21.09.1992

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң жекелеген мәселелерi

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында жалақыны өсiру және бағаны реттеу туралы" 1992 жылғы 25 сәуiрдегi N 730 Жарлығын жүзеге асыру туралы" 1992 жылғы 20 мамырдағы N 448 қаулысының үстемақы, сыйлық және басқа да ынталандыру сипатындағы төлемдер жөнiндегi бөлiгi

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң орталық аппаратына 
қолданылатын болсын.
     2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан 
Республикасының Қорғаныс министрлiгi туралы" 1992 жылғы 2 шiлдедегi 
N 575 қаулысының қосымшасына берiлген ескертудiң күшi жойылған деп 
танылсын.

               Қазақстан Республикасының
                    Премьер-министрi
      
      



Дата вступления в силу:  21.09.1992
Дата изменения акта:  09.03.1993
Дата принятия акта:  21.09.1992
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  781
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  001006000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1200
Язык акта:  kaz