Темiржол көлiгiмен жүк тасу және жолаушы тасу тарифтерi туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 30 желтоқсан 1992 ж. N 1100

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң Қазақстан

Республикасының Мемэкономкомы жанындағы Баға комитетiмен және
Қаржы министрлiгiмен келiсiлген:
     1. 1993 жылғы 1 қаңтардан бастап республика iшiнде темiржол
көлiгiмен жүк тасымалдауға республикааралық тасымал үшiн 
белгiленген тариф енгiзу туралы.
     2. 1992 жылғы 31 желтоқсанда қолданылған темiржол көлiгiмен
жолаушы тасу және жүк тасу (қалааралық қатынастан басқа) 
тарифiнiң деңгейiне 2,5 шектi коэффициент белгiлеу туралы ұсынысы
қабылдансын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi