24.12.1992

Юнеско iстерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясын құру туралы

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң ЮНЕСКО

iстерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясын құру
туралы ұсынысы мақұлдансын.
     2. ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының Ұлттық
комиссиясының Ережесi (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
     3. ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының Ұлттық
комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
     4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне
ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының Ұлттық
комиссиясының қызметiн үйлестiру жүктелсiн.

            Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                     1992 жылғы 24 желтоқсандағы
                                           N 1077 қаулысымен
                                             Бекiтiлген

            ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының
                      Ұлттық комиссиясы туралы

                               Ереже



      ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы (бұдан былай Комиссия) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi жанынан құрылады.
      Ұлттық комиссия туралы Ереже мен оның құрамын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
      ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы өзiнiң жұмысын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк егемендiк туралы Декларациясы, "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы мен ЮНЕСКО-ның жарғылық ережелерi негiзiнде құрады.
      Ұлттық комиссия құзырының негiзгi салалары:
      - сан-салалы бiлiм беру;
      - әлеуметтiк, қоғамдық, жаратылыс тану ғылымдары;
      - мәдениет және халықаралық мәдени ынтымақтастық;
      - бұқаралық ақпарат және қатынас болып табылады.
      ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясына мынадай негiзгi қызметтер жүктеледi:
      - ЮНЕСКО-ның Хатшылығына және оның аймақтық бөлiмшелерiне Қазақстан Республикасының министрлiктерiнiң, ведомстволарының, ұйымдары мен мамандарының ЮНЕСКО шаралары мен жобаларына қатысуы туралы ұсыныстарын дайындау және енгiзу;
      - ЮНЕСКО Хатшылығымен, оның аймақтық өкiлдiктерiмен шет елдердiң ұлттық ұйымдарымен әртүрлi нысандар мен байланыстарды қалыптастыру және дамыту жөнiндегi ЮНЕСКО-ның Ұлттық комиссияларымен жүйелi консультациялар өткiзу;
      - Республика аумағында және одан тысқары жерлерде ЮНЕСКО шараларын дайындау мен өткiзуге ат салысу;
      - Республика Үкiметiнiң келiсiмiмен республиканың ұйымдары мен мекемелерi және ЮНЕСКО-ның аймақтық бөлiмшелерi, басқа халықаралық және үкiметтiк емес ұйымдары, ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi Ұлттық комиссиялары арасындағы келiсiм мен шарттардың жобаларын дайындауға ықпал ету;
      - ЮНЕСКО Хатшылығы мен оның аймақтық бөлiмшелерiнде жұмыс iстеу үшiн Республиканың мамандары тобын жасақтау.

                              Комиссия құрамы

      Комиссия Төраға, бiрiншi орынбасары, жауапты хатшысы, қызмет бағыттары бойынша орынбасарлары, министрлiктер, ведомстволар, ұйымдар мен мекемелердiң, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi, сондай-ақ ғылым, мәдениет және бiлiм беру салаларының көрнектi өкiлдерiнен құралады. Комиссия құрамы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне жатады.
      Ұлттық комиссия Төрағасы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнде бекiтiледi.

               Комиссия жұмысын ұйымдастыру принциптерi

      Комиссия толық құрамда жылына бiр рет мәжiлiс өткiзедi. Мәжiлiс кезiнде Төрағаның бiрiншi орынбасары мен жауапты хатшының комиссия жұмысшы органдарының өткен уақыт iшiндегi қызметi туралы, оның жеке комитеттерiнiң (комиссияларының) жұмысы туралы есептерi, Комиссияның қызметiн дамыту перспективасы талқыланады және оның хатшылығы, жұмысшы органдары мен комиссияларының алдағы кезеңдегi қызметiнiң бағдарламасы (жоспары) бекiтiледi.
      Комиссияның мәжiлiстерi аралығындағы кезеңде оның жұмысын бюро басқарады. Бюро қажетiне қарай, тоқсанына кем дегенде бiр рет жиналады.
      Ұлттық комиссия шеңберiнде әр түрлi проблемалық бағыттар бойынша комиссиялар құрыла алады. Комиссияны Комиссия Төрағасының бағыттар жөнiндегi және бюро алдында есеп беретiн орынбасарлары басқарады.
      Жауапты хатшы басқаратын Хатшылық Комиссияның жұмысшы органы болып табылады.
      Хатшылыққа мынадай қызметтер:
      - ЮНЕСКО Хатшылығымен, оның аймақтық бөлiмшелерiмен, ЮНЕСКО тарапынан консультациялық мәртебесi бар үкiметтiк емес ұйымдарымен, ЮНЕСКО-ға қатысушы елдердiң жеке ұлттық комиссияларымен, сондай-ақ ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi ТМД республикаларының ұйымдарымен тұрақты байланыс ұстау;
      - Комиссияның және оның бюросының мәжiлiстерiне материалдар дайындау;
      - Комиссия жұмысының, оның жұмысшы органдарының жоспарларын әзiрлеудi қамтамасыз ету және оның орындалуын қадағалау;
      - ЮНЕСКО басылымдарында жариялауға материалдар дайындауға көмек көрсету және жарыққа шығуын тездету, ЮНЕСКО-ның ақпараттық материалдары мен басылымдарын мүдделi ұйымдарға тарату;
      - ЮНЕСКО-ның аясында өткiзiлетiн халықаралық шараларды дайындайтын және өткiзетiн атқарушы ұйымдарға көмектесу;
      - атқарушы ұйымдардың ұсыныстары негiзiнде мақсаттық бағдарламаларды дайындау және оларды ЮНЕСКО Хатшылығы мен оның аймақтық бөлiмшелерiне енгiзу;
      - республиканың қалың жұртшылығын ЮНЕСКО қызметiмен және оның қызметiне Қазақстан Республикасы мен басқа да ТМД республикаларының қатысуы туралы тұрақты таныстырып отыру;
      - Қазақстан Республикасында және ЮНЕСКО Хатшылығы мен оның аймақтық бөлiмшелерiнде сарапшы ретiнде қызмет iстеу үшiн республика мамандарын бiрiктiру және жөнелту жүктеледi.
      Республика үкiметiнiң шешiмiмен ЮНЕСКО аясында өткiзiлетiн халықаралық шараларды қаржыландыру осы шараларды дайындауға және өткiзуге қатысушы ұйымдардан және демеушiлiк жарналардан түсетiн және мемлекеттiк қаржы есебiнен жүзеге асырылады.
      Ақша қаражатын жұмсау ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы Төрағасының немесе оның тапсыруымен жауапты хатшының билiгiнде болады.
      ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясының Төрағасы жауапты хатшымен бiрге комиссиядағы ақша қаражатын пайдалану мәселелерi жөнiнде Комиссия мәжiлiсiнде тұрақты есеп бередi.
      Комиссияның ақша қаражатының дұрыс пайдаланылуын заң жүзiнде өкiлдiк берiлген органдар тексередi.
                                       Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 24 желтоқсандағы N 1077 қаулысына Қосымша


             ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы

                         Ұлттық комиссиясының
                              ҚҰРАМЫ
     Жолдасбеков Мырзатай      - Қазақстан Республикасы 
                                 Премьер-министрiнiң орынбасары,
                                 Комиссия Төрағасы

     Тоқаев Қасымжомарт        - Қазақстан Республикасы Сыртқы
     Кемелұлы                    iстер министрiнiң орынбасары,
                                 Төрағаның бiрiншi орынбасары

     Әбдiрахманов Серiк        - халықаралық экологиялық "Елiмай"
                                 қорының президентi

     Атрушкевич Павел          - Қазақтың мемлекеттiк сәулет-құрылыс
     Александрович               академиясының ректоры. Қазақстан
                                 Республикасының халық депутаты,
                                 Төрағаның орынбасары

     Ахметов Әдiл              - Алматы шетел тiлдерi педагогика
     Құрманжанұлы                институтының ректоры, филология
                                 ғылымының кандидаты

     Жағанова Алтыншаш         - Қазақстан Республикасы Жоғарғы
     Қайыржанқызы                Кеңесiнiң Әйелдер, отбасын сақтау,
                                 ана мен бала iстерi жөнiндегi
                                 комитетiнiң төрағасы

     Исағалиев Қайрат          - Қазақстан Республикасы 
                                 Сыртқыiсминiнiң мәдени және 
                                 мархабаттылық ынтымақтастық 
                                 бөлiмiнiң меңгерушiсi

     Қалиев Жекен              - Қазақстанның сыртқы саясат
                                 ассоциациясының президентi, 
                                 Республикалық "Кiтап"
                                 қоғамының бiрiншi орынбасары,
                                 Қазақстан Республикасының халық
                                 депутаты

     Қонақбаев Асылбек         - Қазақстан Қызыл Жарты Ай және
     Өнербекұлы                  Қызыл Крест қоғамының төрағасы

     Қожамьяров Құддыс         - композитор, Қазақстан 
                                 Республикасының халық артисi

     Нәрiбаев Көпжасар         - Қазақтың Мемлекеттiк Әл-Фараби
                                 атындағы университетiнiң
                                 ректоры, экономика ғылымдарының
                                 докторы, профессор

     Мағауин Мұхтар            - жазушы

     Сәбденов Оразалы          - Қазақстан Республикасының халық
                                 депутаты, экономика ғылымдарының
                                 докторы, Қазақстан Республикасы
                                 Жоғарғы Кеңесiнiң Ғылым және
                                 халыққа бiлiм берудi дамыту
                                 мәселелерi жөнiндегi комитетiнiң
                                 төрағасы, Төрағаның орынбасары

     Сәрсенбаев Алтынбек       - Қазақстан Республикасы Президентi
                                 мен Министрлер Кабинетi Аппаратының
                                 Iшкi саясат бөлiмiнiң меңгерушiсi

     Сығаев Әшiрбек            - Қазақстан Республикасы Мәдениет
     Төребайұлы                  министрiнiң бiрiншi орынбасары
                                 Төрағаның орынбасары

     Сұлтанов Қуаныш           - Қазақстан Республикасының Баспа
                                 және бұқаралық ақпарат министрi,
                                 Төрағаның орынбасары

     Тәжин Марат               - Қазақстан Республикасы Президентi
     Мұхаметқазыұлы              мен Министрлер Кабинетi Аппаратының
                                 Iшкi саясат бөлiмi меңгерушiсiнiң
                                 бiрiншi орынбасары

     Щеголихин Иван            - Қазақстан Республикасының халық
     Павлович                    жазушысы

     Хан Гурий                 - Қазақтың менеджмент, экономика
     Борисович                   және болжамдау институты 
                                 саясаттану және әлемдiк саясат 
                                 кафедрасының меңгерушiсi

            ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы
                        Ұлттық комиссиясының    
                             БЮРОСЫ
    Жолдасбеков Мырзатай      - Комиссия төрағасы
    Тоқаев Қасымжомарт        - Төрағаның бiрiншi орынбасары
    Кемелұлы
    Атрушкевич Павел          - Төрағаның орынбасары, бiлiм беру
    Александрович               жөнiндегi сектор меңгерушiсi
    Сабденов Оразалы          - Төрағаның орынбасары, ғылым
                                жөнiндегi сектор меңгерушiсi
    Сығаев Әшiрбек            - Төрағаның орынбасары, мәдениет
    Төребайұлы                  жөнiндегi сектор меңгерушiсi

    Султанов Қуаныш           - Төрағаның орынбасары, баспа және
                                ақпарат жөнiндегi сектор
                                меңгерушiсi

    Исағалиев Қайрат          - жауапты хатшы                              
    
          
          
      
      



Дата вступления в силу:  24.12.1992
Дата изменения акта:  07.08.2000
Дата принятия акта:  24.12.1992
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1077
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  033001000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz