14.07.1993

Қазақстан Республикасында Мемлекеттiк қорықтар мен ұлттық табиғат парктерiн дамыту жөнiндегi шаралар туралы

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi республикада қорықтарды дамыту iсiнде қолайсыз ахуал қалыптасқанын атап көрсетедi.
      Материалдық-техникалық және қаржылық жағынан қамтамасыз етудiң қанағаттанғысыз ұйымдастырылуы салдарынан жұмыс iстеп тұрған қорықтар, ұлттық табиғат парктерi мен басқа да айрықша қорғауға алынған табиғат аумақтары өздерiне жүктелген мiндеттерiн орындай алмай отыр. Жаңадан ұйымдастырылып жатқан айрықша қорғауға алынатын аумақтарына жер бөлу мәселесi баяу шешiлуде.
      Қорықтар мен ұлттық табиғат парктердi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қорықтары мен ұлттық табиғат парктерiн дамыту жөнiнде кешендi шаралар (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгi Экология және биоресурстар министрлiгiмен бiрлесiп, республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтi жоспары мен бюджетiнiң жобасын әзiрлеген кезде жыл сайын мемлекет қажеттерiнiң құрамында мемлекеттiк қорықтар мен ұлттық табиғат парктерiн ұйымдастыру мен көркейтуге арналған орталықтандырылған қаржы бөлудi көздесiн.
      3. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi 1993 жылғы 1 қарашаға дейiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына Қазақстан Республикасының Табиғат-қорық қорының объектiлерiн дамыту және орналастырудың 2005 жылға дейiнгi кезеңге арналған схемасын енгiзсiн.
      4. Облыстардың әкiмдерi Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiмен бiрлесiп, мемлекеттiк қорықтар мен ұлттық табиғат парктер аумағынан басқа ұйымдарды шығару туралы мәселенi 1994 жылғы 1 қаңтарға дейiн шешсiн.
      5. <*>

     Ескерту. 5-тармақ күшiн жойған - ҚР Үкiметiнiң 1996.01.09.
              N 31 қаулысымен. 

P960031_

 
     6. Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар 
министрлiгiне қорықтар мен ұлттық табиғат парктердiң ғылым
кандидаты, докторы ғылыми атағы бар қызметкерлерiне лауазымдық
еңбек ақысының 30 процентi көлемiнде дербес қосымшалар белгiлеуге
рұқсат етiлсiн.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1993 жылғы 14 шiлдедегi
                                          N 607 қаулысымен
                                            Бекiтiлген
     
            Қазақстан Республикасында мемлекеттiк қорықтар мен 
              мемлекеттiк ұлттық табиғат парктерiн дамытудың 
                             Кешендi шаралары
                                (Кесте) 
      
      



Дата вступления в силу:  14.07.1993
Дата изменения акта:  09.01.1996
Дата принятия акта:  14.07.1993
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  607
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  016005000000 / 005020000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz