Қазақ мемлекеттiк-акционерлiк "Қазэкспортастық" қоғамын құру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 8 қазан 1992 ж. N 840

      Шет елдердiң фирмаларымен сыртқы экономикалық байланыстарды одан әрi дамыту, астық пен оны ұқсату өнiмдерiнiң экспорты мен импорты көлемiн ұлғайту, астық өнiмдерi жүйесi кәсiпорындары мен ұйымдарының экспорт-импорт операциялары бойынша бiлiктi қызметке деген өскелең қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Қазастықөнiмi" концернiнiң Алматы қаласында Қазақ мемлекеттiк-акционерлiк "Қазэкспортастық" қоғамын ("Қазэкспортастық" МАҚ-ы) құру туралы шешiмi мақұлдансын.
      2. Қазақ мемлекеттiк-акционерлiк "Қазэкспортастық" қоғамы:
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң тапсыруы бойынша, сондай-ақ "Қазастықөнiмi" концернiнiң келiсiмi бойынша қолданылып жүрген заңдарға сәйкес астықпен және оны өңдеуден алынған өнiмдермен экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыратын болып белгiленсiн. Осы аталған жұмыстарды үйлестiру үшiн Қазақстан Республикасы министрлiктерi мен ведомстволарының өкiлдерiнен қосымшаға сәйкес құрамда кеңес құрылсын;
      республикада және шет елдерде дайындау және астық өңдеу кәсiпорындарының құрылысы үшiн астық өнiмдерi жүйесi кәсiпорындарының несие, займ түрiндегi валюта қаржысын тартады;
      белгiленген тәртiппен шет елдерден өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы шикiзат пен материалдар, машиналар, жабдықтар мен олардың босалқы бөлшектерiн халық тұтынатын товарлар сатып алатын болып белгiленсiн.
      3. Қазақ мемлекеттiк-акционерлiк "Қазэкспортастық" қоғамы шарттық негiзде қоғамның, оның филиалдарының және өкiлдiктерiнiң жұмысына заңдарда көзделген тәртiп пен шарттарға сәйкес шетел мамандарын тартады.
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi


                                               Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 8 қазандағы N 840 қаулысымен Бекiтiлген


                Астық және оның ұқсатылған өнiмдерiмен жасалатын

                экспорт-импорт операциялары бойынша жұмыстарды
                           үйлестiру жөнiндегi кеңестiң
                               Құрамы

     Тұрсынбаев Б. М.        - Қазақстан Республикасы Премьер-
                               министрiнiң орынбасары - Ауыл 
                               шаруашылығы министрi
                               (кеңестiң төрағасы)

     Остапенко Ю. И.         - "Қазастықөнiм" концернiнiң төрағасы 
                               (кеңес төрағасының орынбасары)

     Голубь В. С.            - Қазақстан Республикасының Президентi мен
                               Министрлер Кабинетi Аппаратының Аграрлық
                               мәселелер жөнiндегi бөлiмнiң меңгерушiсi

     Каструба П. И.          - Қазақстан Республикасы Сыртқы 
                               экономикалық байланыстар министрiнiң 
                               орынбасары

     Маренов Т. А.           - Қазақстан Республикасы Мемэкономкомы 
                               төрағасының орынбасары

     Панов В. В.             - Қазақстан Республикасы Көлiк министрiнiң 
                               орынбасары

     Рамазанов Е. А.         - "Қазэкспортастық" МАҚ-ының бас директоры

     Төлебеков К. Қ.         - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                               министрiнiң бiрiншi орынбасары
                             - облыс әкiмдерiнiң орынбасарлары