17.12.1993

Оңтүстiк Қазақстан облысында "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығын ұйымдастыру мәселелерi

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Оңтүстiк Қазақстан облысында "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени және табиғат қорығын құру туралы" 1993 жылғы 26 мамырдағы N 1213 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Оңтүстiк Қазақстан облысындағы Ордабасы ауданының Ордабасы жерiнде 1994 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы ұйымдастырылсын, ол тiкелей Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне бағынатын болсын.
      "Ордабасы" тарихи кешенi Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң мемлекеттiк тiзiмiне енгiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитет, Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi, Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi алдағы уақытта қорықтың Бас жобасы бекiтiлгенге дейiн мемлекеттiк және қоғамдық мұқтаждық үшiн қорықтың шекарасына енгiзiлген жерлерден жер учаскелерiнiң бөлiнуiне жол бермесiн, сондай-ақ осы жер аумағының мақсатына қайшы келетiн қандай қызметтi болсын шектесiн.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгi 1994 жылдан бастап "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығының Бас жоспарын әзiрлеуге, сондай-ақ оны құруға және ұстауға қажеттi қаржы мен материалдық-техникалық ресурстар қарастыратын болсын.
      4. Қазақстан Республикасының құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi "Ордабасы" қорығының Бас жоспарын әзiрлеудi қамтамасыз етiп, оның шекарасын мүдделi жер пайдаланушылармен және жергiлiктi атқару органдарымен мiндеттi түрде нақтылап, келiсiп алатын болсын.
      5. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмшiлiгi Алматы темiр жол басқармасымен бiрлесе отырып Шымкент жол бөлiмшесi "Ордабасы" қосалқы шаруашылығының жабылып, аумағының қорықтық қорғауға алынған аймағына енгiзiлуiне байланысты оның қызметкерлерiн еңбекке орналастыру және олар үшiн жұмыс орындарын ұйымдастыру шараларын қолдансын.
      "Ордабасы" қосалқы шаруашылығының қызметкерлерiне кәсiпорынның жабылуына байланысты қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тиiстi өтем төлесiн.
      6. Алматы темiр жол басқармасы "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығының балансына Шымкент жол бөлiмшесi "Ордабасы" қосалқы шаруашылығының әкiмшiлiк-өндiрiстiк ғимараттары мен қосалқы-көмекшi үй жабдықтарын беретiн болсын.
      7. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi бiр ай мерзiмде "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы туралы Ереженi әзiрлеп бекiтсiн.
      8. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясымен, Қазақтың тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау қоғамын қатыстыра отырып ғылыми-археологиялық зерттеулер мен қорық ескерткiштерiн мұражайлық қалыпқа дайындау жұмыстарын жүргiзсiн.
      9. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi, Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi, Туризм, дене мәдениетi және спорт министрлiгi, "Қазақстан" мемлекеттiк теле-радио хабарларын тарату компаниясы, "Қазақкино" мемлекеттiк компаниясы, Оңтүстiк Қазақстан облыстық әкiмшiлiгi өз iс-жоспарларында Ордабасы жерiнде республикалық халықаралық мәдениет спорт шараларын өткiзудi, Төле би, Қазыбек би және Әйтеке бидiң рухына Ордабасыда болған тарихи оқиғаларға арналған кiтаптар, альбомдар, ғылыми-көпшiлiк фильмдер шығаруды, телехабарлар ұйымдастыруды көздесiн.
      10. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi, Оңтүстiк Қазақстан облыстық әкiмшiлiгi осы қаулының орындалу барысы туралы жыл сайын 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiне хабарлап отырсын.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi



Дата вступления в силу:  17.12.1993
Дата изменения акта:  17.12.1993
Дата принятия акта:  17.12.1993
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1260
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  023010000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz