30.11.1993

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк Орман кадастрын жүргiзу тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасының Орман кодексiн күшiне енгiзу тәртiбi туралы" 1993 жылғы 23 қаңтардағы N 1925-XII қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзу тәртiбi туралы Ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      Мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзу жөнiндегi жұмысты Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органдар, орманды иеленушiлер жүзеге асырады және республикалық бюджет пен басқа қаражаттар есебiнен қаржыландырылады деп белгiленсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң Орман шаруашылығы комитетi:
      Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң келiсiмi бойынша мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзу жөнiндегi нұсқама-әдiстемелiк құжаттарды жасайтын болсын;
      Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң келiсiмi бойынша мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзу кезiндегi статистикалық есеп берудiң көрсеткiштерi мен нысандарының тiзбесiн айқындасын;
      орман қорын ұтымды пайдалану, ормандарды ұлғайта өсiру, оларды сақтау мен қорғау, санды және сапалық өзгерiстердi жүйелi бақылау, шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiн бағалау және заңды ұйымдар мен жеке адамдарды орман қоры туралы мәлiметтермен қамтамасыз ету үшiн 1994 жылдан бастап мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруға кiрiссiн.
      3. Мемлекеттiк орман кадастрының құжаттарын жүргiзудiң белгiленген тәртiбiнiң, сақталуын бақылау орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органдарға және Қазақстан Республикасының бақылауға өз құзыры шегiнде арнайы өкiлдiгi бар басқа органдарына жүктелсiн.
      4. Мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзумен байланысты Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң Орман шаруашылығы комитетi өз құзыры шегiнде шығаратын әдiстемелiк нұсқаулар мен нұсқамалар барлық орман иелерi үшiн мiндеттi болып табылады деп белгiленсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, басқа министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволар орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органдарға орман кадастрын жүргiзу үшiн қажеттi ақпаратты риясыз негiзде бередi.    

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы       
Министрлер Кабинетiнiң       
1993 жылғы 30 қарашадағы       
N 1198 қаулысымен         
Бекiтiлген              

             Қазақстан Республикасында мемлекеттiк орман
                 кадастрын жүргiзу тәртiбi туралы
                             Ереже

      1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк орман кадастры Қазақстан Республикасының Орман кодексiне сәйкес орман қорын ұтымды пайдалануды ұйымдастыру, ормандарды ұлғайта өсiру, оларды қорғау мен сақтау, сандық және сапалық өзгерiстердi жүйелi бақылау және заңды ұйымдар мен жеке адамдарды орман қоры туралы мәлiметтермен қамтамасыз ету үшiн жүргiзiледi.
      2. Мемлекеттiк орман кадастры орман қорының құқылық тәртiбi, оны иеленушiлерге бөлiп беру, орман қорының сандық және сапалық жәй-күйi, ормандарды топтарға және қорғаныш санаттарына бөлу, орман ресурстарын экономикалық бағалау және орман шаруашылығын жүргiзу мен шаруашылық қызметi нәтижелерiн бағалау үшiн қажеттi басқа да мәлiметтер туралы ақпараттар жүйесiн қамтиды.
      3. Мемлекеттiк орман кадастрын бiрыңғай республикалық жүйе бойынша орман орналастыру материалдарының, ормандарды зерттеудiң, бiр мезгiлдiк мерзiмдi мемлекеттiк есептеудiң және орман қоры туралы мәлiметтер жинақталған басқа да құжаттардың негiзiнде орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органдар жүргiзедi.
      4. Мемлекеттiк орман кадастрының құжаттарын жүргiзудiң белгiленген тәртiбiнiң сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң Орман шаруашылығы комитетi, оның жергiлiктi жердегi органдары және өз құзыры шегiнде бақылауға арнайы өкiлдiгi бар Қазақстан Республикасының басқа органдары жүзеге асырады.

              Мемлекеттiк орман кадастрын құжаттау

      5. Мемлекеттiк орман кадастры құжаттарын берiлген мәлiметтердiң дұрыстығы және оларды дер кезiнде жаңарту үшiн жауапкершiлiк жүктелген (соның iшiнде жалға берiлген және ұзақ мерзiмге пайдалануға берiлген тәлiмдер бойынша) орман қорының иелерi жүргiзедi.
      6. Мемлекеттiк орман қоры кадастры құжаттамаларының құрамына мыналар енедi:
      а) орман иелерi, орман шаруашылығын басқарушы облыстық және мемлекеттiк органдар жүргiзетiн орман кадастрлық кiтаптар;
      б) орман иеленушiлердiң, орман шаруашылығын басқарушы облыстық және республикалық органдардың түсiндiрме жазбалары қосылған есептерi.
      7. Орман кадастрлық кiтаптарды және есеп берулердi жүргiзудiң нысаны мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң Орман шаруашылығы комитетi бекiтедi.

           Есеп берудi табыс етудiң тәртiбi мен мерзiмдерi

      8. Орман қорының жәй-күйiнде болған өзгерiстер жөнiндегi мәлiметтердi орман иелерi өзгерiстер болған төлемдердi нақты куәландыратын тиiстi актiлер және орман қорының жәй-күйiндегi өзгерiстердi көрсететiн басқа құжаттар негiзiнде жыл сайын есеп құжаттарына енгiзедi.
      9. Орман иелерi өздерiнiң ведомстволық бағыныстылығына қарамастан есептi жылдың 1 қаңтарына дейiнгi орман қорының жәй-күйi жөнiндегi мәлiметтердi орман кадастрлық кiтаптарға жыл сайын енгiзедi және 20 қаңтарға дейiн белгiленген нысан бойынша есептердi орман шаруашылығын басқарушы облыстық органға тапсырады.
      10. Орман шаруашылығын басқарушы облыстық органдар белгiленген нысандағы есептердi жыл сайын жасайды және оларды түсiндiрме жазбаларымен облыстар бойынша 1 наурызға дейiн орман шаруашылығын басқарушы республикалық органға жолдайды.
      11. Орман қоры жерлерiнiң мөлшерi, сапалық жәй-күйi және пайдаланылуы жөнiндегi есептер Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң аудандық және облыстық органдарымен келiсiледi. Орман кадастрлық кiтаптардағы жерлердiң көлемдерi туралы мәлiметтер жер кадастрлық кiтаптардағы мәлiметтерге сәйкес болуға тиiс.

            Орман кадастрын жүргiзудi ұйымдастыру

      12. Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органы:
      а) орман иелерiн тiркеудi жүргiзедi;
      б) орман жөнiндегi мәлiметтердi жүйеге келтiредi, зерттеу мен сақтауды, сондай-ақ мемлекеттiк орман кадастры материалдарын басып шығаруды қамтамасыз етедi;
      в) мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзу үшiн қажеттi әдiстемелiк нұсқаулар мен нұсқамаларды жасайды және бекiтедi.
      13. Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органдары:
      а) орман орналастыру, ормандардың картографиясы, топырақ, геоботаникалық, топографиялық-геодезиялық тексеру, iздестiру жөнiндегi жұмысты және мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзумен байланысты шараларды атқарушы өкiмет органдарының қатысуымен ұйымдастырады;
      б) ұзақ мерзiмдi сұраныс пен тұтынуды жүйелi зерделеудi және орман ресурстарының қоры, жәй-күйi мен бағалау туралы жедел ақпаратты жүзеге асырады, мемлекеттiк орман кадастрын тұрақты түрде жетiлдiруге, оған халық шаруашылық тұтынуының тиiсiнше туындайтын мәлiметтердi енгiзуге шаралар қабылдайды.


Дата вступления в силу:  30.11.1993
Дата изменения акта:  17.02.2004
Дата принятия акта:  30.11.1993
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  180
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1198
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  014007000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz