Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң мәселелерi<*>

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 19 желтоқсан N 1820. Қосымшалар берiлмейдi. 2, 4, 5, 6-тармақтар күшiн жойды - ҚР Үкiметiнiң 1996.12.13. N 1536 қаулысымен. ~P961536 1, 3, 8, 14, 17-тармақтар күшiн жойды - ҚР Үкiметiнiң 1997.07.07. N 1068 қаулысымен. ~P971068

      "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының құрылымын жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылдың 19 қазандағы N 2541 U952541_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      7. Облыстардың әкiмдерiне селолық аудандар мен елдi мекендерде жергiлiктi бюджет есебiнен, соның iшiнде селолық аудандарда таратылған азаматтық қорғаныс штабтарының саны есебiнен төтенше жағдайлар жөнiндегi қызметкерлердiң штаттық лауазымдарын қарастыру ұсынылсын.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1991 жылдың 5 қаңтарындағы N 191 өкiмiне сәйкес Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының аппараттарында, кәсiпорындар мен ұйымдарда азаматтық қорғаныс қызметтерi (бөлiмдерi) сақталсын.
      Аталған бөлiмдердi әдiстемелiк басқаруды Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитет жүзеге асырады деп белгiленсiн.
      9. Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитет - таратылған бұрынғы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы мен Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысы штабының құқықтық мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн.
      10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мына мекен-жай бойынша: Алматы қаласының Байзақов көшесiндегi 300-үйдi (ондағы жабдықтарды, байланыс құралдарын, есептеу техникасын және өзге де мүлiктi) Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабына, облыстық, қалалық, аудандық азаматтық қорғаныс штабтарына, оларға ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың бұрын қарамағында болған үйлер мен ғимараттарды Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитеттiң жедел басқаруына берудi белгiленген тәртiппен ресiмдесiн.
      Төтенше жағдайлар жөнiндегi республикалық шұғыл құтқару жасағының мүлкiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк пен штаттық лауазымдар саны, сондай-ақ бұрын Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс штабын ведомстволық бағыныста болған әскери бөлiмдер мен ұйымдар, қызметкерлер құрамы мен қару-жарақ, техниканы қоса алғанда, комитетке берiлсiн.
      11. Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының Өндiрiстiк пайдалану бiрлестiгi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы пайдаланған байланыс құралдарын, есептеу техникалары мен ұйымдастыру техникаларын, басқа да жабдықтарды Төтенше жағдай жөнiндегi комитеттiң балансына берсiн.
      12. Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитет қызметiмен байланысты және республиканың мемлекеттiк мұқтаждары тiзбесiне енгiзiлген өнiмдерге, жұмыс пен көрсетiлетiн қызметтерге мемлекеттiк тапсырыс берушi болып белгiленсiн.
      Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi 1996 жылдан бастап Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитет үшiн арнайы техника, қару-жарақ пен материалдық-техникалық құралдар берiлуiн мемлекеттiк қорғаныс тапсырмасының құрамына енгiзсiн.
      13. Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиядан Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитеттiң орталық аппаратына ауысқан қызметкерлердiң осы лауазымы бойынша жұмыс iстеген кезеңiнде бұрынғы iстеген жұмыс орнынан кем түспейiн лауазымдық жалақысы мен Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының қызметкерлерi үшiн қарастырылған медициналық қызмет көрсетiлу жағдайы сақталсын.
      15. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi:
      Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитеттiң өтiнiшi бойынша төтенше жағдайлардың алдын-алу мен жою үшiн қажеттi арнайы құрылымдарды, топтар мен жүктердi осындай мақсаттарға бөлiнген қаражат есебiнен зардап шеккен аудандарға апаруы мен қайтып келуiн бiрiншi кезекте қамтамасыз етсiн;
      Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiн үкiметтiк байланыс арналарымен, сондай-ақ қажеттi мөлшерде телефон, телекс, телефакс, соның iшiнде халықаралық байланысымен бiр айлық мерзiмде қамтамасыз етсiн.
      Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетке авариялық-құтқару, авариялық-қалпына келтiру және басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу кезiнде байланыс жасап, хабар беру үшiн байланыс пен хабар таратудың мемлекеттiк жүйелерiн, ведомстволық тораптарын басымдылық пайдалануға рұқсат берiлсiн.
      16. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң жанындағы Радиожиiлiк жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитеттiң өтiнiшiмен республиканың барлық аумағына тұтас тарайтын радиожиiлiк белдеулiктерiн бiр ай мерзiм iшiнде берсiн.
      18. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылдың 26 қарашадағы N 1193 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 46, 556-бап);
      "Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 2 қыркүйектегi N 783 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 35, 528-бап);
      "Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысын туралы"

Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 2
қыркүйектегi N 733 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж;
N 35, 528-бап);
     "Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысын жетiлдiру
жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi
1994 жылғы 16 наурыздағы N 275  

P940275_

  қаулысының 1-тармағындағы
үшiншi абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 14,
133-бап).

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi

                                        Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                      1995 жылғы 19 желтоқсандағы
                                          N 1820 қаулысымен
                                           БЕКIТIЛГЕН

        Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi
                     мемлекеттiк комитетi туралы

                                ЕРЕЖЕ

                         I. Негiзгi ережелер



      1. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (ТЖМК) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымына енедi және халық пен аумақтарды авариялардан, апаттар мен табиғи зiлзалалардан қорғау, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою, сондай-ақ елдiң азаматтық қорғанысы мәселелерi бойынша мемлекеттiк саясатты жүзеге асырады.
      2. ТЖМК өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары мен өкiмдерiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн, ТЖМК құзырына кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. ТЖМК өз қызметiн Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен, Iшкi iстер министрлiгiмен, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен, Қазақстан Республикасының Республикалық Ұланымен, республиканың басқа да министрлiктерiмен, мемлекеттiк комитеттерiмен, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына енбейтiн орталық атқарушы органдармен және Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимылда жүзеге асырады.

                 II. Негiзгi мiндеттерi мен функциялары

      4. ТЖМК-нiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      халық пен аумақтарды авариялардан, апаттар мен табиғи зiлзалалардан қорғау, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою, сондай-ақ елдiң азаматтық қорғанысы саласында ұсыныстар әзiрлеу және мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;
      Төтенше жағдайлар кезiнде алдын алу мен iс-қимыл жасаудың мемлекеттiң жүйесiнiң жұмыс iстейтiн және одан әрi жетiлдiрiлуiн қамтамасыз ету;
      министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, басқа да орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың (бұдан әрi - кәсiпорындар мен ұйымдар) авариялардың, апаттардың алдын алу мен оны жою, табиғи зiлзалалардың зиянын азайту, азаматтық қорғаныстың, апаттан құтқару қызметiнiң отрядын құру және құтқару жұмыстары мен басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзуге дайын тұруын қамтамасыз ету жөнiндегi белгiленген нормативтiк талаптарды орындауын үйлестiру және мемлекеттiк бақылауға алу;
      Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысына басшылық ету;
      Қазақстан Республикасының авариялық-құтқару қызметiн құру және басқару;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсырмасы бойынша iрi ауқымды авариялардың, апаттар мен табиғи зiлзалалардың салдарынан туындаған төтенше жағдайларды жою жөнiндегi жұмыстарға басшылық ету;
      халық пен аумақтарды авариялардан, апаттар мен зiлзалалардан қорғауға, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған кезде шаруашылық объектiлерiнiң тұрақты жұмыс iстеуiн арттыруға бағытталған бiртұтас техникалық саясат жүргiзу, мемлекеттiк мақсатты бағдарлама әзiрлеу мен жүзеге асыруды ұйымдастыру;
      төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi бiрiншi кезектегi жұмыстарды жүргiзуге арналған резервтiк қорды пайдалануға қатысты жұмыстарды үйлестiру;
      халықты, басқару органдарының лауазымды қызметкерлерiн оқытуды, төтенше жағдайларда авариялық-құтқару құрамаларының қызметiн ұйымдастыру;
      ТЖМК-нiң құзырына енетiн мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру;
      төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою жөнiндегi шараларды жүргiзуге арналған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен халықаралық iзгiлiк көмегi бөлген қаржылардың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету.
      5. ТЖМК өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою жөнiндегi басым бағыттарды айқындайды, төтенше жағдайлар мәселелерi бойынша аймақтық және мақсатты бағдарламаларды, заң актiлерiнiң жобалары мен басқа да құқықтық-нормативтiк актiлердi әзiрлеудi ұйымдастырады және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзедi;
      төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жоюға арналған күштер мен құралдардың, басқару органдарының дайындығы жай-күйiне, төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою, азаматтық қорғаныс жөнiндегi белгiленген нормативтiк талаптардың орындалуына мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асырады;
      Төтенше жағдайлардың алдын алу мен iс-қимыл жасаудың мемлекеттiк жүйелерiнiң жұмыс iстеуiне, оның халықаралық жүйеде интеграциялануына бағытталған басшылықты жүзеге асыруды, осы саладағы аумақтық, ведомстволық жүйелердiң және функционалдық қосалқы жүйелер мен буындардың қызметiн үйлестiредi;
      республиканың жұмылдыру жоспарын әзiрлеуге қатысады, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс шараларын орындауға тiкелей басшылық етудi жүзеге асырады, азаматтық қорғаныс бөлiмдерiнiң, Республикалық шұғыл құтқару отрядының, басқа да шұғыл iс-әрекет жасау бөлiмшелерiнiң, сондай-ақ төтенше жағдайларды жоюға қажеттi күштер мен құралдардың жұмылдырылуы мен жауынгерлiк дайындығын қамтамасыз етедi;
      сейсмологиялық байқаулар мен жер сiлкiнiстерiн болжаудың республикалық жүйесiнiң жұмыс iстеуi мен дамуына басшылықты жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiмен бiрлесе отырып, қала құрылысы құжаттарына және берiктiк, азаматтық қорғаныс жүйесi талаптары сақталатын бөлiгiнде құрылыс объектiлерiнiң жобаларына мемлекеттiк сараптау жүргiзудi ұйымдастырады;
      төтенше жағдайлардың болу ықтималдығы мен оның зардаптарын болжау, авариялардың, апаттар мен табиғи зiлзалалардың алдын алу мен зиянын азайту, халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, объектiлер мен аумақтардың сенiмдi әрi орнықты жұмыс iстеуiн арттыру, авариялық-құтқару қызметiн құру және дамыту жөнiнде министрлiктер мен мемлекеттiк комитеттердiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың, жергiлiктi атқарушы органдардың жұмыстарын үйлестiредi, солармен және әскери командалық құрам органдарымен бiрлесiп төтенше жағдайлардың алдын алу және iс-қимыл жасаудың мемлекеттiк жүйесiне енетiн күштер мен құралдарды жарақтандыру мен орналастыруды айқындайды, олардың үнемi дайындықта тұруын қамтамасыз етедi;
      аса қауiптi жұқпалы аурулардың республикаға әкелiнiп және тарап кетпеуiн алдын алу мақсатында жұқпалы ауруларға қарсы шаралардың жүргiзiлуiн үйлестiредi;
      төтенше жағдайлар бойынша байланыс пен хабарлау жүйелерiн, республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйелерiн құру және дамыту жөнiндегi қызметтi үйлестiредi, олардың жай-күйi мен даярлығына бақылауды жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруы бойынша бiрнеше облыстың аумағына қамтыған немесе аса қауiптi сипат алған төтенше жағдайларды жою жөнiндегi жұмыстарға тiкелей басшылық жасауды өз қолына алады; құтқару және басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзiп, адамдардың денсаулығы мен өмiрiне төнген қауiптiң бетiн қайтарған соң төтенше жағдайларды жою жөнiндегi басшылықты жергiлiктi атқарушы органдарға бередi;
      төтенше жағдайларды жою жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған қажеттi күштер мен құралдардың көлемiн айқындайды, олардың зiлзала аудандарына, соның iшiнде шет елдерге де тасымалдау мен жiберiлуiн ұйымдастырады;
      төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою жөнiндегi шараларды жүргiзуге қоғамдық ұйымдар мен тиiстi бiлiмi мен тәжiрибесi бар азаматтарды белгiленген тәртiп бойынша тарту жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
      iздестiру-құтқару және авариялық-қалпына келтiру құралдарын, байқау, бақылау ақпаратты жинау және беру жүйелерiне арналған жабдықтар мен приборларды, сондай-ақ халық тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн құралдарды әзiрлеу, жаңарту және өндiру жөнiндегi министрлiктердiң, ведомстволардың, кәсiпорындар мен ұйымдардың, жергiлiктi атқарушы органдарының жұмысын үйлестiредi;
      төтенше жағдайлар туралы халықты хабарландыру мен ақпарат берудi, ұйымдарды хабарландырудың тиiстi аумақтық және жергiлiктi жүйелерiнiң құрылуы мен жұмысын бақылайды;
      кәсiпорындар мен ұйымдарды, азаматтық қорғаныстың бөлiмдерiн, оқу орындарын, ғылыми, ғылыми-техникалық және инженерлiк орталықтарын, соның iшiнде ТЖМК-ге жүктелген мiндеттердi тиiмдi орындауға арналған шаруашылық есептегi негiзде де құру және қайта ұйымдастыру жөнiнде белгiленген тәртiппен ұсыныстар енгiзедi.
      ТЖМК құзырына енетiн мәселелер бойынша нұсқауларды, нормаларды, қағидаларды басқа да нормативтiк-әдiстемелiк құжаттарды бекiтедi;
      төтенше жағдайлар кезiнде халық пен аумақтарды қорғау проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды жүргiзудi белгiленген тәртiппен ұйымдастырады;
      ТЖМК-нiң азаматтық қорғаныс бөлiмдерiн, авариялық-құтқару және басқа да құрамаларын қаржы, материалдық және техникалық жағынан қамтамасыз етудi ұйымдастырады, бөлiнген материалдық және қаржы ресурстарын мақсатты, тиiмдi пайдалануды қамтамасыз етедi;
      төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнаулы резервiнен қаржы бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне белгiленген тәртiппен ұсыныс енгiзедi;
      мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының және шет елдердiң халқына белгiленген тәртiппен iзгiлiк көмегi жүгiн қалыптастыру мен оларды жеткiзудi ұйымдастырады;
      төтенше жағдайлар болған аудандардағы жұмысқа тартылған ТЖМК мен басқа да министрлiктер мен ведомстволардың қызметкерлерiнiң қауiпсiздiгiн, зардап шеккен аудандарға ТЖМК күштерiмен жеткiзiлетiн жүктердiң сақталуын қамтамасыз етедi;
      төтенше жағдайлардағы iс-қимылға халықты оқыту, басқару органдарының лауазымды адамдарының және азаматтық қорғаныс құрамалары мен авариялық-құтқару қызметiнiң әзiрлiк бағдарламаларын әзiрлейдi, үйлестіредi, бекiтедi немесе келiседi; тиiстi оқулар мен жаттығулардың жүргiзiлуiн бақылайды; төтенше жағдайлар кезiнде iс-қимыл жасаудың дайындық мәселелерi бойынша оқу және арнаулы оқу орындарының бағдарламаларын қарайды және келiседi;
      төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою мәселелерi бойынша жұртшылықпен, азаматтармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен белгiленген тәртiп бойынша байланыс жасауды жүзеге асырады;
      төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою мәселелерi бойынша, азаматтық қорғаныс, зардап шеккен халыққа көмек беру және ТЖМК-нiң құзырына жататын және басқа да мәселелер бойынша белгiленген тәртiппен халықаралық ынтымақтастықты, сондай-ақ осы салалардағы шетел тәжiрибесiн жинақтау және таратуды жүзеге асырады, халықаралық шарттардың жобаларын әзiрлеуге қатысады;
      БҰҰ жүйесiнiң орталық органдары мен арнаулы халықаралық ұйымдарының аймақтық бөлiмшелерiнде және басқа арнаулы халықаралық ұйымдарда осы ұйымдармен келiсiлген шарттар негiзiнде жұмыс iстеуi үшiн белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша өз өкiлдерiн жiбередi;
      ТЖМК орталық аппараты мен оның ведомстволық бағыныстағы кәсiпорын, ұйым қызметкерлерiнiң, ТЖМК-нiң апаттан авариялық-құтқару және өзге де құрамалары қызметкерлерiнiң, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу мен оның зардаптарын жоюға тартылған адамдардың құқықтық және әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жүзеге асырады.

                           III. Өкiлеттiктерi

      6. ТЖМК-ге жүктелген мiндеттердi орындау үшiн оған мынадай құқықтар берiледi:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, орталық атқарушы органдар және жергiлiктi атқарушы органдар, кәсiпорындар мен ұйымдар орындауға мiндеттi елдi азаматтық қорғау, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi жұмыстарды өз құзыретi шегiнде қабылдайды;
      ТЖМК-нiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, орталық атқарушы органдар және жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдардың басшыларын тыңдайды;
      ТЖМК-ға жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен мәлiметтердi (соның iшiнде - компьютераралық арналар бойынша) мемлекеттiк статистика, министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан, кәсiпорындар мен ұйымдардан белгiленген тәртiппен сұрау салып алады;
      төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында ақпараттық деректер банкiн (соның iшiнде құпияларын да) пайдаланады;
      Қазақстан Республикасының Үкiметiне аварияларды, апаттарды және табиғи зiлзалаларды жою, төтенше жағдайлар аймақтарында қоғамдық тәртiптi сақтауды және объектiлердi күзетудi қамтамасыз ету үшiн тәртiп қорғау органдарының, Республикалық Ұланның, Қарулы Күштер әскери бөлiмдерi мен бөлiмшелерiнiң күштерi мен құралдарын тартуға ұсыныстар берiп, сұрау салады;
      Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында олардың ведомстволық бағыныстылығына қарамастан көлiк құралдарын, құтқару, қалпына келтiру, медициналық, басқа күштер мен құралдардың, материалдық-техникалық, медициналық және азық-түлiк ресурстары мен қорларды (жұмылдыру және мемлекеттiк резервтерден басқа) белгiленген тәртiппен тартуға, сондай-ақ мамандар топтарын апат аудандарына жеткiзу үшiн барлық көлiк түрлерiне билеттердi басымдылық ретiмен сатып алады;
      авариядан құтқару, авариядан соң қалпына келтiру және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргiзу үшiн ақпарат беру және байланыс үшiн байланыс пен ақпарат берудiң мемлекеттiк жүйелерi мен ведомстволық желiлерiн басымдылық ретiмен пайдаланады;
      ТЖМК-ның құзыретiне жататын мәселелер бойынша министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, кәсiпорындар мен ұйымдар, шаруашылық жүргiзу объектiлерiне белгiленген тәртiппен тексеру жүргiзедi;
      iс-қимылдары немесе әрекетсiздiктерi төтенше жағдайлардың туындауына жеткiзу мүмкiн немесе жеткiзген лауазымды адамдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстарды белгiленген тәртiппен енгiзедi;
      төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi жұмыстарға сараптамалар мен тексерулердi жүргiзуге қатысу үшiн мамандарды, сарапшыларды, соның iшiнде шет елдерден де тартады;
      бекiтiлген әрi белгiленген тәртiппен айырығы белгiлерi мен (бейнелiк мәндi) арнайы дабылдар және байланыс құралдары мен жабдықталған арнайы көлiк құралдарын ұстайды;
      ТЖМК-ның құзыретiне жататын мәселелердi шешу кезiнде пайдаланылатын көлiк құралдарының түрi мен меншiгiне қарамастан республиканың бүкiл аумағында емiн-еркiн кедергiсiз қозғалуға, ұйымдардың аумақтары мен алаң-жайларына (дипломатиялық қорғанышы бар шет елдiк мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың алаң-жайларынан басқа) кедергiсiз кiруге құқық беретiн куәлiктер ТЖМК-ның орталық аппараты мен аумақтық органдарының қызметкерлерiнде болады, сондай-ақ мамандар топтарын апат аудандарына жеткiзу үшiн көлiктiң барлық түрлерiне басымдылық ретiмен билет сатып алады;
      ТЖМК-нiң өтiнiшiмен Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жанындағы Радиожиiлiктер жөнiндегi мемлекеттiк комиссия бөлiп беретiн радиожиiлiктердiң бүкiл республика аумағында бiртұтас толқындарын алады.
      7. ТЖМК-ның Төрағасына төтенше жағдайлардағы iс-қимылдарға тiкелей басшылықты жүзеге асыру кезiнде мынадай құқықтар берiледi:
      төтенше жағдайлар аудандарында азаматтардың тұруы мен жүрiс-тұрысының тәртiбiн жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiм белгiлейдi;
      төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшiн кейiн Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне баяндап, мемлекеттiк жұмылдыру резервтерiнде жинақталған материалдық-құндылықтардың қорын айрықша жағдайларда пайдаланады;
      жүктелген мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз етпеген кез келген лауазымды адамды оны кейiн белгiленген тәртiппен жауапқа тартып, төтенше жағдайларды жою жөнiндегi жұмыстардың тапсырылған учаскесiн басқарудан шеттетедi.

             IV. Қызметiн ұйымдастырудың негiзгi мәселелерi

      8. ТЖМК-ны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынысымен Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын Төраға басқарады.
      ТЖМК-ның соның iшiнде бiреуi бiрiншi орынбасарлары болады. Төрағаның орынбасарларын Қазақстан Республикасының Үкiметi ТЖМК Төрағасының ұсынысымен лауазымына тағайындайды және босатады.
      9. ТЖМК-ның Төрағасы:
      ТЖМК-ға басшылықты жеке-дара басшылық негiзiнде жүзеге асырады;
      лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының бастығы ретiнде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары болып табылады;
      лауазымы бойынша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссиясының, Жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының және Республикалық iндеттерге қарсы төтенше комиссиясының төрағасы болып табылады;
      ТЖМК-ның оның аумақтық органдарының, ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындары мен ұйымдарының, Қазақстан Республикасы Азаматтық Қорғаныс бөлiмдерiнiң қызметiне басшылық жасайды, ТЖМК-ның атынан Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және өзге де органдары мен ұйымдарда, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда өкiлдiк етедi;
      ТЖМК орталық аппаратының, оның аумақтық органдарының, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың белгiленген еңбекақы қоры мен саны шегiнде штаттық кестесiн, сондай-ақ оларды ұстау шығындарын тиiстi кезеңге белгiленген бюджет қаражаты шегiнде бекiтедi, қызметкерлердi лауазымына тағайындауды жүргiзедi;
      төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық және аудандық басқармалар, аудандық бөлiмдер туралы Ережелердi бекiтедi;
      бұйрықтар, директивалар шығарады, нұсқаулар бередi, ТЖМК-ның қаулыларына қол қояды;
      авариялар, апаттар және табиғи зiлзалалардың себептерiн зерттеу және талдау жөнiнде комиссиялар құрады;
      жоғарғы офицерлiк құрам ауыстыратын ТЖМК-ның лауазымдары тiзбесi және жоғарғы офицерлiк құрамға әскери атақтарды беру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына белгiленген тәртiппен енгiзедi, әскери қызметшiлер атқаратын лауазымдар тiзбесiн бекiтедi;
      офицерлiк құрамдағы адамдарды, прапорщиктердi, мичмандарды, мерзiмiнен тыс етушiлердi лауазымдарға тағайындайды, қызметiне қарай ауыстырады, подполковникке дейiн қоса алғанда, әскери атақ бередi;
      ТЖМК жүйесiндегi ерекше көзге түскен қызметшiлерге мемлекеттiк наградалар беру және құрметтi атақтар беру туралы ұсыныстарды белгiленген тәртiппен енгiзедi;
      әскери қызметшiлердi қоса алғанда, қызметшiлердi белгiленген тәртiппен қызметтiк iссапарларға, соның iшiнде республикадан тысқары да жiбередi;
      ТЖМК-ны қаржыландыруға бөлiнетiн кредиттерге иелiк етушi болып табылады;
      республикалық бюджет есебiнен бөлiнген және белгiленген қызмет мерзiмiн орындаған материалдық-техникалық ресурстарды есептен шығаруға құжаттарды белгiленген тәртiппен бекiтедi;
      объектiлерге әзiрленген жобалау-сметалық құжаттарға арнайы техникалық-құралдар мен жабдықтарға жобалау тапсырмаларын және техникалық тұжырымдамаларды бекiтедi; өз құрылысын тоқтатуға және олардың жүзеге асырылмаған құрылысы жөнiндегi жобалау-iздестiру жұмыстарына шығындарды есептен шығару актiлерiн бекiтедi;
      Қазақстан Республикасы азаматтық қорғаныс бөлiмдерi, авариялық-құтқару құрамалары үшiн арнайы техника мен техникалық құралдардың жаңа түрлерiн жобалауға тапсырмаларды, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға тактикалық-техникалық тапсырмаларын бекiтедi.
      10. ТЖМК-да құрамына Төрағасы (алқа төрағасы), төрағаның орынбасары лауазымдары бойынша, сондай-ақ ТЖМК мен оған ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындар мен ұйымдардың басшылары кiретiн алқа құрылады.
      ТЖМК алқасының мүшелерiн ТЖМК Төрағасы бекiтедi.
      11. ТЖМК жүйесiнде төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық, қалалық басқармалар, аудандық бөлiмдер белгiленген тәртiппен құрылып, өздерiнiң қызметiн жүзеге асырады. ТЖМК және оның аумақтық органдары, төменгi аумақтық бөлiмшелерi жоғары тұрғандарына тiкелей бағынатын бiртұтас жүйе құрайды.
      ТЖМК-ның аумақтық органдарының басшыларын ТЖМК Төрағасы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң әкiмдерiмен келiсiп ТЖМК Төрағасы тағайындайды.
      12. ТЖМК-ның құзыретiне жатқызылған маңызды проблемалар бойынша ұсынымдарды қарау және әзiрлеу үшiн ТЖМК жанында ғылыми-техникалық кеңес құрылады. Оның құрамына республика министрлiктерiнiң, ведомстволарының, жергiлiктi атқарушы органдарының, ғылыми ұйымдары мен қоғамдық бiрлестiктерiнiң өкiлдерi кiредi.
      Ғылыми-техникалық кеңестiң құрамы мен ол туралы Ереженi ТЖМК-ның Төрағасы бекiтедi.
      13. ТЖМК банк мекемелерiнде ағымдағы шоты мен басқа да шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өз атауы қазақ, орыс тiлдерiнде жазылған мөрi бар заңды тұлға болып табылады.