Табиғи зiлзала болған жағдайда халықты уақытша баспанамен қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң  қаулысы 30 қазан 1992 ж. N 926

      Апаттар, күйреулер, табиғи және экологиялық зiлзала тудырған төтенше жағдайлар болған кезде халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитеттiң, "Қазжиhаз" жиhаз және ағаш өнеркәсiбi мемлекеттiк концернiнiң және агроөнеркәсiп кешенiн материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету жөнiндегi Қазақ республикалық бiрлестiгiнiң мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен келiсiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк резервi құрамында табиғи зiл-зала бола қалған жағдайда халықты уақытша паналату үшiн киiз үйлер мен оларға қажеттi "Орск" модулi үлгiсiндегi конструкциялы жылыту пештерiнiң резервiн жасау туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. "Қазжиhаз" және "Қазагрожөнмаш" мемлекеттiк концерндерi 1992-1994 жылдары 5 мың киiз үй мен оларға жылыту пештерiн, соның iшiнде 1992 жылы - 400 дана, 1993 жылы - 2,5 мың 1994 жылы - 2,1 мың дана әзiрлеп, "Қазагроөнеркәсiптехника" республикалық бiрлестiгiне өткiзсiн.
      3. Қазақстан Республикалық Материалдық ресурстар министрлiгi, "Қазагроөнеркәсiптехника" республикалық бiрлестiгi, "Қазжеңiлөнеркәсiп" және "Қазжергiлiктiөнеркәсiп" мемлекеттiк концерндерi, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi "Қазжиhаз" және "Қазагрожөнмаш" мемлекеттiк концерндерiнiң өтiнiмдерiне сәйкес шикiзат пен материалдар жөнiндегi қажеттiлiгiн қамтамасыз ететiн болсын.
      4. "Қазагроөнеркәсiптехника" республикалық бiрлестiгi 1992 жылы өз базаларында "Орск" модулi үлгiсiндегi 5 конструкциядан резерв жасасын.
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi осы конструкциялардың төлемiн жасасын.
      5. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң резерв қорынан Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетке және "Қазагроөнеркәсiптехника" республикалық бiрлестiгiне 1992 жылы мемлекеттiк резервке салынатын 400 киiз үй мен оларға қажет жылыту пештерiн және "Орск" модулi үлгiсiндегi 5 конструкциясын, сондай-ақ осы аталған материалдық құндылықтарды сақтауға және жаңартуға байланысты шығындарды төлеуге қажеттi қаржы бөлiнсiн.
      6. "Қазагроөнеркәсiптехника" республикалық бiрлестiгi киiз үйлер мен оларға қажет жылыту пештерiн қабылдап алып, оларды сақтайтын пункттердi белгiлесiн, әрi саны мен сапасының сақталуын, сақталу мерзiмдерiне сәйкес дер кезiнде жаңартылып отыруын қамтамасыз етсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитет осы қаулының орындалу барысын бақылауды қамтамасыз етсiн.
     Қазақстан Республикалық
     Премьер-министрi