Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Емдеу-сауықтыру бiрлестiгiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 5 наурыз 1993 ж. N 173

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Емдеу-сауықтыру бiрлестiгiнiң Сочи қаласында "Қазақстан" санаторий кешенiн салу мен пайдалану жөнiнде акционерлiк қоғам құру және кешеннiң құрылысын Қазақстан Республикасы құрылтайшыларының қаржысы есебiнен жалғастыру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Емдеу-сауықтыру бiрлестiгiне Сочи қаласындағы Краснодар Курорткеңесiнiң "Правда" санаторий кешенi негiзiнде құрылған акционерлiк қоғам құрылтайшыларының бiрi болуға рұқсат етiлсiн.
      300 млн. сом мөлшерiндегi алғашқы жарнаны Сочи қаласындағы "Қазақстан" санаторий кешенiнiң құрылысына бөлiнген қаржы есебiнен төлеуге рұқсат етiлсiн.
      3. Сочи курорт ауданы аумағындағы тапсырыс берушiнiң және орындаушы органның функцияларын атқару Қазақстан Республикасының сауықтыру орындарын салу мен пайдалану жөнiндегi аймақаралық дирекцияға жүктелсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржыминi "1993 жылы Инвестиция қорының қаржысын пайдалану туралы" Республика Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 10 ақпандағы N 95 қаулысында көзделген 450 млн. сом мөлшерiндегi қаржыны 1993 жылдың бiрiншi жартысында бөлудi қамтамасыз етедi.
      5. Емдеу-сауықтыру бiрлестiгiне 1993 жылға Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң резерв қорынан бiрлестiкке бағынысты мекемелер үшiн автокөлiк алуға 100 млн. сом бөлiнсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi