08.04.1993

1993 жылдың астығынан мемлекеттiк ресурсқа дәндi, дәндi-бұршақты, майлы дақылдар мен шөптердiң сортты және буданды тұқымдарын сатып алу туралы

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы N 301 Қаулысымен.

                        (үзінді)
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен "Қазастықөнiмi" концернiнiң облыстар және дақылдар бойынша N 1, 2 қосымшаларға сәйкес мемлекеттiк ресурсқа 704 мың тонна көлемде дәндi-бұршақты дақылдардың (жүгерiсiз), жүгерiнiң 109,2 және майлы дақылдардың 21.7 мың тонна сортты тұқымдарын, сондай-ақ 7485 тонна көп жылдық, 7100 тонна бiр жылдық шөптердiң тұқымдарын сатып алу жөнiндегi ұсынысы қабылдансын.
      Сорттары мен будандары бойынша тұқымдарды сатып алу көлемi әрбiр тұқым өсiрушi шаруашылықтар мен мамандандырылған астық қабылдау кәсiпорындарына жеткiзiлсiн.
      В. Р. Вильямс атындағы Қазақ егiншiлiк ғылыми-зерттеу институты Алматы және Талдықорған облыстарының әкiмдерiмен бiрлесе отырып буданды жүгерiнiң аталық нысандарының тұқымдарын өсiрудi, жинауды және сұрыптауды үстiмiздегi жылы осы қаулыда көзделген (N 1 қосымша) мөлшерде сатып алу қамтамасыз етiлетiндей деңгейде ұйымдастырсын.
      2. "Қазастықөнiмi" концернi, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен облыстардың әкiмдерi 1993 жылдың астығынан дәндi, дәндi-бұршақты, майлы дақылдар мен шөптердiң сортты тұқымдарын сатып алуға контракттар шарттарын дер кезiнде жасауды қамтамасыз етсiн. Мемлекеттiк ресурсқа сортты тұқымдарды беру астық, майлы тұқым сатып алудың жалпы көлемiнiң және несие қайтарудың есебiне жатқызылады. Бұл орайда Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "1992 жылдың астығынан мемлекеттiк ресурсқа дәндi, дәндi бұршақты, майлы дақылдар мен шөптердiң сортты және буданды тұқымдарын сатып алу және сорттарға ақшалай үстеме мөлшерi туралы" (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, 1992 ж., N 12. 207 бап) 1992 жылғы 24 наурыздағы N 268 қаулысында көзделген сорттарға ақшалай үстеме төлей отырып республиканың барлық шаруашылықтарынан шексiз мөлшерде дәндi, дәндi-бұршақты және майлы дақылдардың перспективалы, тапшы сорттарын, сондай-ақ арпаның, сұлының, дәндi-бұршақты, майлы дақылдардың аудандастырылған сорттарын және көп жылдық шөптердiң, ақ жүгерi мен судан шөбiнiң барлық сорттарын қабылдауға рұқсат етiлсiн.
      Дәндi дақылдардың сортты тұқымдарын мемлекеттiк ресурсқа беру, оларды дайындау жылында күзгi егiске жөнелту мен босату барысында оларға сапасына қарай төлем жасалсын.
      3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 24 наурыздағы N 268 қаулысына N 4 қосымшаның күшi жойылған деп танылсын.
      4. 1993 жылдың егiн орағынан бастап жүгерi мен ақ жүгерiнiң сортты және буданды тұқымдарына, сондай-ақ күнбағыстың буданды тұқымына сорттарға ақшалай үстеме мөлшерi N 3, 4 және 5 қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
      5. Мемлекеттен ресурстан берiлетiн жүгерi тұқымын босату бағасын төмендету мақсатында барлық ведомстволардың жүгерi сұрыптау заводтары электр энергиясы үшiн ауыл шаруашылық тұтынушыларға арналған тарифтер бойынша ақы төлеу жағдайы жасалсын.
      6. Мамандандырылған астық қабылдау кәсiпорындарында iрiктелмеген, дәндi, майлы дақылдар мен шөптер тұқымдарының қалдықтары жиналып қалған жағдайда оларды шаруашылықтарға 1994 жылдың егiнiн салуға босатқаннан кейiн несиенi пайдаланғаны үшiн банкiге төленетiн проценттердi аталған кәсiпорындар кейiннен егiс мақсаттарына iске асырылатын шоттарға қосатын болып белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 8 сәуiрдегi N 279 қаулысына N 1, 2, 3, 4, 5 қосымшалар Қазақстан Республикасы бойынша 1993 жылдың астығынан дәндi және дәндi-бұршақты дақылдардың сортты, буданды тұқымдарын сатып алу КӨЛЕМI Қазақстан Республикасы бойынша 1993 жылдың астығынан майлы дақылдар мен жемдiк шөптердiң сортты тұқымдарын сатып алу КӨЛЕМI Сорттарға ақшалай үстеме МӨЛШЕРI
 


Дата вступления в силу:  08.04.1993
Дата изменения акта:  13.03.2009
Дата принятия акта:  08.04.1993
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  279
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  017010000000 / 017010000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz