Қазақстан Республикасы Тұтыну қоғамдары одағының (Қазтұтынуодағы) экспортқа шығаратын өнiмдерiне кедендiк баж салығын салу туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 2 сәуiр N 254. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.07.18. N 994 қаулысымен.

      Тұтыну кооперациясы кәсiпорындарының сыртқы экономикалық қызметiн одан әрi дамыту және ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушiлердi тауарлармен және жабдықпен қамтамасыз етуде жеңiлдiк жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазтұтынуодағы ұйымдарының экспорттық, оның iшiнде шетелдiк әрiптестермен тауар айырбасы (баспабас) негiзiнде беретiн өнiмдерiне экспортқа шығарылатын тауардың кедендiк құнының 5 процентi мөлшерiнде кедендiк баж салығы салынады деп белгiленсiн.
      2. Осы қаулы 1993 жылғы 1 сәуiрден күшiне енгiзiлсiн.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi