Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 29.06.2017 № 5 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылына байланысты рақымшылық жасау туралы" Z990415_ Заңын қолдану кезінде сот тәжірибесінде туындайтын кейбір мәселелерге байланысты, Жоғарғы Сот Пленумы
қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі "Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылына рақымшылық жасау туралы" Z990415_ Заңын қолдану және осы Заңда көрсетілген мерзімдерді есептеу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1999 жылғы 29 қазандағы N 20\2 S990020_ қаулысындағы Қазақстан Республикасы Конституциясының К951000_ 62-бап 2-тармағына берілген ресми түсіндірмені басшылыққа алған жөн. Оған сәйкес жоғарыда аталған рақымшылық жасау актісі оған Қазақстан Республикасы Президенті қол қойған күннен бастап, яғни 1999 жылғы 13 шілдеден бастап заңды күшіне енеді.
2. Есі кіресілі-шығасылы күйде қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттерді жасаған адамдар қылмыс жасағаны үшін кінәлі және сотталған болып саналмайды, ал оларға немесе қылмыс жасағаннан кейін психикалық сырқатқа душар болған адамдарға қолданылған медициналық мәжбүрлеу шаралары қылмыстық жаза болып табылмайды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі "Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылына рақымшылық жасау туралы" Z990415_ Заңының күші аталған адамдарға мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде қолданылмайды.
3. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі "Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылына рақымшылық жасау туралы" Z990415_ Заңының 3 және 4 баптары қолданылатын, бірінші рет бас бостандығынан айырылып сотталған адамдар деп бұрын бас бостандығынан айырылып сотталған, бірақ соттылығы өтелген немесе заңмен белгіленген тәртіпте алынып тасталған адамдарды, сондай-ақ кері күші бар жаңа қылмыстық заң бойынша қылмыстық емес болып танылған әрекеттер үшін бас бостандығынан айырылып, соттылығы алынып тасталмаған немесе өтелмеген адамдарды да таныған жөн.
4. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі "Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылына рақымшылық жасау туралы" Z990415_ Заңының 19-бабының 3-тармағын қолданған кезде жаңа қылмыстық заңмен қылмыстық емес болып танылған әрекеттер үшін сотталған адамға бұрын қолданылған рақымшылық немесе кешірім актісі ескерілмеуі тиіс.
5. Бас бостандығынан шартты түрде айырылып сотталған адамдарды (Қаз КСР ҚК-нің 40-бабын немесе ҚР ҚК-нің 63-бабын қолдану арқылы) сынақ мерзімі кезінде жазасын өтеп жатқан адам деп тануға болмайды. Осыған байланысты, бұндай адамдарға рақымшылық қолданған кезде Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі "Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылына рақымшылық жасау туралы" Z990415_ Заңының 19-бабының 4-тармағында көрсетілген шектеулер тек осы Заң күшіне енген күнге дейін шартты соттылықты бұзу және сот үкімі бойынша тағайындалған жазаны орындау туралы сот қаулылары шыққан шартты сотталғандарға ғана қолданылатынын ескерген жөн.
Егер шартты сотталған адам сынақ мерзімі кезінде және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі "Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылына рақымшылық жасау туралы" Z990415_ Заңы күшіне енген күнге дейін жаңа қылмыс жасап қойған жағдайда, мұндай адамға рақымшылық актісі - ол жөнінде сот әуелі ҚР ҚК-нің 64-бап 4 және 5-тармақтарында көрсетілген талаптарды орындағаннан кейін, жалпы негізде, екінші рет және үкімдердің жиынтығы бойынша сотталып жатқан адам деп қолданылады.
6. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі "Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылына рақымшылық жасау туралы" Z990415_ Заңының 1-бап 9-тармағында көрсетілген және Денсаулық министрлігінің 1993 жылғы 1 қазандағы бұйрығында көзделген диспансерлік есептегі туберкулез ауруларының бірінші тобының А және Б топшасы мен бес тобының А топшасы клиникалық топтастыру бойынша Денсаулық, білім және спорт министрлігінің 1998 жылғы 11 қарашадағы бұйрығында көрсетілген, оған 1, 2, 3, 4 емдеу санатындағы аурулары кіргізілген, диспансерлік есептегі туберкулез ауруларының бірінші тобына тең екендігі түсіндірілсін.
7. Қылмыстық ізге түсу органдары (прокурор, тергеуші, анықтау органы және анықтаушы) рақымшылық жасау актісіне байланысты қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын мән-жағдайларды анықтаған кезде, ҚР ҚІЖК-нің 37-бап 4 және 5 тармақтарының талаптарына сай қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы немесе қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыны кез келген сатыда шығаруға құқылы. Мұндайда істі ҚІЖК-нің 52-бап 2-тармағының талаптарына сай қылмыстық істі қысқарту алдында айыпталушы (сезікті) адамға оның осы негіздер бойынша істі тоқтатуға қарсылық білдіру туралы құқықтары түсіндірілуі тиіс. Қылмыстық ізге түсу органдарының рақымшылық жасау актісіне байланысты қылмыстық істі қысқарту туралы қаулысы жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға жіберілуі тиіс.
Сот алдын ала тыңдау, сондай-ақ басты сот талқылауы барысында рақымшылық жасау актісіне байланысты істі қысқарту туралы шешім қабылдауға құқылы. Істі қысқарту туралы сот шешімі қаулы ретінде рәсімделеді.
Айыпталушы істі қысқартуға қарсы болған жағдайда сот басты сот талқылауын тағайындауға немесе аяғына дейін жеткізуге міндетті. Сотталушыны ақтау үшін негіз болмаған жағдайда сот кінәлі адамға жаза тағайындап және рақымшылық жасау актісінің тиісті бабына сілтеме жасап, оны осы жазадан босату туралы айыптау үкімін шығарады.
8. Егер Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі "Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылына рақымшылық жасау туралы" Z990415_ Заңының тиісті баптарын қолдану істі қысқартуға емес, жазаны азайтуға әкеліп соқтырса, басты сот талқылауы міндетті түрде жүргізіледі. Мұндайда сот, түпкілікті жазаны тағайындағаннан кейін, айыптау үкімінде Заңның тиісті бабына сілтеме жасап, жаза мерзімінің белгілі бір бөлігін қысқартып, орындалуға жататын түпкілікті жазаны көрсетуі қажет.
9. Рақымшылық актісіне байланысты қылмыстық іс қысқартылған кезде, қылмыстық процессті жүргізуші орган ҚР ҚІЖК-нің 169-бап 5-тармағының, 269-бап 7-тармағының және 307-бабының талаптарына сәйкес басқа да мәселелермен қатар, ҚР ҚІЖК-нің 121-бап 3-тармағының ережелері бойынша заттай дәлелдердің мәселесін шешуі, сондай-ақ азаматтық арызды (мүлікті қамауға алуды) қамтамасыз ету шараларын бұзу туралы және азаматтық арызды қараусыз қалдыру туралы шешімдер қабылдауы тиіс.
10. Жоғары сатыдағы соттар бірінші сатыдағы соттардың үкімдері мен қаулыларына келтірілген апелляциялық, кассациялық, қадағалау арыздарын және наразылықтарды қарап, рақымшылық актісіне байланысты іс жөніндегі өндірісті қысқартуға әкеліп соқтыратын мән-жағдайларды анықтаған жағдайда, ҚР ҚІЖК-нің 37-бап 4-бөлігінің талаптарын сақтай отырып, егер бірінші сатыдағы сот заң талаптарына қарамастан істі қысқартпаған жағдайда, үкімді бұзу және істі қысқарту туралы қаулыны шығаруы тиіс. Басқа жағдайларда аталған сот сатылары Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі "Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылына рақымшылық жасау туралы" Z990415_ Заңын қолданған кезде адамды жазадан босату немесе орындалуға жататын нақты мерзімді көрсетіп, жаза мерзімін азайту туралы өзгерістерді үкімге енгізуі тиіс.
11. Егер төменгі сатыдағы сот істі қараған кезде қылмысты дұрыс дәрежелемеу немесе басқа себептер нәтижесінде Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі "Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылына рақымшылық жасау туралы" Z990415_ Заңын қолданбаған жағдайда, соттың бұндай қателігі ҚІЖК-да көрсетілген тәртіпте түзетіле алады. Егер қылмысты қайта дәрежелеу нәтижесінде рақымшылық қолдану үшін негіздер туындаса, ол Заңның 38-бабында көрсетілген алты ай мерзімі өтіп кеткеннен кейін де қолданыла алады.
12. Егер бірінші сатыдағы сот рақымшылықты қолдану мүмкіндігін
талқыламаса, рақымшылық қолдану мәселесі ҚР ҚІЖК-нің 453-455 баптарында
көрсетілген тәртіпте шешілуі мүмкін.
Сот ҚР ҚІЖК-нің 453-бап 10-тармағына сәйкес үкімдері заң күшіне
енген, бірақ әлі орындалмаған (орындалу үшін тиісті органдарға
жіберілмеген) сотталушыларға да Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13
шілдедегі "Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылына рақымшылық жасау
туралы"
Заңын қолдануға құқылы.
Осы қаулы жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы,
Пленум хатшысы
Оқығандар:
Қасымбеков Б.А.
Икебаева Ә.Ж.