Ғылым және технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Израиль Мемлекетi Үкiметiнiң арасындағы Келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 ақпандағы N 253 Қаулысы

      Экологиялық тепе-теңдiктi қалпына келтiру, жабайы жануарларды тиiмдi пайдалану және қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi жануарлар дүниесiн пайдалануға шарттар жасау жөнiндегi Қазақстан-Сауд Арабиясы халықаралық "КазСАЭФ" экологиялық қорының /бұдан әрi Қор/ ұсынысын қарайтын болсын.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы Экология және биоресурстар министрлiгiмен бiрлесе отырып екi ай мерзiмде республикадағы жануарлар дүниесiн қорғау мен жетiлдiру бойынша жұмыстарды жүргiзуге Қорды тарту жөнiндегi шараларды әзiрлесiн.

      3. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен басқа да орталық атақарушы органдар, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi Қордың қалыптасып, дамуына, жабайы жануарларды қорғауды ұйымдастыруға қажеттi шаралар қабылдауға жәрдем көрсетсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын бекiтетiн лимиттер мен квоталар шегiнде белгiленген тәртiппен жануарлар дүниесiн пайдалануға Қорға рұқсат беру жөнiндегi мәселенi шешетiн болсын.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi