжымалы мүлік кепiлi бойынша  ақпараттық көмек көрсету үшін ақы алуының мөлшері мен тәртібін айқындайды.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.27.  N 394 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз), 2008.03.28  N 300 (қолданысқа енгізілу тәртібін  5-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

    2. Төлеушілер

       2. Ақпараттық қызметтер көрсеткені, соның iшiнде жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктi бергенi, жылжымалы мүлiк кепiлiн  тiркеу тiзілiмiнен  үзiндi көшiрме бергенi, сондай-ақ өтiнiш берушінің кiнәсiнен жiберiлген тiркеу құжаттарындағы қателердi түзеткені үшiн ақыны көрсетiлген іс-әрекет мүддесi үшiн жасалатын заңды және жеке тұлғалар енгiзеді. 
       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.04.27.  N 394 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз).

    3. Ақы енгізуден босату

       3. Олардың іс жүргізуіндегі істер бойынша прокуратура органдарының, соттардың, анықтау және тергеу органдарының, сондай-ақ жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасының заң актілерінде кепілдің тізіліміне көшірмені тегін алу құқығы берілген басқа да тұлғалардың сұрау салуы бойынша кепілдің тізілімінен көшірме ақы алынбастан беріледі. 

  4. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу және ақпараттық қызметтер
көрсету үшін ақының мөлшері

       Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.04.27.  N 394 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз).

       4. Жеке және заңды тұлғалардан ақпараттық қызметтер ұсыну үшiн, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң кiнәсiнен жiберілген тiркеу құжаттарындағы қателердi түзеткені үшін алынатын ақы Қазақстан Республикасында ақы төлеу күнi қолданылған айлық есептiк көрсеткiштi ескере отырып жарты айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде есептеледі.
       Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.04.27.  N 394 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз).
      4-1. Осы Ереженiң 3-тармағында айқындалған жағдайларды қоспағанда, ақы алмастан ақпараттық қызметтер көрсетуге тыйым салынады.
      Ескерту. 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.27.  N 394 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз).

         5. Жылжымалы мүлiк кепiлi бойынша ақпараттық қызметтер көрсету үшiн үшін ақы енгізудің 
тәртібі мен мерзімдері

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.27.  N 394 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз).

      5. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу үшін ақы 50 проценті мөлшерінде жергілікті бюджеттің кірісіне, 50 проценті тіркеуші органның есеп шотына аударылады; ақпараттық қызметтер көрсету үшін ақы өтініш берілгенге дейін тіркеуші органның есеп шотына аударылады.
      5-1.  (алынып тасталды)
       Ескерту. 5-1-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.04.27.  N 394 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз).
      6. Тiркеушi органға түбіртек немесе ақпараттық қызмет көрсету үшiн, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң кiнәсiнен жiберiлген тiркеу құжаттарындағы қателердi түзеткені үшiн ақы енгізілгені туралы төлем құжатының көшiрмесi ұсынылады. 
       Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.04.27.  N 394 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз).
      7.  Ескерту.   7-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.04.27.  N 394 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз).


Дата вступления в силу:  29.06.1999
Дата изменения акта:  27.07.2015
Дата принятия акта:  29.06.1999
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 29, 286-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  3398
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  888
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  026007000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz