Инвестициялық жекешелендiру қорын қайта құру мен таратудың тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 21 ақпандағы N 180. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 1411 Қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Инвестициялық жекешелендiру қорларын ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" 1993 жылғы N 1290 K931290_ қаулысымен бекiтiлген Инвестициялық жекешелендiру қорлары туралы ережеге сәйкес инвестициялық жекешелендiру қорларының қызметiн жетiлдiру үшiн жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Инвестициялық жекешелендiру қорын қайта құру мен таратудың тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi инвестициялық жекешелендiру қорын қайта құру жүзеге асырылған кезде акционерлер құқықтарының сақталуына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 21 ақпандағы N 180 қаулысымен Бекiтiлген Инвестициялық жекешелендiру қорын қайта құру мен тартудың тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
      1. Инвестициялық жекешелендiру қорын қайта құрудың тәртiбi туралы осы ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Инвестициялық жекешелендiру қорларын ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1290 қаулысымен бекiтiлген Инвестициялық жекешелендiру қорлары туралы ереженiң "Инвестициялық жекешелендiру қорын тарату мен қайта құру" деген IХ тарауын жетiлдiру мақсатында әзiрленген.
      2. Инвестициялық жекешелендiру қоры (бұдан әрi - қор) жұмыс iстеген алғашқы үш жыл iшiнде оны қайта құру Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң (бұдан әрi - Комитет) келiсiмiмен ғана жүзеге асырылады.
      3. Инвестициялық жекешелендiру қорын тарату Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңына сәйкес жүзеге асырылады.
 
                     2. Қорды қайта құру
 
      4. Қорды қайта құру қосылуды, бiрiгудi, бөлiну мен ажырауды, өзгертудi көздейдi.
      Қайта құру туралы шешiмдi қолданылып отырған заңға сәйкес қайта құруға қатысушы әрбiр қор акционерлерiнiң жалпы жиналысы қабылдайды.
      5. Қор(лар)ды қайта құрудың нәтижесiне тек ашық үлгiдегi акционерлiк қоғам - инвестициялық жекешелендiру қорының құрылуы мүмкiн. Қорды қайта құрудың нәтижесiнде қор қолында болған құқықтар мен мiндеттер оның құқығын иеленушiге көшедi.
      Мүлiктiк құқықтар мен мiндеттердi ресiмдеу мен қайта ресiмдеу жөнiндегi барлық шығындар қайта құрылған қорлардың қаражатымен өтеледi.
      6. Қорлар қосылған жағдайда олардың әрқайсысының мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерi қосылу нәтижесiнде пайда болған қор қолына көшiп, жаңа қор (заңды тұлға) пайда болады.
      Қосылу түрiндегi қайта құру - қосылатын қорлардың баланстарын бiрiктiрiп, кейiн олардың акцияларын жаңа қор акцияларына айырбастау.
      7. Қор(лар) басқасына бiрiккен жағдайда, бiрiккен қор(лар)дың барлық мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерi соған көшiп, ол өз атауы мен статусын сақтайды.
      Бiрiгу түрiндегi қайта құру активтер мен пассивтердi iрiлендiрiлген қор балансына кiргiзiп, өзiне бiрiгетiн қор акцияларына ауыстыру жолымен жүзеге асырылады.
      8. Қор бөлiнген немесе ажыратылған жағдайда оның негiзiнде екi немесе одан да көп қор пайда болады. Бөлiну немесе ажыратылу түрiндегi қайта құру қайта құрылатын қордың мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiн тиiстi бөлшектерге бөлу балансы бойынша жүзеге асырылады. Жаңадан құрылатын қорлар қайта құрылатын қор акцияларының орнына жаңадан акциялар шығарады.
      9. Жабық қорды ашық қор етiп тек жекешелендiрiлетiн кәсiпорындардың акцияларын инвестициялық жекешелендiру купондарына айырбасқа аукцион арқылы өткiзу аяқталған соң, бiрақ ол бiрiншi аукционға қатысқаннан кейiн кем дегенде 15 айдан соң және бағалы қағаздар рыногында қор активтерiнiң өтiмдiлiгi қамтамасыз етiлген жағдайда өзгертуге болады. Бұл жағдайда бұрынғы қордың барлық мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерi жаңадан пайда болған қорға көшедi.
      10. Қорды қайта құру мәселесiн қарау үшiн өтiнiш иесiнiң Комитетке мынадай құжаттар тапсыруы қажет:
      қайта құрудың түрi мен шарттары негiзделген, қайта құрылатын қордың бақылау кеңесiнiң төрағасы қол қойған өтiнiш;
      акционерлердiң жалпы жиналысы қолданылып отырған заңға сәйкес қабылдаған қорды қайта құру туралы шешiм;
      инвестициялық жекешелендiру купондарымен жұмыс iстеу құқығына қор лицензиясы;
      қайта құрылатын қордың құрылтай құжаттары;
      қайта құрылатын қор басқарушысымен, депозитарийiмен шарттардың көшiрмелерi;
      қайта құрылатын қордың өтiнiш берiлген сәттегi және тәуелсiз аудитор куәландырған қаржы есебi. Егер қайта құрылатын қорда кредиторлық қарыз бар болса, қорды қайта құруға кредитор(лар)дың келiсiмi болуға тиiс.
      11. Аталған құжаттарды қайта құруға қатысушылардың әрқайсысы тапсырады. Қайта құруға қатысушылардың бiрi құжаттарды жоғарыда аталған талаптарды бұза отырып тапсырған жағдайда, қайта құруға қатысушы барлық қорлардың өтiнiштерi қаралмастан керi қайтарылады.
      12. Қорлардың құжаттарын Комитет қайта құруға қатысушы барлық қорлар оларды 30 күн iшiнде тапсырған жағдайда ғана қарайды.
      13. Қорды қайта құру туралы шешiм шығару үшiн қорлар мен олардың басқарушыларына Лицензиялар беру жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрi - Комиссия) жұмыс органдары Комитеттiң тапсыруы бойынша:
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1290 қаулысымен бекiтiлген Инвестициялық қорлар туралы ереженiң 26-тармағында көзделген қор қызметiн шектеулердi ескере қайта құрылатын қор акционерлерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын;
      қайта құрылатын қор басқарушысына сыйақы мөлшерiнiң және нормативтiк құжаттардың басқа талаптарының сақталуын;
      қорлардың банкрот болуын немесе кредиттiк қарызын ықтимал жасырып қалуын тексередi.
      Ондай фактiлер анықталған жағдайда, Комитет қайта құру жөнiндегi өтiнiштi қабылдаудан бас тартуға құқылы.
      14. Қор(лар)ды қайта құруға берiлетiн келiсiм Комитеттiң шешiмiмен ресiмделедi, онда қор(лар)дың қайта құрылуына байланысты талаптар мен мерзiмдер белгiленiп, құқықты иеленушi қорға тиiстi тапсырмалар берiледi.
 
                 3. Қорды қайта құру тәртiбi
 
      15. Комитет белгiлеген мерзiмде қайта құру туралы келiсiм алынған жағдайда құқықты иеленушi қор қайта құруға (қосылуға, бiрiгуге, өзгертуге, ажырау мен бөлiнуге) қатысушы әрбiр қор акционерлерiн жазбаша түрде ескертуге немесе құқықты иеленушi қордың жалпы жиналысы өткiзiлетiнi туралы тиiстi хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға мiндеттi.
      16. Акционерлердiң жалпы жиналысы Бақылау кеңесiн, тексеру комиссиясын сайлайды, қор жарғысын, басқарушыны, депозитарийдi бекiтедi, құқықты иеленушi қор орналасатын жердi белгiлейдi, жарғылық қорды қалыптастыру шарттары, қайта құрылатын қор(лар)дың акцияларын немесе сертификаттарын оның құқығын иеленушiнiң акцияларына немесе сертификаттарына айырбастау мерзiмдерi мен нысаны (тәсiлi) туралы шешiм қабылдайды, сондай-ақ қор(лар)ды тарату жұмысын жүргiзу үшiн тарату комиссиясын сайлайды.
      17. Қайта құрылатын әрбiр қор активтi бағаланып, қайта құрылатын қор(лар) акцияларын (сертификаттарын) оның құқығын иеленушiнiң акцияларына (сертификаттарына) айырбастау баламасы белгiленедi.
      18. Қайта құруға қатысушы қор жаңадан құрылатын инвестициялық қордың жарғылық капиталына қосатын үлес;
      мүлiк (және мүлiктiк құқық);
      акционерлiк қоғамдар акцияларының пакеттерi мен басқа да бағалы қағаздар;
      ақша қаражаты;
      материалдық емес активтер түрiнде жүзеге асырылады.
      19. Құқықты иеленушi қордың жарғылық қорына салым есебiне берiлген мүлiк пен басқа да активтер (материалдық және материалдық емес) сол қайта құруға қатысушылардың бiрлескен шешiмiмен белгiленетiн және құқықты иеленушi қор акционерлерiнiң жалпы жиналысының хаттамасымен бекiтiлген баға бойынша қабылдап алынады. Қайта құрылатын қор үлесiн келiсiм хаттамасында белгiленген мөлшерден тыс арттыруға болмайды.
