30.10.1992

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы шаруашылық есептегi аудиторлық орталықты қайта құру туралы

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1990 жылғы 15 ақпандағы N 60 қаулысымен құрылған Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы шаруашылық есептегi аудиторлық орталықты "Қазақстанаудит" акционерлiк аудиторлық компаниясына қосу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ұсынысы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы шаруашылық есептегi аудиторлық орталықтың мүлкiн оның хұқықты мұрагерi - "Қазақстанаудит" акционерлiк аудиторлық компаниясына белгiленген тәртiппен бекiтiп беру туралы мәселенi қарап, шешу ұсынылсын.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы қайта құрылатын шаруашылық есептегi аудиторлық орталықтың хұқықтары мен мiндеттерi хұқықты мұрагерiне көшетiн болып белгiленсiн.
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi



Дата вступления в силу:  30.10.1992
Дата изменения акта:  30.10.1992
Дата принятия акта:  30.10.1992
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  928
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  006000000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz