Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерi байланыс полкiнiң әскери қалашығын Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қарамағына беру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 29 қыркүйек 1992 ж. N 807

      Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қызметтiк-жауынгерлiк мiндеттердi шешудегi оралымдылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң байланыс полкiнiң әскери қалашығы Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қарамағына берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң бөлiмшелерiн орналастыруға "Красный Восток" поселкесiндегi әскери қалашық берiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы мен Шекара әскерлерiнiң қолбасшылары 1992 жылғы 10 қазанға дейiн әскери қалашықтарды қабылдап алу мен өткiзудi және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы мен Шекара әскерлерi бөлiмшелерiнiң орналастырылуын жүзеге асыратын болсын.
      4. Қаржы министрлiгi, Ұлттық хауiпсiздiк комитетi, Қорғаныс министрлiгi мен Республикалық ұланның қолбасшысы осы аталған әскери құрамдарды қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, қайта орналастыру мәселесiн пысықтасын.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi