Ислам даму банкiнiң Құрылтайшы шартына қосылу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 23 ақпан N 238. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.04.05. N 404 қаулысымен. ~P020404

      Қазақ акционерлiк агроөнеркәсiп банкiнiң қызметiн сауықтыру жөнiндегi шаралардың аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақ акционерлiк агроөнеркәсiп банкiн сауықтыру аяқталсын.
      2. "Қазақ акционерлiк коммерциялық агроөнеркәсiп банкiн санациялау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 29 шiлдедегi N 851 қаулысының /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 32, 357-бап/ күшi жойылған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi