28.12.1992

Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдары жеке құрамының ақшалай табысын (айлық ақысын) арттыру туралы

      "Қазақстан Республикасының 1992 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң әлеуметтiк қорғалуын күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      (1,2-тармақтар)
      Ескерту. 1,2 - тармақтар күшiн жойған - ҚРМК-нiң 1994.05.18.
               N 530 қаулысымен.
      3. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу шарттары N 11 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      4. Қызметтiң ерекше жағдайы, кәсiбi шеберлiгi үшiн iшкi iстер органдарында бұрыннан қолданылып келген үстемеақылар мен қосымша ақылар және ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдер N 12 қосымшаға сәйкес сақталсын.
      5. Еңбекке ақы төлеудiң осы шарттары iшкi iстер органдарының қарамағындағы республикадан тыс iссапарға жiберiлген, сондай-ақ Iшкi iстер министрлiгiнiң кадрларында есепте тұрып, басқа министрлiктер мен ведомстволардың жүйесiнде жұмыс iстейтiн, Iшкiмин жүйесiнiң оқу орындарына оқуға кеткен қатардағы және басшы құрамына қолданылады деп белгiленсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрiне барлық басқа лауазымдарға /Iшкi әскерлер қолбасшысы басқармасының аппаратын қоса алғанда/ осы қаулымен енгiзiлген жалақыларға қарайлас жалақы белгiлеу хұқы берiлсiн.
      7. Осы қаулыда көзделген еңбекке ақы төлеудiң шарттары 1992 жылғы 1 желтоқсаннан бастап енгiзiлсiн.
 
             Қазақстан Республикасының
                 Премьер-министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                      1992 жылғы 28 желтоқсандағы
                                           N 1088 қаулысына
                                           N 1-10 қосымша
 

                                       Қазақстан Республикасы



                                       Министрлер Кабинетiнiң

                                     1992 жылғы 28 желтоқсандағы

                                          N 1088 қаулысына

                                             N 11 қосымша                 



 
 
              Қазақстан Республикасының iшкi iстер

 

            органдары қызметкерлерiне


                      Еңбекақы төлеу шарттары

     1. Басшы құрамның арнаулы әскери атағы жоқ қызметкерлерге

Iшкi iстер органдарында үздiксiз қызмет атқарғаны үшiн мынадай

проценттiк үстемеақы тағайындалсын /айына/:

     қызмет өтiлi 3 жылдан 5 жылға дейiнгiлер үшiн - 10 процент

      -"-         5 ----- 10 --------------------  - 15 процент

      -"-        10 ----- 15 --------------------  - 20 процент

      -"-        15 ----- 20 --------------------  - 25 процент           


      -"-        20 жылдан асқандары үшiн          - 30 процент;




     Сiңiрген еңбегi үшiн проценттiк үстемеақы:


 
       - Лауазымдық, оның iшiнде көтерiңкi жалақы және арнаулы әскери атағы бойынша жалақы алатын басшы құрамдағы адамдарға осы жалақылар сомасында;
       - лауазымдық, соның iшiнде көтерiңкi жалақы және арнаулы әскери атағы бойынша жалақы алатын қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға - осы жалақылар сомасында;
      - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi оқу орындарының сақталған ақшалай жалақысын алатын, оқу кезеңiнде басшы құрамның кезектi арнаулы әскери атағы берiлген, тыңдаушылары мен курсанттарына - бұрын атқарған лауазымы бойынша лауазымдық жалақысы мен дербес берiлген арнаулы әскери атағы бойынша жалақысының есебiнен;
      - Арнаулы әскери атағы жоқ басшы құрамдағы (iшкi iстер органдарының жеке құрамына қызмет көрсететiн денсаулық сақтау мекемелерiнен басқасы) адамдарға iшкi iстер органдарындағы үзiлiссiз жұмысы үшiн үстемақы лауазымдық, оның iшiнде көтерiңкi жалақысына есептеледi.
      Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрлiгiнiң селолық жерлерде орналасқан еңбекте түзеу мекемелерi жүйесiндегi медицина бөлiмдерiнде, амбулаторияларда, денсаулық пункттерiнде, ауруханаларда iстейтiн, оның жеке құрамға қызмет көрсететiн басшы құрамның атағы жоқ медицина қызметкерлерiне ай сайынғы проценттiк үстемеақы үзiлiссiз жұмысының алғашқы үш жылы және одан кейiнгi әрбiр екi жылы үшiн лауазымдық жалақысының 10 процентi мөлшерiнде, бiрақ 40 проценттен асырмай төленедi.
      Ескерту. 1-тармақтың бiрiншi және үшiншi-бесiншi абзацтары
               жаңа редакцияда берiлген - ҚРМК-нiң 1994.05.18.
               N 530 қаулысымен.
      2. Iшкi iстер органдары басшыларына белгiленген еңбекақы қоры шегiнде:
      - қызметкерлерге 4 айлыққа дейiнгi жалақы мөлшерiнде сыйлық беру. Наградтаудың (сыйлықтың) нақты мөлшерi шектелмейдi;
      - қызметкерлерге екi айлыққа дейiнгi жалақы мөлшерiнде жылына ақшалай материалдық көмек көрсету хұқығы берiлсiн;
      - қызмет ерекшелiгiн ескере отырып (милиционер лауазымы мен оперативтiк және тергеу функцияларын атқаруға байланысты лауазымдарды қоспағанда), қатардағы және басшы құрам адамдары iшiндегi әйелдердiң бала күтуге байланысты демалыста болуы кезеңiнде олардың орнына қызметшi ретiнде басқа қызметкерлер атқаруы мүмкiн лауазымдардың тiзбесi бекiтiлсiн. Осындай жағдайларда қабылданған қызметкерлермен мерзiмдi шарттар жасалсын. Аталған адамдарға атқарып жүрген лауазымы бойынша белгiленген жалақы төленсiн.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚРМК-нiң
               1994.05.18. қаулысымен.
 
      3. Iшкi iстер органдары басшыларына сыйлық беру жоғары тұрған органның шешiмiмен жүргiзiледi.
      Iшкi iстер министрi, Iшкi iстер министрлiгi жүйесiндегi органдары мен бөлiмшелердiң басшылары сыйлық туралы ереженi әзiрлеп, бекiтсiн.
      4. Оқу органдарының оқу мерзiмi кезiнде қатардағы және басшы құрамының арнаулы әскери атағын тыңдаушылары мен курсанттарына:
      - сақталған ақшалай жалақы алатындарға - бұрын атқарған лауазымы бойынша лауазымдық жалақысы, дербес берiлген арнаулы әскери атағы бойынша жалақысы және үздiксiз қызмет атқарған жылдары үшiн проценттiк үстемеақысы есебiнен;
      - стипендия алатындарға - стипендиясы және арнаулы әскери атағы бойынша дербес берiлген жалақы есебiнен ақшалай жалақы төленедi.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерiстер енгiзiлген - ҚРМК-нiң
               1994.05.18. N 530 қаулысымен.
      (5-тармақ) - күшiн жойған.
      5. Iшкi iстер органдарының арнаулы әскери атағы жоқ, жұмысының сипаты жөнiнде халық шаруашылығының тиiстi салаларына жататын /бюджеттегi секторы/ қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу осы салалар үшiн белгiленген шарттар негiзiнде жүргiзiлсiн.
      6. Арнаулы әскери атақтары жоқ қызметкерлерге уақытша болмаған қызметкерлердiң кәсiбiн, сондай-ақ бос қызметтi қоса атқаруына рұқсат етiлiп, iс жүзiнде орындаған жұмыс көлемi үшiн босаған қызметкердiң үнемделген жалақысы шегiнде ақы төленсiн.
      7. Осы қаулыға енбеген iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң бұрын қолданылып келген шарттары сақталсын.
 

                                       Қазақстан Республикасы



                                       Министрлер Кабинетiнiң

                                    1992 жылғы 28 желтоқсандағы

                                          N 1088 қаулысына

                                            N 12 қосымша



 
              Ерекше жұмыс жағдайы үшiн iшкi iстер органдары
             қызметкерлерiнiң жалақысын өсiру және үстемеақылар
 
             Ерекше жағдайда қызмет атқарғаны үшiн лауазымдық
             жалақыны өсiру
             _________________________________________________
 
      Еңбекпен түзеу колонияларының, еңбекпен түзеу колониялары бөлiмшелерiнiң, еңбекпен түзеу колониялары-қоныстарының, еңбекпен тәрбиелеу колонияларының, түрмелердiң, сондай-ақ олардың құрамына енетiн өндiрiстiк кәсiпорындардың басшы құрамның атақтары жоқ қызметкерлерiнiң жалақысы /ставкасы/ 15 процент арттырылады. Өндiрiстiк емес салалардың қызметкерлерi /денсаулық сақтау, бiлiм беру, сауда, қоғамдық тамақтандыру, материалдық-техникалық жабдықтау және өткiзу, тұрған үй-коммуналдық шаруашылық және күзет ұйымдары/ қосылмайды.
      Еңбекпен түзеу мекемелерiнiң өнеркәсiп кәсiпорындарының штаты бойынша өтетiн мәшине-есептеу бюролары /стансалары/ қызметкерлерiнiң жалақысы /ставкасы/ да осындай мөлшерде өсiрiледi.
      Еңбекпен түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларының сотталғандарға арналған кiтапханалары мен клубтары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысы 20 процент арттырылады.
      Еңбекпен түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларының қоғамдық тамақтандыру /сотталғандарға арналған асхана меңгерушiсi, бас аспазшы және асхана аспазы/, сауданың сотталғандарға арналған дүкеннiң сатушысы/ жекелеген санаттағы қызметкерлерiнiң, сондай-ақ сотталғандармен тiкелей қатынаста болатын тергеу изоляторларының оқу-өндiрiстiк шеберханалары қызметкерлерiнiң жалақысы 15 процент арттырылады.
      Еңбекпен түзеу колонияларының /оның iшiнде балалар үйлерiнiң/, еңбекпен түзеу колониялары-қоныстарының, еңбекпен тәрбиелеу колонияларының, түрмелердiң, тергеу изоляторларының, сотталғандарды емдейтiн ауруханалардың басшы құрамның атақтары жоқ медициналық қызметкерлерiнiң жалақысы /ставкасы/ 30 процент, осы мекемелердiң фармацев қызметкерлерiнiң жалақысы - 20 процент, еңбекпен түзеу мекемелерi ауруханаларының басқа қызметкерлерiнiң жалақысы - 15 процент өсiрiледi.
      2. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға, сондай-ақ басшы құрамның атағы жоқ адамдарына лауазымдық жалақысы /ставкасы/ жалпы режимдегi еңбекпен түзеу мекемелерiнiң тиiстi қызметкерлерiнiң жалақысымен салыстырғанда:
      - қатаң режимдегi еңбекпен түзеу колонияларында - 10 процент;
      - ерекше режимдегi еңбекпен түзеу колонияларында - 15 процент арттырылады.
      Түрмелердiң орта және аға басшы құрамдағы адамдарының, сондай-ақ басшы құрамның атағы жоқ адамдарының жалақысы /ставкасы/ 15 процент өсiрiледi.
      Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды емдеуге арналған ауруханалардың қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының, сондай-ақ басшы құрамның атағы жоқ адамдарының жалақысы /ставкасы/:
      егер соттың үкiмiмен қатаң режимдегi немесе ерекше режимдегi және қатаң режимдегi еңбекпен түзеу колонияларында бас бостандығынан айыруды өтеу белгiленген емдеудегi сотталғандардың саны, барлығын қоса алғанда, аурухананы толтыру лимитiнен /төсек-орын санынан/ 50 проценттен артық болса,
      а) 10 процентке;
      егер соттың үкiмiмен ерекше режимдегi еңбекпен түзеу колонияларында бас бостандығынан айыруды өтеу белгiленген емдеудегi сотталғандардың саны аурухананы толтыру лимитiнен /төсек-орын санынан/ 50 проценттен артық болса,
      б) 15 процент өсiрiледi.
      Басшы құрамның атағы жоқ адамдардың жалақысын /ставкасын/ жоғарыда көрсетiлгендей өсiру осы қосымшаның I-тармағына сәйкес лауазымдық жалақысын /ставкасын/ көтеруге қолданылатын еңбекпен түзеу мекемелерiнiң қызметкерлерiне жүргiзiледi.
      3. Сотталғандарды және бұлтартпау шаралары ретiнде қамауда отырған адамдарды, туберкулезбен ауырғандарды ұстау және еңбекте пайдалану үшiн арнайы құрылған еңбекпен түзеу колонияларында /бөлiмшелерiнде/, учаскелерiнде, түрмелерде, тергеу изоляторларында, ауруханаларда, емдеу-еңбек және оқу-өндiрiстiк шеберханаларда жұмыс iстегенi үшiн қатардағы және басшы құрамның адамдарына, сондай-ақ басшы құрамның атағы жоқ адамдарға лауазымдық жалақысы /ставкасы/ мекеме басшысы бекiткен лауазымдар тiзбесiне сәйкес 15 процент арттырылып, ал медицина қызметкерлерiне - Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi денсаулық сақтау қызметкерлерiне арнап бекiткен тiзбе бойынша төленедi.
      Туберкулезбен ауырғандарды емдеуге толық арналмаған, осы тармақта аталған мекемелердiң туберкулезбен ауыратындармен жұмыс iстеуге айлық жұмыс уақытының кемiнде 50 процентiн жұмсайтын қызметкерлерiнiң жалақысы /ставкасы/ да мекеме басшысы бекiткен лауазымдар тiзбесi бойынша осындай мөлшерде арттырылады.
      4. Басшы құрам қатардағы медицина қызметкерлерiнiң, адамдардың жалақысы:
      - туберкулез ауруханалары мен санаторийлерiндегi, сондай-ақ жалпы типтегi емдеу мекемелерiнiң туберкулез бөлiмшелерiндегi, палаталары мен кабинеттерiндегi жұмысы үшiн;
      Сiлтеме. Еңбекпен түзеу колонияларының /бөлiмшелерiнiң/, учаскелерiнiң, түрмелердiң, тергеу изоляторларының, ауруханалардың, емдеу-еңбек және оқу-өндiрiстiк шеберханалардың сотталғандармен және бұлтартпау шаралары ретiнде қамаудағы адамдармен, туберкулезбен ауыратындармен жұмыс iстейтiн медицина қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысын өсiру осы қосымшаның 3-тармағына сәйкес жүргiзiледi.
      - жалпы типтегi емдеу мекемелерiнiң жұқпалы аурулар мен терi ауруларына шалдыққандарға арналған бөлiмшелерi мен палаталарында, жұқпалы ауруханалар кабинетiнде жұмыс iстегенi үшiн;
      - тек қана соз ауруымен ауырғандарды жатқызуға арналған бөлiмшелер мен палаталарда жұмыс iстегенi үшiн;
      - рентген, рентген-флюорографиялық, радиологиялық және рентген-радиологиялық бөлiмшелерде, кабинеттер мен лабораторияларда жұмыс iстегенi үшiн;
      - патологоанатомиялық лабораториялар мен бөлiмшелерде /прозекторлық, морг/ жұмыс iстегенi үшiн;
      - токсикология лабораторияларында жұмыс iстегенi үшiн;
      - емдеу мекемелерi мен санитарлық-эпидемиологиялық стансаларда мамандығы бойынша жұмыс iстейтiн эпидемиолог, анестизиолог-реаниматолог, бактериолог, вирусолог, радиолог, паразитолог дәрігерлерi мен дезинфекционистерге;
      - хирургиялық iрiң ауруларымен және асқынған аурулармен науқастанғандарды емдейтiн iрiңдi хирургия бөлiмшесiнiң /палатасының/, сондай-ақ гемодиализ, тастарды қашықтан рентген толқыны соққысымен ұнтақтайтын, мидың қан айналысы бұзылған науқастарға арналған неврологиялық бөлiмшелердiң медицина қызметкерлерiне
      а) 15 процент;
      - ақыл-есi ауысқан ауруларды күту мен емдеуге арналған емдеу мекемелерiнде, бөлiмшелерде, палаталарда, кабинеттерде, наркология бөлiмшелерiнде, кабинеттерi мен палаталарында жұмыс iстегенi үшiн;
      - Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрлiгi аппаратында, облыстар мен қалалардың iшкi iстер басқармаларында жұмыс iстейтiн дәрiгерлердi қоспағанда, мамандығы бойынша жұмыс iстейтiн дәрiгер-психиатрларға, дәрiгер-психиатр-наркологтарға;
      - созылмалы алкоголизммен және нашақорлықпен ауыратын сотталғандарды күту мен ерiксiз емдеу арнайы құрылған еңбекпен түзеу колонияларында жұмыс iстегенi үшiн
      б) 25 процент арттырылады.
      Жалақы мөлшерiн көтеруге хұқы бар адамдардың /еңбекпен түзеу колониялары бастықтарының емдеу-профилактикалық жұмыс жөнiндегi орынбасарлары мен медицина бөлiмдерi бастықтарын қоса/ дербес тiзiмi Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгi денсаулық сақтау қызметкерлерi үшiн бекiткен тiзбеге сәйкес мекеме бастығының бұйрығымен жарияланады.
      Жұмыс жағдайының зияндылығы немесе хауiптiлiгi әр түрлi болуына қарай медицина қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыны өсiруге хұқығы болған реттерде лауазымдық жалақысы 25 процент арттырылады.
      Ескерту. 4-тармақтан сөздер алынып тасталған - ҚРМК-нiң
               1994.05.18. N 530 қаулысымен.
      5. Психиатриялық ауруханадағы адамдарды қатаң бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын күзет бөлiмi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысы 25 процент өсiрiледi.
      Егер жалпы типтегi емдеу мекемелерiндегi, сондай-ақ тергеу изоляторлары мен түрмелердегi корпус бақылаушылары, аға бақылаушылар мен аға қызметкер айлық жұмыс уақыты нормасының кемiнде 50 процентiн ақыл-есi ауысқан аурулар бар бөлiмшелерге, палаталарға /камераларға/ қызмет көрсетуге жұмсаған жағдайда олардың лауазымдық жалақысы 25 процент арттырылады.
      6. Әрбiр жағдайда лауазымдық жалақыны /ставканы/ өсiру негiзгi лауазымдық жалақыдан /ставкадан/ есептеледi. Процентпен бейнеленген лауазымдық жалақыны /ставканы/ өсiру мөлшерi қосылады да жалақы /ставка/ проценттер сомасына арттырылады.
 
      Ерекше қызмет жағдайы үшiн үстемеақылар, қосымшаақылар
      және басқа төлемдер
     _________________________________________________________
 
      1. Қатардағы, кiшi орта және аға басшы құрамдағы адамдарға кластық бiлiктiлiгi үшiн:
      - 2 класты маман атағы барларға /II-санаттағы бiлiктiлiгi бар медицина қызметкерлерiне /лауазымдық жалақысының 5 процентi;
      - I класты маман атағы барларға /I-санаттағы бiлiктiлiгi бар медицина қызметкерлерiне/ - лауазымдық жалақысының 7 процентi;
      - I класты маман-тәлiмгер атағы барларға /жоғары санаттағы бiлiктiлiгi бар медицина қызметкерлерiне/ - лауазымдық жалақысының 10 процентi мөлшерiнде үстемеақы төленедi.
      2. Жұмыс жағдайына қарай демалыс күндерi жұмыста болуы қажет Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң өндiрiстiк кәсiпорындары мен құрылыс ұйымдарының басшы құрамының адамдары қатарындағы басшылары мен мамандарына, сондай-ақ еңбекпен түзеу колонияларының, еңбекпен түзеу колониялары-қоныстары, еңбекпен тәрбиелеу колониялары мен түрмелердiң жекелеген санаттағы қызметкерлерiне сотталғандармен жұмыс iстегенi үшiн олардың әрқайсысына берiлетiн қосымша демалыс күнiнiң орнына мекеме басшысы бекiткен лауазымдар тiзбесi бойынша лауазымдық жалақысының 5 процентi, бiрақ айына 10 проценттен аспайтын мөлшерде үстемеақы төлеуге рұқсат етiлсiн.
      Зиянды еңбек жағдайына байланысты жұмысы, режимi және басқа негiздерi бойынша көтерiңкi жалақы төленетiн адамдарға бұл үстемеақы көтерiңкi жалақысына есептелiнедi.
      Үстемеақы төлеу еңбекақы қорын үнемдеу шеңберiнде жүргiзiлсiн.
      Қызметкерлердi айына екi демалыс күнiнен артық жұмысқа қатыстырған жағдайда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес оларға басқа күндерi демалыс берiледi.
      3. Жүргiзушi милиционерлерге, әскерилендiрiлген өрт сөндiру күзетiнiң жүргiзушiлерiне, жүргiзушi-қызметкерлерге, жол қозғалысы инспекторларына, сондай-ақ автомобильдерде қызмет атқаратын өрт сөндiру мәшинесiн жүргiзушi аға нұсқаушыларға;
      - бiрiншi класты жүргiзушiлiк куәлiгi барларға - лауазымдық жалақысының 15 процентi;
      - екiншi класты жүргiзушiлiк куәлiгi барларға - лауазымдық жалақысының 10 процентi мөлшерiнде үстемеақы төленедi.
      4. Ерекше қызмет жағдайы үшiн:
      - ерекше мақсаттағы милиция отрядтарының, ҚАЖББ жүйесiнiң арнаулы мақсаттағы отрядтарының қатардағы және басшы құрамына;
      - бiрiншi кезектi апат-құтқару жұмыстарын жүргiзген жағдайда мамандандырылған отрядтар мен әскерилендiрiлген өрт сөндiру күзетi бөлiмдерiнiң қатардағы және басшы құрамына;
      - ұсталған және қамауға алынған адамдарды уақытша ұстау изоляторларының, милицияның күзетқызметiнiң саптық бөлiмшелерiнiң, тергеу изоляторлары мен түрмелердiң қатардағы және кiшi басшы құрамына денсаулыққа қатерлi еңбек жағдайы үшiн;
      - кепiлдi берiктiгiн құпияландыру аппараты бар "Роса-Д" кешенiнiң абоненттiк стансасымен белгiленген тәртiппен жабдықталған жеңiл автомобильдердiң жүргiзушi-қызметкерлерiне;
      - медициналық айықтырғыштарда: бастық, бастықтың орынбасары, кезекшi инспектор, профилактика инспекторы, взвод командирi, милиционер қызметiнде жұмыс iстегенi үшiн;
      - қызмет иттерiмен патрульдiк-күзет қызметiн атқарғаны, оларды күтiп-бағу және жаттықтыру жөнiндегi жұмыстарды орындағаны үшiн қатардағы және басшы құрамға.
      Соның өзiнде егер кiшi инспектор-кинологтар өздерiнiң негiзгi қызметтерiнен тыс жұмыс уақытының кемiнде жартысын қызмет иттерiмен патрульдiк-күзет қызметiн атқаруға жұмсаған жағдайда ғана /өткен айдағы жұмысы есебiне қарай/ оларға аталған үстемеақы төленуге тиiс.
      Тұрғын жерiнде ұсталып, қоғамдық тәртiптi сақтау мен қылмысқа қарсы күресте пайдаланылатын қызмет иттерiн күтiп-баққаны, жаттықтырғаны және тамақтандырғаны үшiн кинологтардың лауазымдық жалақысының 20 процентi мөлшерiнде ақшалай өтем жасалады;
      - милицияның саптағы атты бөлiмшелерiнiң қатардағы және басшы құрамына-қызмет атқарғаны және атты күтiп-баққаны үшiн лауазымдық жалақының 10 процентi мөлшерiнде үстемеақы төленедi.
      5. Кәмелетке толмағандардың қабылдауыш-бөлу орындарында, сондай-ақ қаңғыбастығы үшiн ұсталғандардың қабылдауханасындағы қызметтiң ерекше жағдайы үшiн қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға лауазымдық жалақысының 25 процентi мөлшерiнде үстемеақы төленедi.
      6. Оба, туляремия, бруцеллез және басқа ауру түрлерiн жою жөнiндегi жұмыстарға қатардағы және басшы құрам тартылған жағдайда қосымша ақшалай ақы төлеу туралы /екiншi лауазымдық жалақы, тәулiктiк ақша және басқалары/ мәселенi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi мен Қаржы министрлiгiнiң "Эпидемиямен күрес жөнiндегi шараларға бюджеттен қаржы жұмсау және қызметкерлердiң iссапарын төлеу тәртiбi туралы" нұсқауына қарайластырып эпидемияның әрбiр нақты жағдайына қарай республиканың Iшкi iстер министрлiгi қарастырады.
      7. Өрт, апат және түтiндендiрiлген ортадағы жаттығу жағдайларында оттегiн жұтқыш противогаздарда жұмыс iстегенi үшiн әскерилендiрiлген өрт сөндiру күзетiнiң қатардағы және басшы құрамның адамдарына жұмыс сағатына төрт сағаттық ставка мөлшерiнде қосымшаақы /айлық жалақысы құрамында бiр сағаттық ставка және жалақысынан тыс үш сағаттық ставка/ төленедi. Есеп лауазымдық жалақыдан жүргiзiледi.
      8. Төтенше жағдайда қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi қызметтi атқарған қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға ақшалай ақы үш есе мөлшерде төленедi.
      9. Iшкi iстер органдарының шифрлық қызмет штатында тұрған және тiкелей шифрлық жұмыста iстейтiн басшы құрамның адамдарына, шифрларға байланысты жұмыстағы шифрлық қызмет қызметкерлерiн даярлау, қайта даярлау, олардың бiлiктiлiгiн жетiлдiру мен көтеру курстарының басшы және оқытушы құрамына аталған қызметтер мен Iшкi iстер министрлiгi курстарындағы үздiксiз жұмысы үшiн лауазымдық жалақысына:
      - 1 жылдан 3 жылға дейiнгi үздiксiз жұмысы үшiн - 10 %
      - 3 жылдан 6 жылға дейiнгi үздiксiз жұмысы үшiн - 15 %
      - 6 жылдан астам үздiксiз жұмысы үшiн - 20 % мөлшерiнде үстемеақы төленедi.
      10. Әскери=жұмылдыру бөлiмшелерiндегi үздiксiз жұмыс стажын есепке ала отырып, әскери-жұмылдыру бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысына:
      1 жылдан 2 жылға дейiнгi үздiксiз жұмысы үшiн - 10 %
      2 жылдан 4 жылға дейiнгi үздiксiз жұмысы үшiн - 15 %
      4 жылдан астам үздiксiз жұмысы үшiн - 20 % мөлшерiнде үстемеақы төленедi.
      11. Қаңғыбастығы үшiн ұсталған адамдарға, кәмелетке толмағандарға арналған қабылдау-бөлуханалардың, әкiмшiлiк жолмен тұтқындалғандардың арнаулы қабылдауханаларының, медициналық айықтырғыштардың арнаулы әскери атағы жоқ қызметкерлерiне /оның iшiнде медицина қызметкерлерiне/ лауазымдық жалақысына 25

 

процент, дезинфектор лауазымы бойынша - 35 процент мөлшерiнде

үстемеақы төленедi.

     12. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi ерекше

жағдайдағы қызмет үшiн өзге де үстемеақылар мен қосымша төлемдердi

бекiте алады. Мұндай жағдайда үстемеақылар мен қосымша төлемдердiң

жалпы мөлшерi айлық лауазымдық жалақының 40 процентiнен аспауы

тиiс.



     Ескерту. 12-қосымша жаңа тармақпен толықтырылды - ҚРМК-нiң

              1995.06.15. N 829 қаулысымен.  

                                       Қазақстан Республикасы

                                       Министрлер Кабинетiнiң

                                    1992 жылғы 28 желтоқсандағы

                                           N 1088 қаулысына

                                            N 18 қосымша


            Iшкi iстер органдарының, орта, аға және жоғары басшы

            құрамдағы адамдарының арнаулы атақтар бойынша

                        Жалақылары

_________________________________________________________________

     Арнаулы әскери атақтар         ! Арнаулы әскери атақ бойынша

                                    ! жалақы /айына сом есебiмен/

_________________________________________________________________

     Кiшi сержант                             1000


     Сержант                                  1200


     Аға сержант                              1400


     Старшина                                 1600


     Прапорщик                                2000


     Аға прапорщик                            2200


     Кiшi лейтенант                           3000


     Лейтенант                                3400


     Аға лейтенант                            3800


     Капитан                                  4200


     Майор                                    4600


     Подполковник                             5000


     Полковник                                5400


     Генерал-майор                            6400


     Генерал-лейтенант                        7000


     Генерал-полковник                        7600


     Ескерту: Арнаулы әскери атақтар бойынша жалақылар Қазақстан

              Республикасының Қарулы күштерiнiң, Iшкi

              әскерлерiнiң, Ұлттық хауiпсiздiк комитетiнiң әскери

              қызметшiлерiне арналған мерзiмге енгiзiледi.      






Дата вступления в силу:  28.12.1992
Дата изменения акта:  25.12.1996
Дата принятия акта:  28.12.1992
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  1423
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1088
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  002010000000 / 031000000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz