Кәсiпорындар мен ұйымдарға тауарлар (көрсетiлетiн қызмет) экспортына салынатын салық жөнiнен жеңiлдiктер беру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1992 жылғы 9 қазан N 844. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.08.02. N 1069 қаулысымен.

      Өскемен титан-магний комбинаты үшiн титан-цирконий концентраты өндiрiсiн қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында Лисаков кен-байыту комбинатына 1992 жылы темiр кенi концентратын экспортқа шығаруға рұқсат етiлсiн және 1 қазаннан бастап ерекшелiк ретiнде валютаға сатқаннан түскен түсiмге 10 процент мөлшерiнде салық ставкасы белгiленсiн.

      Премьер-министр