Қазақтың Абай атындағы мемлекеттiк педагогика университетiн қайта құру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 24 қараша 1992 ж. N 983

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң Қазақтың Абай атындағы мемлекеттiк педагогика университетiн 1992 жылғы қыркүйектен Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiне бөлiнген бюджет қаржысының шегiнде Абай атындағы Алматы мемлекеттiк университетi етiп құру туралы Қазақстан Республикасының Экономика жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен және Қаржы министрлiгiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi