Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Сырттан қарыз алу жөніндегі комитетінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 14 мамыр N 574. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.30. N 1494 қаулысымен. ~P991494

      Мемлекеттің құқықтық жүйесін одан әрі дәйекті түрде реформалау және құқықтық реформа жүргізуді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкінің арасында Заем туралы келісім (Құқықтық реформаның жобасы) жасасу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасымен Халықаралық қайта
жаңарту және Даму Банкінің арасында Заем туралы
келісім (Құқықтық реформаның жобасы) жасасу туралы

      Мемлекеттің құқықтық жүйесін одан әрі дәйекті түрде реформалау және құқықтық реформа жүргізуді қолдау мақсатында қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкінің арасында Заем туралы келісім (Құқықтық реформаның жобасы) жасалсын.
      2. Қазақстан Республикасының Әділет министрі Бауыржан Әлімұлы Мұхамеджановқа Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкінің арасында Заем туралы келісім (Құқықтық реформаның жобасы) жасасуға өкілеттік берілсін.
      3. Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрі Бауыржан Әлімұлы Мұхамеджановтың Өкілеттік сертификатын ресімдесін.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

      Оқығандар:
      Қобдалиева Н.
      Омарбекова А.