      20. Егер қайта құрылатын қорлар акцияларының нақты құны арасында тұтас санмен бiлдiрiлген үйлесiмдiлiк белгiлеуге болмайтын болса, онда құқықты иеленушi қор басқа нақты құны бар жаңа акциялар шығаруға және ескi акцияларды акционерлердiң мүдделерiне нұқсан келтiрместен жаңа акцияларға ауыстыруға құқылы.
      Бұл жағдайда қайта құрылатын қорлардың нақты құндарын былайша сәйкестендiру ұсынылады:
      бiрiгу кезiнде, құқықты иеленушi қор акционерлерiндегi акциялар пакеттерiн нақты құны неғұрлым төмен акцияларға бөлшектеп, содан соң бiрiккен қор(лар)дың акционерлерiне өз салымдары сомасына құқықты иеленушi қордың жарғылық капиталындағы оның (олардың) салымын ескере есептелген үлесiне сайма-сай жаңа акциялар беру;
      қосылу кезiнде, құқықты иеленушi қордың жаңадан қалыптасатын жарғылық капиталы сомасына жаңа акциялар шығарып, оларды қатысушы қорлардың акционерлерi арасында құқықты иеленушi қордың жарғылық капиталындағы олардың үлестерiне сайма-сай бөлу.
      21. Құқықты иеленушi қор басқарушысымен контракт, депозитарийiмен шарт жасасын, қайта құруға қатысушы қор(лар) басқарушысымен контракт, депозитарийiмен шарт нормативтiк құжаттар талаптарына сәйкес бұзылады. Құқықты иеленушi қор акционерлерiнiң жалпы тiзiлiмiнiң қалыптастырылуы қамтамасыз етiледi.
      22. Жоғарыда аталған шаралардың бәрi жүзеге асырылғаннан кейiн құқықты иеленушi қорды мемлекеттiк тiркеу органдарында тiркеп (қайта тiркеп), құқықты иеленушi қордың белгiленген тәртiппен талап етiлетiн құжаттарын Комитетке тапсыру қажет.
      23. Комиссия олардың белгiленген мерзiм iшiнде қарап, өтiнушi құжаттарына ескертпелер жоқ болған жағдайда қор(лар)дың қайта құрылыуына байланысты қорлардың бiрыңғай тiзiлiмiне қажеттi өзгерiстер енгiзу туралы шешiм қабылдайды.
      24. Құқықты иеленушi қорға лицензия берiлген кезде лицензиялау үшiн ақы алынбайды. Басқарушыны лицензиялау кезiнде лицензия берiлгенi үшiн белгiленген мөлшерде бiр жолғы алым алынады.
      25. Комиссияның жұмыс органы шешiм қабылданғаннан кейiн 5 күн iшiнде Комитеттiң Ақпарат-есеп орталығына және Мемлекеттiк жекешелендiру қорына қорлардың бiрыңғай тiзiлiмiне өзгерiстер енгiзу үшiн мынадай мәлiметтер жiберуге тиiс: құқықты иеленушi қордың, басқарушысының, депозитарийдiң атауы, орналасқан жерi; құқықты иеленушi қор лицензиясының нөмiрi; құқықты иеленушi қор басқарушысы лицензиясының нөмiрi; қор(лар)дың, басқарушы(лар)дың керi алынған (күшi жойылған) лицензиясының нөмiрi. 26. Қайта құрудың нәтижесiнде пайда болған қор заңда белгiленген тәртiппен тiркелген күннен бастап заңды тұлға өкiлеттiгiне ие болады. 4. Қорды тарату тәртiбi 27. Қор: акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша; банкрот деп танылған жағдайда; қор лицензиясын Комиссия керi алған жағдайда; төрелiк соттың шешiмi бойынша; Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңында көзделген басқа да негiздер бойынша таратылады. Қор жұмыс iстеген алғашқы үш жылда оны акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмiмен таратуға болмайды.
      28. Қор(лар)дың таратылуы қордың заңды тұлға ретiндегi қызметiнiң тоқтатылуына әкелiп соғып, жаңа заңды тұлға пайда болуының құқығын бермейдi.
      29. Қор(лар)дың таратылуы қор(лар)ға қарасты болған барлық мүлiктiк құқықтар мен мiндеттердiң жойылуына әкелiп соғады.
      30. Тарату комиссиясы ресми, орталық баспасөзде 30 күннен кешiктiрмей тарату жайында, кредиторлардың талап қоюының тәртiбi мен мерзiмi туралы хабар жариялайды.
      Тарату комиссиясы хабар жариялаумен қатар дебиторлық қарызды өндiрiп алу және кредиторлардың талаптарын анықтау жұмысын жүргiзiп, оларды қор(лар)дың таратылғаны жайында ескертуге мiндеттi.