31.03.1998

Қазақ ұлттық музыка академиясын ашу туралы

      Дарынды жастардың қатарынан музыка өнерi саласында мамандарды үздiксiз даярлауды одан әрi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақ ұлттық музыка академиясы құрылсын.
      2. Қазақ ұлттық музыка академиясының мекен-жайы Ақмола қаласы болады деп белгiленсiн.
      3. Ақмола өнер колледжi мен П.И.Чайковский атындағы N 1 музыка мектебi Қазақ ұлттық музыка академиясына қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi белгiленген тәртiппен П.И.Чайковский атындағы N 1 музыка мектебiнiң ғимараттарын, Ақмола өнер колледжiнiң оқу корпусы мен жатақханасын Қазақ ұлттық музыка академиясына берудi жүзеге асырсын.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң шығыстарында Қазақ ұлттық музыка академиясын қаржыландыруды көздесiн;
      1998 жылы музыкалық аспаптар, оқу құралдары мен әдебиеттер, компьютерлiк техника алуға Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiне 04 "Бiлiм" функционалды тобы бойынша дарынды балаларды мемлекеттiк қолдауға көзделген қаражат шегiнде 100 мың АҚШ долларына баламды сомада қаражат бөлсiн.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкiметiнiң 29.12.2007 N 1400 (01.01.2008 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi:
      белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң 1999-2001 жылдары Қазақ ұлттық музыка академиясының Үлкен Концерт залының, 100 орындық қонақүй үлгiсiндегi жатақхананың құрылысы, оқу корпустары мен студенттiк жатақханаларды қата жаңарту және күрделi жөндеуден өткiзу жөнiндегi ұсыныстарды қарасын;
      студенттердi оқыту, оқытушылардың тағлымдамасы мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру, музыка өнерi саласында халықаралық конкурстарға қатысуын қаржыландыру үшiн техникалық көмектi тартудың мүмкiндiгiн қарасын.
      7. Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi:
      Қазақ ұлттық музыка академиясының профессор-оқытушылар құрамының санын белгiлеген кезде бейiндiк мамандықтар бойынша 3,5 студентке 1 оқытушы және 5 оқушыға 1 оқытушы есебiндегi нормативтi басшылыққа алсын;
      Қазақ ұлттық музыка академиясының құрылымын, мамандықтарының тiзбесiн және штат санын белгiлеп, оны материалдық-техникалық жағынан жарақтауға және кадр әлеуетiн күшейтуге көмек көрсетсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi


Дата вступления в силу:  31.03.1998
Дата изменения акта:  29.12.2007
Дата принятия акта:  31.03.1998
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  269
Статус акта:  upd
Сфера правоотношений:  005004001000 / 021007000000 / 023003000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz