Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң материалдық-техникалық базасы туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 14 сәуiр 1993 ж. N 299

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Қаржыландыру-шаруашылық iстерi басқармасының балансындағы Панфилов көшесi, N 25 үйде орналасқан материалдық-техникалық база Қазақстан Республикасы Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Iс басқармасы өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiнiң балансына өткiзiлсiн.
      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнiң жанындағы күзет Бас басқармасының үкiмет мекемелерi мен дипломатиялық өкiлдiктерiн күзететiн милиция полкы аталған базаның аумағында барлық қызмет, қойма және басқа да үй-жайларымен бiрге орналастырылсын.
      Парламент Үйiндегi қазiргi қызмет алаңы 1994 жылдың аяғынан дейiн Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратында сақталынсын. <*>
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда берiлген - ҚРМК-нiң
               24.02.1994 ж. N 214 қаулысына сәйкес.
      2. Президент пен Министрлер Кабинетi Аппаратының Шаруашылық басқармасы биылғы жылдың 15 мамырына дейiн диеталық тамақтандыру асханасы кешенiнен басқа, соның аумағында тұрған барлық қызметтерiмен, құрылыстарымен, қоймаларымен және өндiрiстiк үй-жайларымен қоса "Жалын" қонақ үй кешенiн Жоғарғы Кеңестiң Қаржы-шаруашылық iстерi басқармасының балансына берсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiнiң жедел баспа мен бланк өнiмдерi баспаханасын (К. Маркс, 15/1) бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi Қаржы-шаруашылық iстерi басқармасының балансына беретiн болсын.
      Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi осы мақсатқа бөлген қаражат есебiнен баспахананы техникалық одан әрi қайта жарақтауға практикалық көмек көрсетсiн.
      4. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Компартиясының бұрынғы Iс Басқармасының автогаражын Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi Қаржы-шаруашылық iс басқармасының балансына

аудару мәселесiн он күн мерзiмде шешетiн болсын.
     5. Алматы қаласының әкiмi Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Кеңесiнiң құрылыс объектiлерi үшiн жер учаскесiн бөлу
мәселесiн екi ай мерзiмде қарайтын болсын.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi