13.02.1993

Каспий теңiзiнде көмiр-сутегi шикiзатын өндiрудi жолға қою және дамыту туралы

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.04  N 406  Қаулысымен.

      Каспий теңiзiнiң Қазақстан Республикасының Атырау мен Маңғыстау облыстарындағы жағалаулары мен суы тайыз секторында көмiр-сутегi шикiзатын бағалауды жеделдету және оны барлау мен өндiру тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Каспий теңiзiнiң қазақстандық бөлiгiндегi көмiр-сутегi шикiзатын геологиялық-геофизикалық зерттеу, барлау және өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыруды үйлестiруге жауапты орган ретiнде Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгi белгiленсiн. Зерттеу жұмыстары Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiмен бiрлесiп үйлестiрiледi. 
      Энергетика және отын ресурстары министрлiгiнiң осы мақсатта арнаулы "Қазақстанкаспийшельф" мемлекеттiк компаниясын құрып, тиiстi халықаралық консорциум ұйымдастыру жөнiндегi ұсынысы қабылдансын. 
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгi Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiмен, Ұлттық ғылым академиясымен бiрге Солтүстiк Каспийдiң қорықтық аймағының жағалау аудандарда жұмыс жүргiзудiң айрықша экологиялық шарттарын ескерiп, шельфтегi кен көздерiн бағалау мен дамыту жөнiндегi жұмыстардың бағдарламасын әзiрлеп, белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына енгiзсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Каспий теңiзi аумағында мұнай-газ кен орындарын геологиялық-геофизикалық зерттеу және игеру бағдарламасын жүзеге асыру үшiн орталықтандырылған қаржы (оның iшiнде валюта қаржысы) бөлiнуiн көздейтiн болсын. 
      4.  Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.07.03.  N 1050а  Қаулысымен. 
      5. Маңғыстау және Атырау облыстарының әкiмдерi "Қазақстанкаспийшельф" мемлекеттiк компаниясына қызметтiк және өндiрiстiк үй-жайлар, мамандарға тұрғын үйлер, өндiрiстiк база мен тұрғын үйлер салуға жер бөлуде, байланыс құралдарымен қамтамасыз етуде және әлеуметтiк мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуде көмектесiп отырсын. 
      6. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгi "Қазақстанкаспийшельф" мемлекеттiк компаниясының жұмыс iстеуiне жағдай жасау мақсатында тиiстi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп нысаналы мақсатпен қызметтiк автокөлiк, байланыс құралдарын, қажеттi материалдық-қаржылық ресурстар бөлу мәселесiн шешетiн болсын. 
      7. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi республиканың басқа да министрлiктерiмен және ведомстволарымен бiрлесе отырып Каспий теңiзi аумағы бойынша теңiз шекарасын белгiлеу жөнiнде Каспий теңiзiне iргелес мемлекеттермен келiссөз жүргiзсiн және оны тиiстi келiсiммен баянды етсiн. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi


Дата вступления в силу:  13.02.1993
Дата изменения акта:  04.05.2008
Дата принятия акта:  13.02.1993
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  97
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  012001000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz