Ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды, ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландыру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 21 қыркүйек 1992 ж. N 780. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.10.15. N 1034 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының ғылым және мемлекеттiк ғылыми- техникалық саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және ғылым мен техниканы қаржыландыру тәртiбiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Мемлекеттiк бюджеттен ғылыми ұйымдарды ұстауға байланысты шығындарды қаржыландыру, ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды iске асыруға, сондай-ақ компьютерлендiру мен ақпараттандыруға арналған қаржыны бөлудi 1992 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi жүзеге асыратын болып белгiленсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлiгi республикадағы ақпараттандыру жөнiндегi жұмыстардың басты тапсырыс берушiсi болып белгiленiп, оған осы аталған жұмыстарды мақсатты қаржыландыруға 1992 жылға арналған республикалық бюджетте компьютерлендiру мен ақпараттандыру бағдарламасы үшiн көзделген орталықтандырылған қаржы бөлiнетiн болсын. 
      3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң "Қазақ ССР-iн ақпараттандырудың 1991-1995 жылдарға және 2005 жылға дейiнгi кезеңге арналған бағдарламасы туралы" 1991 жылғы 13 тамыздағы N 474 қаулысының 2 тармағы;
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды, республикалық және мемлекетаралық ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландыру туралы" 1992 жылғы 25 мамырдағы 459 қаулысы. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi