Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 31 қаңтардағы қаулысына өзгертулер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 17 қазан N 1340. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998.04.21. N 368 қаулысымен. ~P980368

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қауiпсiздiк пен қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының 66-бабында көзделген өкiлеттiктерiн жүзеге асыру мақсатында құқық қорғау органдарының қызметiн үйлестiру, соттардың, Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң, прокуратура, iшкi iстер және ұлттық қауiпсiздiк органдарының ұйымдық және жедел мәселелерiн шешу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Орынбасары Н.А.Шайкеновке жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Президентi