2003 жылдың Азия Даму Банкінің 36-шы жылдық кездесуін өткізуге Алматы қаласын ұсыну туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 24 мамыр N  631

      Қазақстан Республикасының сыртқы саяси және инвестициялық имиджін нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігінің 2003 жылы Азия Даму Банкінің 36-шы жылдық кездесуін өткізуге Алматы қаласын ұсыну туралы ұсынысы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігін Азия Даму Банкінің 36-шы жылдық кездесуін 2003 жылы Алматы қаласында өткізу жөнінде Азия Даму Банкіне ресми сұрау салсын және онымен қажетті жұмысты ұйымдастырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ораз Әлиұлы Жандосовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Оқығандар:
      Қобдалиева Н.
      Омарбекова А.