"Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi Шаруашылық басқармасының "Iскер" Халықаралық ынтымақтастық орталығы" Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 17 қыркүйек N 1127

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi Шаруашылық басқармасының "Iскер" Халықаралық ынтымақтастық орталығы" Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 20 маусымдағы N 766 P960766_ қаулысы қайта күшiне енгiзiлсiн және ол 1996 жылғы 20 маусымнан күшiне ендi деп саналсын.
      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 20 маусымдағы N 766 қаулысының күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 9 қыркүйектегi N 1098 қаулысының 1-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi