24.02.1993

Қазақстан Республикасының Семей облысындағы Бақыршық тау-кен бiрлескен кәсiпорнын құру туралы "Минпрок-Чилевич, Лимитед компаниясымен жасалған келiсiмдi бекiту туралы

      Шетел капиталын тарту, тиiмдi экологиялық таза технологияны қолдану, жоғары рентабельдi өндiрiс құру негiзiнде Бақыршық алтын-мышьяк кен орнын игерудi жеделдету және аймақтың әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламасын шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Семей облысында Бақыршық тау-кен бiрлескен кәсiпорнын құру туралы "Минпрок-Чилевич, Лимитед" (АҚШ) компаниясымен жасалған Келiсiм бекiтiлсiн.
      2.
      Ескерту. 2-тармақтың күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1996.12.14.
               N 1541 қаулысымен. P961541_
      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақ КСР-iнде алтын қорын және алмас қорын жасау туралы" 1991 жылғы 31 тамыздағы Жарлығына сәйкес Бақыршық тау-кен бiрлескен кәсiпорны бiрлескен кәсiпорнында шығарылған барлық алтынның көлемiн республиканың Мемқоймасына тапсыруды көздесiн.
      4. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 3 сәуірдегі "Алтын қоры және алмас қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшіне енгізу туралы" қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бақыршық тау-кен бiрлескен кәсiпорнының шетелдік қатысушысымен олар өндіретін тазартылған бағалы металдар үшін есеп айырысуға жыл сайын республикалық бюджеттің шығыс бөлігінде валюта қаржысын қарасын.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің тапсыруы бойынша Бақыршық тау-кен бiрлескен кәсiпорнының шетелдік қатысушысына олар Мемқоймаға тапсыратын бағалы металдар үшін төлемді бюджетте көзделген қаржының есебінен АҚШ долларымен жасау жөнінде тиісті операциялар жүргізсін.
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінiң 1993.07.12.
               N 595 қаулысымен.
      5. Бақыршық кен орнының рудасы мышьяк пен көмiртек болуына орай берiк екендiгi және отандық технология бойынша тиiмдi өңдеу келмейтiндiгi және осыған байланысты Бақыршық тау-кен бiрлескен кәсiпорнының қызметiне "Шетелдiң инвестицияларды пайдаланатын кәсiпорындар Заңның ("Қазақ КСР-iндегi шетелдiк инвестициялар туралы" 1990 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақ КСР Заңына қосымша) 20 бабына сәйкес жеңiлдiктер ала отырып өндiретiн өнiмдер мен көрсететiн қызметтердiң Тiзбесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 26 маусымдағы Заңы қолданылатындығы еске алынсын.

 

     6.



     Ескерту. 6-тармақтың күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1996.12.14.

              N 1541 қаулысымен.

     7. "Минпрок-Чилевич, Лимитед" (АҚШ) компаниясымен Келiсiмдi

әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобы мүдделi ұйымдармен бiрге 10 күн

мерзiм iшiнде Қазақ Жағынан Бақыршық тау-кен бiрлескен

кәсiпорнының Басқарма мүшелерiнiң құрамын ресiмдеп, Америка

Жағына хабарлайтын болсын.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-министрi







Дата вступления в силу:  24.02.1993
Дата изменения акта:  14.12.1996
Дата принятия акта:  24.02.1993
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  82687
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  145
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  005004001000 / 005004006000 / 012001000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz