Жезқазған облысындағы Жәйрем-Атасу еркiн экономикалық аймағын дамыту жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1992 жылғы 2 қыркүйек N 734. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.02.19. N 213 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Жезқазған облысында Жәйрем-Атасу еркiн экономикалық аймағын құру туралы" 1991 жылғы 18 маусымдағы қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Жәйрем-Атасу еркiн экономикалық аймағы туралы қоса тiркелiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      2. Жезқазған облысының әкiмi:
      - он күн мерзiмде Жәйрем-Атасу еркiн экономикалық аймағын басқару жөнiндегi әкiмшiлiк кеңесiн құрсын;
      - әкiмшiлiк кеңесiнiң аймақтың даму бағдарламасын әзiрлеп, оны кейiннен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне бекiтуге беруiне жәрдемдесетiн болсын.
      3. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi бiр ай мерзiмде:
      - еркiн экономикалық аймақтың әкiмшiлiк кеңесiмен аймақ аумағында кедендiк пункттерi бар кеден желiлерiн құруға байланысты мәселелердi шешсiн, оларды ұстау және жұмыс iстеу тәртiбiн шарттық негiзде айқындасын;
      - Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiмен және ЕЭА-тың әкiмшiлiк кеңесiмен бiрлесiп кедендiк бақылаудың, еркiн экономикалық аймаққа әкелiнетiн және одан әкетiлетiн тауарлар мен басқа да мүлiктердi әйгiлеудiң тәртiбi мен ережесiн белгiлесiн.
      4. Қазақстан Республикасының Экономика жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Материалдық ресурстар министрлiгi Жәйрем-Атасу еркiн экономикалық аймағының жұмыс iстеуi мен дамуы үшiн қажет орталықтандырылып бөлiнетiн өнiм бойынша материалдық-техникалық ресурстар бөлудi, сондай-ақ оның еркiн нарықта өнiмдер сатып алуына делдалдық қызмет көрсетудi қарастыратын болсын.
      5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық хауiпсiздiк комитетiмен, Iшкi iстер министрлiгiмен, ЕЭА-тың әкiмшiлiк кеңесiмен бiрлесiп, Жәйрем-Атасу еркiн экономикалық аймағының аумағында шетел азаматтарының келiп-кетуiнiң және болуының оңайлатылған тәртiбiн белгiлесiн.
      6. Қазақстан республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi пайдалы қазбалардың шағын объектiлерiн өндiрiске тарту мақсатында Жәйрем-Атасу ЕЭА-да запастар жөнiнде аумақтық комиссия құрсын;
      әкiмшiлiк кеңесiмен бiрлесiп белгiленген тәртiппен құпиялылық дәрежесiн шектей отырып еркiн экономикалық аймақтың қойнауын зерделеу мен игерудiң бағдарламасын әзiрлесiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы    
Министрлер Кабинетiнiң    
1992 жылғы 2 қыркүйектегi   
N 734 қаулысымен        
Бекiтiлген             

               Жезқазған облысындағы Жәйрем-Атасу
                еркiн экономикалық аймағы туралы
                          Ереже

      Осы Ереже Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1991 жылғы 18 маусымдағы N 678-VII қаулысымен Жезқазған облысында құрылған Жәйрем-Атасу еркiн экономикалық аймағын (Ж-АЕЭА) құрудың мақсаттарын және шаруашылық қызметтiң хұқылық негiздерiн анықтайды.

                 1-бөлiм. Жалпы ережелер

      1-бап.  Жәйрем-Атасу ЕЭА-ы Жезқазған облысы Жаңаарқа ауданының шекарасына орналасқан. Оған Жәйрем поселкесiнiң және Қаражал қаласының территориялары, Жәйрем және Атасу кенбайыту комбинаттарының өндiрiстiк бөлiмшелерi, сондай-ақ Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының ұзақ мерзiмге пайдаланатын жерлерi қосылады. Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның жалпы көлемi 12662 шаршы километр.
      Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның территориясы Қазақстан Республикасының ажырамас бөлiгi болып табылады.
      2-бап.  Жәйрем-Атасу ЕЭА-ын құрудың мақсаттары:
      - Аймақтың экономикасы оның табиғи, өндiрiстiк және интеллектуалдық потенциалын жұмылдыру негiзiнде халықаралық еңбек бөлiнiсiне кешендi де тиiмдi түрде қатыстыру;
      - аймақтың өндiргiш күштерiн жеделдете дамыту, кәсiпкерлiк қызметтi жандандыру, шетелдiк капиталды, технологиялар мен басқару тәжiрибесiн қатыстыру, ғылыми-техникалық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты шет елдермен интенсивтендiру жолымен осы заманғы ғылым мен техника жетiстiктерiн игеру және өндiрiске енгiзу;
      - аймақтың территориясында табиғат ресурстарын кешендi түрде ұтымды игеру, аймақтың және республиканың экспорттық мүмкiндiктерiн ұлғайту, импортты алмастыратын өнiмдер өндiрiсiн дамыту;
      - осы заманғы өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымды жасау;
      - халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттыру негiзiнде аймақтың әлеуметтiк-экономикалық даму мiндеттерiн шешу.
      Жәйрем-Атасу ЕЭА-ын құру мақсаттарын орындау шаруашылық жүргiзудiң жаңа нарықтық нысандарын дамыту, аймақтың экономикасын кәсiпкерлiктi (оның iшiнде шетелдiк) ынталандыру, капиталды тарту, бiрлескен кәсiпорындар, халықаралық акционерлiк қоғамдар мен консорциумдар құру жолымен дүние жүзiлiк шаруашылыққа интеграциялау негiзiнде жүзеге асырылады.
      3-бап.  ЕЭА-ның территориясындағы заңды ұйымдардың және жеке адамдардың (шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң) қызметi "Қазақ КСР-iндегi еркiн экономикалық аймақтар туралы" Заңмен, Қазақстан Республикасының оған қайшы келмейтiн заңдарымен және осы Ережемен реттеледi.
      Қазақстан Республикасының заңдарында Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның территориясындағы шаруашылық қызметтiң жекелеген мәселелерiн регламенттеу болмаған жағдайда ЕЭА туралы Ережеге тиiстi өзгертулер енгiзiлгенге дейiн Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдардың жалпы нормалары пайдаланылады.
      4-бап.  Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның территориясы кедендiк шекарасы бар бiртұтас экономикалық кеңестiк болып табылады.
      Шекараны аймақ халқының, республиканың, басқа мемлекеттер азаматтарының басып өтуi, нақ осылай тауарлар әкелу және оларды шығару Қазақстан Республикасының шекара және кеден режимi ережелерiне сәйкес ЕЭА-ның басқару органдары белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

         2-бөлiм. Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның басқару органдары

      5-бап.  Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның территориясында халық депутаттары Жезқазған облыстық Кеңесi мемлекеттiк өкiмет болып табылады.
      Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның әкiмшiлiк кеңесi ЕЭА территориясындағы жоғары басқару органы болып табылады, ол Жәйрем-Атасу ЕЭА территориясында тiркелген республикалық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, бiрлестiктердiң өкiлдерiнен Жезқазған облысы әкiмiнiң шешiмiмен құрылады.
      Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның әкiмшiлiк кеңесi Қазақстан Республикасының заңдары, осы Ереже мен халық депутаттарының Жезқазған облыстық Кеңесi бекiтетiн Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның әкiмшiлiк кеңесi туралы Ереже негiзiнде iс-қимыл жасайды.
      6-бап.  ЕЭА-ның әкiмшiлiк кеңесiнiң төрағасы Кеңестi басқару мәселелерi жөнiнде халық депутаттары Жезқазған облыстық Кеңесiнiң бақылауында болады, Қазақстан Республикасының Президентi тарапынан тағайындалады, соған есеп бередi.
      7-бап.  Халық депутаттарының Жезқазған облыстық Кеңесi өз құзырының шегiнде ЕЭА-ның әкiмшiлiк кеңесiне мемлекет меншiгiндегi объектiлерге (жер, су, жер қойнауы және басқа да табиғат ресурстары, ұзақ пайдаланылатын үйлер, ғимараттар) иелiк ету хұқын берiп, мемлекет меншiгiндегi объектiлердiң ұтымды пайдалануын бақылау хұқын өзiне қалдырады.
      Өздерiне пайдалануға берiлген жер учаскелерiн және басқа да табиғи ресурстарды тиiмдi пайдалану шарттарын бұзған заңды ұйымдар мен азаматтар иесiне келтiрген зиянның есесiн қайтарып, экологиялық жағдайды қалпына келтiрiп, одан әрi пайдалану хұқынан айырылады.
      8-бап.  ЕЭА әкiмшiлiк кеңесiнiң құрылымы халық депутаттарының Жезқазған облыстық Кеңесi бекiтетiн басқару схемасымен анықталады.
      Өз қызметiнде аймақтық әкiмшiлiк Кеңесi "Қазақ КСР-iндегi еркiн экономикалық аймақ туралы" Заңмен белгiленген мiндеттердi орындайды, сондай-ақ:
      - табиғи зiлзала, өндiрiстiк апат, күйреу бола қалған кезде бақылауды жүзеге асырады және ЕЭА халқының қорғалуын ұйымдастыру үшiн жауап бередi, бейбiт уақытта қатер төнiп, төтенше жағдайлар туған кезде халықтың барлық жiктерiнiң дұрыс iс=қимыл жасауға әзiр болуын қамтамасыз етедi;
      - ЕЭА-ны дамыту бағдарламасы әзiрленiп, жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi. Бұл жөнiнде шешiм қабылдауды кәсiпкерлiктi қолдау, бәсекенi дамыту және монополизмдi шектеу шараларын ескере отырып жүргiзедi;
      - республиканың Үкiметi анықтайтын халыққа бiлiм берудiң мемлекеттiк стандарттарын, республиканың халық шаруашылығы үшiн тиiстi республикалық ведомстволармен шарттық негiзде Жәйрем-Атасу ЕЭА территориясында орналасқан жоғары және арнаулы орта оқу орындарында кадрлар даярлануын қамтамасыз етедi;
      - тиiстi ведомстволардың республика үшiн әзiрлейтiннен кем емес нормативтер бойынша оқу орындарын, тәрбие, емдеу-сақтандыру және санитарлық-гигиена мекемелерiн қаржыландыруды жүзеге асырады;
      - өзiне табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану, өндiрiстiк қызметтiң аймақтың экологиялық жағдайына зиянды әсер етуiн кемiту жөнiндегi шараларды қамтитын айналадағы табиғи ортаны қорғаудың кешендi бағдарламаларын әзiрлеудi және орындауды жүзеге асырады.
      9-бап.  Әкiмшiлiк кеңесiнiң өз құзыры шегiнде қабылдаған шешiмдерiн Жәйрем-Атасу ЕЭА территориясында iс-қимыл жасайтын барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлер орындауға мiндеттi.
      ЕЭА әкiмшiлiк кеңесiнiң, егер бұл қызмет Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн болса, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң шаруашылық, қаржы және өзге де қызметiне араласуына хұқы жоқ. ЕЭА әкiмшiлiк кеңесiнiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiмен өзара қарым-қатынасының негiзi - шарттар мен контрактiлер.
      10-бап.  Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның территориясында қосалқы аймақ территориясында әлеуметтiк-экономикалық процестiң тиiмдi басқарылуы мен бақылануын қамтамасыз ететiн, олар үшiн ерекше шаруашылық қызмет режимi белгiленетiн мамандандырылған сауда, өндiрiстiк және басқа қосалқы аймақтар құрыла алынады.

        3-бөлiм. ЕЭА-дағы шаруашылық қызметтiң негiздерi

      11-бап.  Жәйрем-Атасу ЕЭА-да Қазақстан Республикасының заңдарымен және Ережемен тиым салынбаған болса, кәсiпкерлiк қызметтiң кез келген түрлерi жүзеге асырылады.
      Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның әкiмшiлiк кеңесi мынадай негiздерде ғана:
      - егер қызмет территория мен халықтың хауiпсiздiгiне қатер төндiрсе;
      - егер қызмет жағдайы немесе оның нәтижесi белгiленген экологиялық талаптарға сәйкес келмесе;
      - егер қызмет халықтың денсаулығына немесе адамгершiлiгiне нұқсан келтiрсе;
      - егер қызмет тарих, мәдениет ескерткiштерi мен табиғат ескерткiштерiн сақтауға қатер төндiрсе;
      - егер қызметке Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шартпен тиым салынған болса, қызметтiң жекелеген түрлерiне тиым сала алады.
      12-бап.  Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер, оның iшiнде ЕЭА территориясында тiркелген, сондай-ақ одан тыс жерлерде тұратын шетелдiктер де аймақ территориясы шегiнде бiрлесiп те, сондай-ақ дербес те инвестицияны жүзеге асыра алады.
      Жәйрем-Атасу ЕЭА территориясынан тыс орналасқан кез келген заңды ұйымдардың заңда белгiленген тәртiппен тiркелгеннен кейiн аймақта өз филиалдарын немесе жаңа кәсiпорындарын құруға хұқы бар.<*>
      Ескерту. 12-баптың екiншi бөлiгiне өзгерту енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.10.13. N 1327 қаулысымен.
      13-бап.  Шетел инвесторлары Жәйрем-Атасу ЕЭА территориясында инвестицияны мынадай жолдармен:
      - Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiмен бiрлесе ұйымдастырылған кәсiпорындарға өзiндiк үлес қосу;
      - өздерiнiң толық иелiгiне жататын кәсiпорындар мен олардың филиалдарын құру;
      - мүлiк, акциялар мен басқа да құнды қағаздарды сатып алу;
      - жердi пайдалануға, соның iшiнде ұзақ мерзiмге жалдау туралы келiсiмдер пайдалануға хұқық алу;
      - пайдалану хұқында және басқа да мүлiктiк хұқықтарда ылтифаттық жасау жолымен жүзеге асыра алады.
      ЕЭА территориясында банкi мен сақтандыру салаларында шетел инвестицияларымен кәсiпорындар құруға рұқсат етiледi.
      Өнеркәсiптiк және басқа кәсiпорындар, үйлер, ғимараттар, өзге мүлiк, кәсiпорындардың мүлкiне қатысу, акциялар мен басқа да товарлы белгiлер, ноу-хау фирмалық атаулар, шаруашылық қызметтi жүзеге асыру үшiн алынған мүлiктiк хұқық пен табиғат ресурстарын пайдалану хұқығы ЕЭА территориясындағы шетел инвестицияларының негiзi бола алады.
      14-бап.  Жәйрем-Атасу ЕЭА территориясындағы шетел инвесторлары қызметiнiң жағдайы Қазақстан Республикасының заңды ұйымдары мен азаматтарының мүлкi мен мүлiктiк хұқығына белгiленген режимге қарағанда қолайсыздау бола алмайды.
      Аймақ территориясындағы шетелдiк заңды ұйымдар меншiгiнiң хұқықтық кепiлдiгiн Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның әкiмшiлiк кеңесi кепiлдi валюта қорын жасау жолымен, сондай-ақ олардың меншiктерiне жататын мүлiктi ұстау жолымен қамтамасыз ете алады.
      15-бап.  Жәйрем-Атасу ЕЭА-та қолда бар немесе құрылатын кәсiпорындар, сондай-ақ ЕЭА территориясынан тысқары орналасқан аймақтағы қолда бар немесе құрылатын кәсiпорындардың филиалдары, бөлiмшелерi мен өкiлдiктерi заңда белгiленген тәртiппен тiркеуiне жатады.<*>
      Заңды ұйым болып құрылмай, ЕЭА территориясында тұрақты жеке еңбек қызметiмен шұғылданатын азаматтар заңда белгiленген тәртiппен кәсiпкерлер ретiнде тiркеледi.<*>
      ЕЭА-та жаңадан құрылатын кәсiпорындар, филиалдар, бөлiмшелер, өкiлдiктер, қоғамдық және өзге ұйымдар тiркелгеннен кейiн заңды ұйымдар хұқығын алады.
      (4-шi бөлiк)  <*>
      Жәйрем-Атасу ЕЭА территориясында тiркелген заңды ұйымдар мен жеке адамдар Қазақстан Республикасының еркiн экономикалық аймақтар туралы Заңы, Қазақстан Республикасының оған қайшы келмейтiн заңдары және осы Ереже шаруашылық қызметтiң субъектiлерiне беретiн барлық хұқықтармен пайдаланады.
      Ескерту. 15-шi бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.10.13.
               N 1327 қаулысымен.
      16-бап. Қазақстан Республикасының заңдары, осы Ереже немесе құрылтайлық (тiркеушi) құжаттарда алынған мiндеттемелер бұзылған жағдайда Жәйрем-Атасу ЕЭА-тың әкiмшiлiк кеңесi аймақ территориясында шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң қызметiн тоқтау туралы шешiм қабылдауға хұқылы.<*>
      Ескерту. 16-баптан сөздер алынып тасталды - ҚРМК-нiң 1995.10.13. N 1327 қаулысымен.
      17-бап.  Жәйрем-Атасу ЕЭА территориясында тiркелген, Қазақстан Республикасының тiкелей басқаруында болмайтын заңды ұйымдар дербес және ведомстволық бағыныштылықтан тәуелсiз болып табылады.
      ЕЭА-тағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлер өзiнiң шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi үшiн толық жауапкершiлiкте болады.
      Қазақстан Республикасы, халық депутаттарының Жезқазған облыстық кеңесi өз қызметiн аймақта жүзеге асырушы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мiндеттемелерi бойынша аймақ территориясында қаржы жауапкершiлiгiн мойнына алмайды.
      18-бап.  ЕЭА-та орналасқан және (немесе) тiркелген экономикалық субъектiлер жасайтын шаруашылық қатынастары шарттық негiзде құрылады.
      ЕЭА-ның шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi дербестiкпен өндiрiстiк бағдарламаларын жасайды және өндiрген өнiмдерiн (қызметiн) өткiзедi. Меншiктi өндiрiстiң өнiмi, егер Қазақстан Республикасының мемлекетаралық келiсiмдерiнде өзгеше көзделмесе, оны өндiрушiлердiң толық қарауына түседi.
      ЕЭА-та Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiмен келiсiм бойынша iс жүргiзу мен бухгалтерлiк есептiң халықаралық стандарттарын қолдануға жол берiледi.
      19-бап.  Жәйрем-Атасу ЕЭА территориясында тiркелген шаруашылық жүргiзушi субъектiлер сыртқы экономикалық қызметiн дербес жүзеге асырады, меншiктiң түрлерiне қарамастан, отандық және шетел инвесторларының қатысуымен бiрлескен кәсiпорындар құру мәселелерiн шешедi.
      20-бап.  Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның әкiмшiлiк кеңесi ЕЭА территориясында iс-қимыл жасайтын Қазақстан Республикасы мен басқа да мемлекеттердiң барлық азаматтарының, сондай-ақ кәсiпорындарының, ұйымдары мен мекемелерiнiң хұқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуына кепiлдiк бередi.
      Инвестицияларды мемлекет меншiгiне алуға, сондай-ақ заңға негiзделмеген зорлықпен тартып алу жөнiндегi басқа да шараларға жол берiлмейдi. Сондай-ақ инвестор оның мiндеттемелерiн өтегенге дейiн мүлкiн шығару хұқын уақытша тоқтата тұруды қоспағанда, инвесторланған мүлiкке тиым салуға жол берiлмейдi. Зорлықпен тартып алу сот шешiмi бойынша ғана жүзеге асырыла алады.
      21-бап. Жәйрем-Атасу ЕЭА территориясында тiркелген шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге, шаруашылық режимi өзгерiске ұшырай қалса, бiр жыл бойында олардың тiркелген кезге сәйкес жағдайлар бойынша қызметiн жалғастыруға хұқылы болатынына кепiлдiк берiледi.
      22-бап.  Өздерiнiң қызметiн ЕЭА территориясында жүзеге асырушы Қазақстан Республикасы мен басқа да мемлекеттердiң заңды ұйымдары мен азаматтарына лауазымды адамдардың, мемлекеттiк және өзге де органдардың орынсыз килiгуi салдарынан келтiрiлген зияндар соттың немесе төрелiк соттың шешiмi бойынша осы органдар немесе лауазымды адамдар тарапынан өтелуге тиiс.
      23-бап.  ЕЭА-та iс-қимыл жасайтын шетел инвесторларына салықтарын төлегеннен кейiн олардың табыс түрiнде, сондай-ақ шетелдiк инвестициялары бар кәсiпорынның жарғы қорындағы үлестiң бәрiн немесе оның жойылуына байланысты алынған сомаларды шетелге аударуға немесе тиiстi валютамен төлем жасауына кепiлдiк берiледi.
      Шетелдiк инвесторлардың Жәйрем-Атасу ЕЭА территориясындағы қызметi нәтижесiнде ұлттық валютамен алған табыстары аймақ территориясында еркiн түрде қайтадан инвестициялана және пайдаланыла алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдары мен осы Ережеде көзделген тәртiппен шетелдерге аударыла алады.
      24-бап.  Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен Жәйрем-Атасу ЕЭА әкiмшiлiк кеңесi арасындағы даулар Қазақстан Республикасының сот және төрелiк органдарына немесе тараптардың келiсiмiмен, аралық сотта қаралады.
      25-бап.  Жәйрем-Атасу ЕЭА-да тiркелген отандық және шетел инвесторлары мүлiктi қосалқы жалдау хұқы мен мүлiктiк хұқы бар және жалдау келiсiмiне қол қойған тараптардың немесе олардың заңды iзбасарларының өзара келiсiмiмен пайдалану хұқын бөлiсе алады.
      Отандық және шетел инвесторларымен жердi және басқа табиғат ресурстарын, үйлердi, ғимараттарды, жабдықты, өнеркәсiп және басқа кәсiпорындарды пайдалану жөнiндегi жалгерлiк келiсiмдердi тек қана осы келiсiмдерге қол қойған тараптардың немесе олардың заңды iзбасарларының өзара келiсiмiмен не соттың шешiмiмен ғана қарауға болады.
      26-бап.  Инвесторлар пайдалану хұқы мен меншiктi мүлкiн, "Кепiл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес олардың заемдық валюта қаржысын тартуды қосқанда, мiндеттемелердiң барлық түрлерiне кепiлдiк қамтамасыз ету ретiнде пайдалануына болады.
      27-бап. ЕЭА-ның әкiмшiлiк кеңесi белгiленген тәртiппен аймақта тiркелген, шаруашылық және өзге коммерциялық қызметтi жүзеге асыратын отандық және шетел заңды ұйымдары мен азаматтарына өзге де жеңiлдiктер жасауға:<*>
      Ескерту. 27-баптағы бiрiншi абзацынан сөздер алынып
                  тасталған - ҚРМК-iнiң 2.08.1995 ж. N 1069
                  қаулысымен.
      - негiзгi өндiрiстiк қорлардың жекелеген топтары бойынша жеделдетiлген амортизация нормасына (жылына 20 процентке дейiн) рұқсат етуге;
      Ескерту. 27-баптың үшiншi абзацы алынып тасталған - ҚРМК-iнiң
2.08.1995 ж. N 1069 қаулысымен.
      - коммуналдық және көлiк қызметтерi үшiн ақы төлеу тарифтерiнiң төмендетiлген ставкалары енгiзiлсiн;<*>
      Ескерту. 27-баптың 4-абзацы жаңа редакцияда берiлген - ҚРМК-iнiң 2.08.1995 ж. N 1069 қаулысымен.
      - жаңа жұмыс орындарын ашуға жәрдем беруге, жергiлiктi зерттеу мекемелерiмен ынтымақтаса отырып, бiрлескен ғылыми-iздестiру жұмыстарын жүргiзуге;
      - ЕЭА-да орналасқан банктерден және басқа заңды ұйымдардан алынған заемдар мен несиелер жөнiнде кепiлдiктер беруге;
      - жаңа кәсiпорындар құрылысын тiкелей қаржыландыру үшiн облигациялар шығаруға рұқсат етуге;
      - инфрақұрылым объектiлерiн жеңiлдiкпен немесе тегiн пайдалануға рұқсат етуге;
      - құрылыс иелерiн 5 жыл мерзiмге дейiн жергiлiктi салықтың белгiлi процентiнен босатуға;
      - табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшiн төлемдер бойынша жеңiлдiктер белгiлеуге хұқы бар.
      28-бап.  Әкiмшiлiк кеңес Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның территориясында Қазақстан Республикасының тиiстi заң актiлерiмен және нормативтерiмен белгiленген, ЕЭА-ның территориясындағы барлық басқару және шаруашылық жүргiзушi субъектiлер орындауға мiндеттi табиғат пайдалану, айналадағы табиғи ортаны қорғау ережелерiн, санитарлық-гигиеналық және жұқпалы ауруларға қарсы ережелердi, зиянды заттардың, радиацияның, дiрiлдiң, шудың және тағы басқалардың шектi мөлшерде шоғырлану деңгейiн қамтамасыз етедi.
      Табиғатты пайдалануға байланысты шаруашылық шешiмдерiн қабылдамас бұрын жобаларды мемлекеттiк экологиялық, санитарлық-гигиеналық сараптау немесе тиiстi ресурстар негiздемелерi жасалуы қажет.
      29-бап.  Жәйрем-Атасу ЕЭА территориясында орналасқан кәсiпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге, меншiк түрлерiне қарамастан Қазақстан Республикасының Мемстаткомы бекiткен мемлекеттiк статистикалық есеп беру қолданылады және ол есеп беру ақпарат жiберушiнiң қаржысы есебiнен жүзеге асырылатын мемлекеттiк ақпарат салығы болып саналады.

           4-бөлiм. Жәйрем-Атасу еркiн экономикалық
                   аймағындағы меншiк қатынастары
                   және жекешелендiру шарттары

      30-бап.  Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның территориясында меншiктiң барлық түрлерi танылады және заңмен қорғалады, олардың теңдiгi қамтамасыз етiледi.
      ЕЭА-ның территориясындағы жер сатылмайды. Әкiмшiлiк кеңес шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге жердi және басқа да табиғи ресурстарды пайдалануға және жалға беру хұқын белгiлейдi.
      31-бап.  Қазақстан Республикасының меншiгiндегi және тiкелей басқаруындағы Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның территориясындағы мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң (темiр жол, әуе, теңiз және магистральды труба құбыры көлiгi, республиканың бiртұтас энергетика жүйесiнiң элементтерi) жұмысын ЕЭА-ның әкiмшiлiк кеңесi республикалық меншiктiң басқа да объектiлерi, оның iшiнде мемлекет республикалық басқару органдарымен ынтымақтастық шарттары негiзiнде үйлестiрiп отырады.
      32-бап.  Жәйрем-Атасу әкiмшiлiк кеңесiнiң аймақ территориясындағы республикалық меншiк объектiлерiн мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру жөнiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жасаған жалды республикалық бағдарламаға енгiзуге хұқы бар.
      ЕЭА-ның территориясында орналасқан мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру барысында алынған қаржы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бөлiнедi.
      Қазақстан Республикасының иелiгiндегi акцияларды (жарналарды) өткiзуден жекешелендiру барысында алынған қаржыны тиiмдi әрi нысанаға пайдалану мақсатында Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның әкiмшiлiк кеңесi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң келiсiмiмен оларды ЕЭА-ны экономикалық және әлеуметтiк дамытудың арнайы құрылған қорына, сондай-ақ ЕЭА-ның кепiлдiк валюта қорына iшiнара жинақтай алады.
      33-бап.  Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның әкiмшiлiк кеңесi қор корпорациясын құра алады, оның мақсаты ЕЭА территориясының шегiнде табиғат ресурстарын шаруашылық жолмен игеру болып табылады. Корпорация заңдарында көрсетiлген шеңберде жүзеге асырады.
      Қор корпорациясы акциясының бақылау пакетi Қазақстан Республикасының қарамағында болады. Бақылау пакетiне иелiк ету хұқы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң келiсiмiмен Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның әкiмшiлiк кеңесiне берiледi.
      Өз қызметiн жүзеге асыру үшiн корпорация отандық және шетелдiк заем қаржысын тарта алады, Қазақстан Республикасының территориясында және одан тыс жерлерде тарату үшiн акциялар мен облигациялар шығара алады, инвестициялық қызметтi жүзеге асыра алады және кәсiпорындар мен банктер құруға немесе құрысуға қатыса алады.
      Корпорацияның қаржы операцияларын, сондай-ақ оның бағалы қағаздармен операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттiк банкiнiң еркiн экономикалық аймақтағы тиiстi бөлiмшесi бақылап және реттеп отырады.
      34-бап.  Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның әкiмшiлiк кеңесi аймақ территориясында табиғи ресурстардың кен орындарын барлау мен талдауды Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және минералдық шикiзатты ұқсату туралы кодексiне сәйкес реттеудi қамтамасыз етедi.
      35-бап.  Жер учаскелерiн, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi ресурстарын пайдалануға, сондай-ақ Жәйрем-Атасу ЕЭА территориясындағы табиғат ресурстарын барлау мен талдауға байланысты шаруашылық қызметi мемлекеттiк экологиялық сараптаудан өткен жобалар немесе тиiстi ресурстық негiздемелер және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аймақтың әкiмшiлiк кеңесi беретiн лицензиялар негiзiнде жүзеге асырылады.
      Аталған лицензияларда пайдалы қазбаларды ұқсатудың нақты шарттары, оған қоса өңдеушi кәсiпорындардың салықтары мен басқа да төлемдерiнiң түрлерi мен мөлшерi көрсетiледi. Кен орны үшiн төленетiн ақының мөлшерi белгiленген кезде геологиялық барлау жұмыстарына және минерал-шикiзат базасын жаңғыртуға кеткен шығынның орнын толтыратын қаржы мөлшерiнде ескерiледi.
      36-бап.  Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның әкiмшiлiк кеңесi төлем шартымен табиғатты пайдалануды ұйымдастырады, сондай-ақ ЕЭА территориясындағы табиғат ресурстарын пайдалану саласындағы шаруашылық қызметтi реттеу тәртiбiн бекiтедi, ол:
      - түрлi деңгейдегi басқару органдарының кен қазу және оны пайдалану ережесiнде қарама-қайшылықты және дүдәмалдықты болдырмайтын құзырының ара-жiгiн ашып көрсетудi;
      - шетел инвесторларын қоса алғанда барлық шаруашылық субъектiлерiнiң бұрын айтылған жәйттерден басқа уақыттың бәрiнде табиғат ресурстарын iздеуге, барлауға және пайдалануға хұқ алуға бiрдей пұрсаты болуын;
      - Қазақстан Республикасы бойынша тұтас алғанда төлемнiң көлемi және дүние жүзiлiк практикада ескерiлген оның мөлшерi мен түрлерiн көздейдi. 

               5-бөлiм. Салық салу, валюта және
                        қаржы-несие тетiгi

     37-бап.  Еркiн экономикалық аймақта Қазақстан Республикасының
салық жүйесi қолданылады.<*>
     Ескерту. 37-бап.жаңа редакцияда берiлген - ҚРМК-iнiң
2.08.1995 ж. N 1069 қаулысымен.
     38-бап. 39-бап. <*>
     Ескерту. 38 және 39-баптар алынып тасталған - ҚРМК-iнiң
2.08.1995 ж. N 1069 қаулысымен, 40-70-баптар тиiсiнше 38-68-баптар болып саналсын.
      40-бап.  Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның дербес бюджетi мен төлем балансы бар.
      ЕЭА Қазақстан Республикасының төлемдiк мiндеттемелерi жөнiнде өзiне жауапкершiлiк алмайды, сондай-ақ республикада Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның және оның территориясында тiркелген, жеке еңбек қызметiмен айналысатын заңды ұйымдар мен азаматтардың мiндеттемелерi жөнiнде де өзiне жауапкершiлiк алмайды.
      41-бап.  Жәйрем-Атасу ЕЭА бюджетiнiң табыс бөлiгi "Қазақ КСР-iндегi еркiн экономикалық аймақтар туралы" Заңға, оған қайшы келмейтiн "Қазақстан Республикасындағы салық жүйесi туралы", "Қазақстан Республикасының бюджет жүйесi туралы" заңдарының ережелерiне және басқа да тиiстi заңдарға сәйкес қалыптасады. Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның әкiмшiлiк кеңесi Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттiк банкiнiң бөлiмшесiмен бiрлесiп белгiлейдi.

      42-баптың қазақша мәтіні жоқ.
      Статья 42.  Административный совет Жайрем-Атасуйской СЭЗ по согласованию с соответствующими органами управления республики может устанавливать порядок отчислений от валютной выручки зарегистрированных на территории зоны предприятий без иностранных инвестиций или с долевым иностранным участием менее 30 процентов, направляемых на формирование гарантийного валютного фонда СЭЗ и фонда социальной защиты населения.
      43-бап.  Қажеттi қаржы ресурсын жұмылдыру мақсатында Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның әкiмшiлiк кеңесi бюджеттiк несие беру туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне тiлек бiлдiруге хұқылы.
      44-бап.  Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның әкiмшiлiк кеңесi республикасының тиiстi басқару органдарының келiсуi бойынша шетелдiк инвестициясыз немесе шетелдiктердiң үлестi қатысуымен аймақ территориясында тiркелген кәсiпорындардың валюталық түсiмiнен 30 процентке жуығын ЕЭА-тың кепiлдi валюта қоры мен халықты әлеуметтiк қорғау қорын қалыптастыруға бағытталатын аударым тәртiбiн белгiлей алады.
      45-бап.  Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі банкті тіркеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкті ашуға берген рұқсатының негізінде жүзеге асырады. <*>
      Ескерту. 45-бап жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1996.02.15
N 209 қаулысымен .
      46-бап.  Жәйрем-Атасу ЕЭА-дағы тұрақты ақша айналысын, несие-қаржы жүйесiнiң қызметiне кешендi де тиiмдi бақылау мен басқаруды қамтамасыз ету үшiн аймақтың территориясында Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттiк банкiнiң бөлiмшесi жұмыс iстейдi, ол өзiнiң қызметiнде тек қана Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттiк банкiне есеп бередi.
      Ескерту. 46-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 1996.02.15
N 209 қаулысымен .
      47-бап.  Қазақстан Республикасы Ұлтмембанкiнiң бөлiмшесi аймақтың территориясында белгiленген тәртiппен шетел банктерiнiң бөлiмшелерi мен филиалдарын және шетелдiктердiң қатысуы бар банктердi қосқанда банктер мен басқа да несиелiк-мекемелердiң тiркелуiн жүзеге асырады.
      48-бап.  Коммерциялық банктер мен шетелдiктердiң қатысуы бар банктердiң қызметiн "Қазақ КСР-iнде банктер мен банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасының Ұлтмембанкiнiң бөлiмшесi лицензиялайды.
      49-бап.  ЕЭА-ның iшкi нарығындағы айналымда Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы жүредi.
      Шетел валютасы мен шетел валютасындағы төлем құжаттарын пайдалануға Қазақстан Республикасының Ұлтмембанкi белгiленген тәртiппен аймақ әкiмшiлiгiнiң кеңесiмен келiсiм бойынша жол берiледi.
      50-бап.  Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның шетел мемлекеттерiмен есеп айырысуы тараптардың келiсуi бойынша кез келген валютамен жүргiзiледi.
      51-бап.  Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның территориясында шетел валютасының қолма-қол қолданылмай айналыста болуына жол берiледi. Қолма-қол қолданыс нысанында болмайтын шетел валютасын алу және онымен есеп айырысуды жүзеге асыру хұқы аймақтың территориясында тiркелген, iс-қимыл жасайтын және тұратын барлық заңды ұйымдар мен азаматтарға қолданылады.
      52-бап.  Жәйрем-Атасу ЕЭА-да iс-қимыл жасайтын шетелдiк инвесторлардың қолданып жүрген заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының барлық территориясында тиiстi қаржыны жұмсауға хұқы бар республикалық және шетелдiк валютамен банктерде шоттары бола алады.
      Аймақта iс-қимыл жасайтын инвесторлар өз шоттарындағы республика валютасындағы сомаларын шет елге аудару үшiн, аймақта бекiтiлген сату, сатып алу нысандары шеңберiнде қалыптасқан бағамдары бойынша (биржалық сауда, аукцион және басқа да нысандары) шетел валютасын сатып ала алды.
      53-бап.  Әкiмшiлiк кеңесiнiң Қазақстан Республикасы Ұлтмембанкiнiң келiсуi бойынша меншiк нысандарына қарамастан, кәсiпорындарға, бiрлестiктер мен ұйымдарға, шетелдiктердiң қатысуы бар кәсiпорындарға, азаматтарға ЕЭА территориясында арнайы сауда мен қызмет көрсетудi жүзеге асыруына рұқсат беруге хұқы бар.
      54-бап.  Аймақ территориясында тауарлар мен қызмет көрсетудiң барлық түрлерiне еркiн баға түзу режимi жүредi.    

               6-бөлiм. Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның кеден
             режимiнiң және Қазақстан Республикасының
                 басқа аймақтарымен және шетел
               мемлекеттерiмен тауар айырбасының
                        негiздерi

      55-бап.  Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның территориясында айрықша кеден режимi қолданылады.
      ЕЭА-ның территориясында кедендiк бақылауды жүзеге асыру үшiн аймақтың әкiмшiлiк кеңесiне бағынатын арнаулы кеден басқармасы құрылады.
      ЕЭА-ның кеден басқармасының қызметi "Қазақ КСР-iндегi экономикалық аймақтар туралы" Заңмен, Қазақстан Республикасының оған қайшы келмейтiн заңдарымен реттеледi және ЕЭА-ның бюджетi арқылы қаржыландырылады.
      56-бап.  ЕЭА-ның территориясында, сондай-ақ одан тыс жерлерде орналасқан отандық және шетелдiк шаруашылық субъектiлер арасында тауарлар мен қызмет алмасу Қазақстан Республикасының заңдарында жол берiлген кез келген товар алмасу операциялары нысанында жүзеге асырылады.
      Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның әкiмшiлiк кеңесi аймақтан қосымша өңдеусiз әкетiлген шикiзат тауарларының тiзбесi мен квотасын айқындап беруге хұқылы.
      57-бап.  Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның территориясына тауарлар мен қызмет түрлерiн әкелуге тауарлар мен қызмет түрлерi территория мен халықтың хауiпсiздiгiне қатер төндiретiн, экология және техникалық стандарттарға сай келмейтiн, халықтың денсаулығына, азаматтардың адамгершiлiгiне, мәдениет пен табиғат ескерткiштерiнiң сақталуына қатер төндiретiн жағдайлардан басқа уақытта шек қойылмайды.
      58-бап.  Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның территориясында өндiрiлген тауарларды экспортқа шығарғанда, Қазақстан Республикасының үкiметаралық келiсiмдерiмен әкетiлуi шектелген тауарлардан басқалары, квоталау мен лицензиялаудан босатылады.
      Тауар Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тиiстi Ереженiң талаптарын қанағаттандырса, аймақта өндiрiлген болып саналады.
      59-бап.  Аймақта пайдалануға арналған тауарлар мен қызмет түрлерiнiң импорты, Қазақстан Республикасының арнаулы ережелерi мен үкiметаралық келiсiмдерi бойынша импорты жүзеге асырылатын тауарлардан (қызмет түрлерiнен) басқалары, квота мен лицензиядан босатылады.
      Импортқа әкелiнген тауарларды Қазақстан Республикасының өзге аймақтарының және басқа мемлекеттердiң территорияларына кейiннен қайталап экспортқа шығару жалпы негiзде жүзеге асырылады.
      Аймақ территориясы бойынша темiржол, авиация және теңiз көлiгi арқылы жүзеге асырылатын өткiншi жүктер мен жолаушыларды тасымалдау, сондай-ақ байланыс қызметi мен электр қуатын тұтыну Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiткен тарифтер бойынша төленедi және оларға аймақтың әкiмшiлiк кеңесi белгiлеген салық және кедендiк баж салықтары салынбайды.
      Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның территориясы арқылы Қазақстан Республикасының өзге өңiрлерiне тауарларды экспортқа және импортқа шығару қандай да болсын кедендiк баж салықтарынсыз жүзеге асырылады.

      7-бөлiм. Жәйрем-Атасу ЕЭА-дағы еңбек қатынастары

      60-бап.  Еркiн экономикалық аймақта Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарының ЕЭА туралы заңға қайшы келмейтiн ережелерi қолданылады.
      61-бап.  Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның территориясында тiркелген және өзiнiң қызметiн аймақтың әкiмшiлiк кеңесi белгiлеген басымдық тәртiбiмен жүзеге асыратын заңды ұйымдар мен басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлер аймақтың кәсiпорындарында жұмыс iстеу үшiн жергiлiктi еңбек ресурстарын қатыстырады және оларды оқыту мен қайта мамандандыруға қатысады.
      Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту мен қайта мамандандыруға жұмсалатын пайданың бiр бөлiгi Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның әкiмшiлiк кеңесiнiң шешiмi бойынша салықтан босатылуы мүмкiн.
      62-бап.  ЕЭА-ның кәсiпорындарындағы жалдау және босату, еңбек ету мен демалу режимi, әлеуметтiк кепiлдiктер мен өтемдер мәселелерiн қосқанда, еңбек қатынастары ұжымдық шарттармен (келiсiмдермен) және жеке еңбек шарттарымен (контрактiлермен) реттеледi.
      Ұжымдық және жеке еңбек шарттарының жағдайлары Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның территориясында тiркелген және жұмыс iстеп жатқан кәсiпорындар мен ұйымдар қызметкерлерiнiң ахуалын Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген шарттармен салыстырғанда нашарлатып жiберуге тиiс емес.
      Еңбекақы төлеудiң шарттары мен мөлшерiн, сондай-ақ қызметкерлер табысының басқа да түрлерiн өз қызметiн шаруашылық есеп негiзiнде жүзеге асыратын кәсiпорындар мен ұйымдар өздерiнiң қаржысы есебiнен дербес белгiлейдi; бюджеттiк ұйымдар мен мекемелер - ЕЭА-ның бюджетi мен жергiлiктi бюджеттер қаржыларының есебiнен белгiлейдi.
      Кәсiпорындардың шетелдiк қызметкерлерiне еңбекақы төлеу, демалыстар беру, зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелерi жеке контрактiлермен анықталады. Бұл қызметкерлердiң шетел валютасымен алған табыстары ешқандай бөгеусiз аударыла бередi.
      63-бап.  Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның территориясында тiркелген және iс-қимыл жасайтын заңды ұйымдардың өздерi құрайтын валюта қорының есебiнен жұмысшылар мен мамандарға жалақыны шетел валютасымен төлеуге хұқы бар, бұл сома ЕЭА-ның банктерiндегi арнаулы шоттарға аударылады және аймақтың мамандандырылған дүкендерiнде пайдалану үшiн атаулы чектер, несиелiк кәртiшкелер және басқа да төлемдер қаражаты ретiнде төленедi, сондай-ақ шетелдерге сапарға шыққан кезiнде осы шоттардың иелерiнiң қолдарына берiледi.
      64-бап.  Жәйрем-Атасу ЕЭА-да белгiленген ең төменгi жалақы, жергiлiктi зейнетақылар, жәрдемақылар және әлеуметтiк қамсыздандырудың басқа да нысандары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленгендегiден төмен болмауы тиiс.
      Қосымша төлемдердiң мөлшерiн әкiмшiлiк кеңесi белгiлейдi және ол ЕЭА-ның бюджетi қаржыларының есебiнен жүзеге асырылады.
      65-бап.  Жәйрем-Атасу ЕЭА-да тұратын азаматтар үшiн жалақыға қосылатын аудандық коэффициенттер сақталады.
      Бұл жеңiлдiктердi қаржыландыру белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      66-бап.  Қысқартуға немесе кәсiпорынның таратылуына (қайтадан құрылуына) байланысты жұмыстан босатылған жағдайда ЕЭА-ның жұмысшылары мен қызметшiлерiне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен төмен емес мөлшерде жұмыссыздығы жөнiнде жәрдемақы төленедi.
      Жұмыссыздығы жөнiндегi жәрдемақы тағайындау шарттары мен төлеу тәртiбiн Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның әкiмшiлiк кеңесi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес анықтайды.

               8-бөлiм. Жәйрем-Атасу ЕЭА-ға келу және
                        кету тәртiбi

     67-бап.  ЕЭА-да шетел азаматтарының келуi, кетуi мен болуының оңайлатылған режимi қолданылады.
     68-бап.  ЕЭА-да тiркелген заңды ұйымдардың шетел азаматтарын шақыру және қызмет бабымен өз қызметкерлерiн шетелдерге iссапарына жiберу жөнiнде ешқандай шектеусiз дербес шешiмдер қабылдауға хұқы бар.
     ЕЭА-да тiркелген заңды ұйымдардың өкiлдерiнiң және оның
территориясында тұратын азаматтардың аймақтың территориясына еркiн кiруге хұқы болады.
     69-бап.  Хұқық қорғау органдарының Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның территориясындағы қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

               9-бөлiм. Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның мәртебесiн
                        өзгерту мен қызметiн тоқтату 

      70-бап.  Жәйрем-Атасу ЕЭА-ның мәртебесiн өзгертудi, сондай-ақ оны таратуды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi жүзеге асырады.